Новости


«Жаңа автор, жаңа кітап»

Бс, 16/03/2023 - 10:26 — Ольга А

Барлық пайдаланушылар үшін "Библио — фреш"бейнебаян ұсынылған. Жаңа кітаптар өз достарын күтеді. Кітап оқып, өзіңе жақсы көңіл күй сыйла!

Адамның досы – кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние мүлкі.
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Шаймолданова К. Ж



Кітапханада табиғат күні

Ср, 15/03/2023 - 15:25 — Ольга А

Наурыз мерекесі қарсаңында 15 наурызда кітапханада "Табиғат күні" өткізілді.

5-сынып оқушылары түймедақ, мариголд, "түнгі сұлу" тұқымдарын отырғызумен айналысты. Жер сумен қаныққанша уақытты бос өткізбей, "Арқан тартыс" және "Орамал тастау" ұлттық ойындарын ойнап, өздерінің әншілік дарындарын көрсетті.

Содан кейін олар бауырсақтан ауыз тиіп, кітапханаға кітап алуға және олар отырғызған тұқымдардың қалай өскенін бақылау үшін оралуға уәде берді.



Наурыз мейрамы апталығы: Көрісу күні

Сс, 14/03/2023 - 16:15 — Ольга А

Күн мен түннің теңеліп, Самарқанның көк тасы еритін мұсылман халқының жаңа жылы Наурыз мейрамы жақындап қалды. Халық Наурызды 14 наурыздан бастап 15 күн тойлаған.

Біздің кітапханада да Наурыз мейрамын тойлау бүгіннен басталды. Бізде бүгін Көрісу күні. 14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады.

Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия-интернатының 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара басында балалармен Көрісу салтын жасадық. Балаларға Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер айтылып, викториналық сұрақтар қойылды. Содан кейін барлық қатысушылар ата-бабалардың салтын еске түсіріп, 1 метрлік киіз үй құрды. Киіз үйдің сүйегін, жабдықтарын еске түсірді. Киіз үйді толық құрып, балалар жасаған істеріне риза болды. Үйдің ішіне кіріп, дәмді бауырсақ пен кәмпиттен ауыз тиді.



Оқу зиян емес» кітап көрмесі

Сс, 14/03/2023 - 09:23 — Ольга А

Біз оқырмандарымызға жаңа кітап көрмесін дайындадық, бірақ оның орнында кенеттен уақытша портал пайда болды! Сөреде заманауи кітаптардан басқа, біздің ата-анамыз, ата-әжелеріміз оқыған балаларға арналған кітаптар қойылды. Біз бұл порталдың қанша уақытқа созылатынын білмейміз, сондықтан да оны пайдаланып қалуға кеңес береміз! Кім біледі, кенеттен ол жерде болашақтың кітаптары пайда болып қалар?



«Жанданған күнтізбе»: Сергей Михалков

Дс, 13/03/2023 - 12:25 — admin

2023 жылдың 13 наурызында атақты орыс жазушысы Сергей Михалковтың туғанына 110 жыл толады (13.03.1913-08.27.2009). Сергей Михалковтың шығармашылығы бүкіл әлемге танымал. Ол көптеген отандық және шетелдік ордендер мен наградалармен марапатталған, бірақ басты сый – оның таланты мен адамдарға деген сүйіспеншілігінің арқасында лайық деп танылған жалпыхалықтық баға.



«Көлемді гүл»

Жм, 10/03/2023 - 10:38 — Ольга А

Әрқашан ең қымбат сыйлық , ол өз қолынмен жасалынған дүние. Біз кәмелетке толмаған  бейімдеу орталығының балаларымен шеберлік сабақ өткіздік, олар түрлі-түсті қағаздан көлемді гүл жасауды үйренді. Гүлдер әрдәйім  әдемі сыйлық және мерекенін сәні болып саналады.



Әдемі көңіл - күй!

Дс, 06/03/2023 - 13:24 — Ольга А

Әдемі көңіл - күй! - дәл осындай атпен аталған музыкалық мектеп оқушыларының концерті, жетекшілері Судакова Ольга Георгиевнамен өтті!

Жас таланттар, фортепианомен әуен салып, өздерінің тыңдармандарына, естең кетпес қуанышты сәттер сыйлады. Болашақта сәттілікпен жеңіс тілейміз!



Мерекелік ашықхат

Дс, 06/03/2023 - 13:07 — Ольга А

Көктемнің алғашқы шуақты күндерімен халықаралық әйелдер мекерекесі 8- наурыз келеді, бұл күні барлық әйел қауымын құттықтау қалыптасқан, құттықтаумен қоса әр-түрлі сыйлық беріледі. Бүгін біз №14 орта мектеп оқушыларымен ашық хат жасадық. Бұндай сыйлық берілген адамға ұзаққа дейін керемет көңіл-күй сыйлайтыны хақ!



Көктем гүл шуағы

Бс, 02/03/2023 - 16:56 — Ольга А

Бүгін, келе жатқан мерекеге байланысты, №4 білім студиясының қатысушыларына «Көктем гүл шуағы» атты шеберлік сабақ өткізілді. Өз қолдарымен жасалынған ашық хатты, жақын адамына мейірімін білдіріп, сыйлайды.



Кітапханадағы Шәкәрім оқулары

Бс, 02/03/2023 - 14:42 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай 27 ақпан күні «Шәкәрім оқулары» республикалық Шәкәрім мұрасын жатқа айтушылардың байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналды. Барлығы 25 қатысушы.

Қазылар алқасының шешімімен Жангелді ауданының  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Қосылбек Айша жеңімпаз атанды, (мұғалімі – Сейдахметова Айнұр Жұмабекқызы). 6 наурызда Қосылбек Айша «Шәкәрім оқулары» мәнерлеп оқу байқауының республикалық іріктеу кезеңіне қатысады.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 619 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана