Василий Иванович Суриков (1848-1916) - орыс суретшісі, ауқымды тарихи суреттердің шебері, академик, Императорлық Өнер академиясының мүшесі.
2023 жылдың 24 қаңтарында оның туғанына 175 жыл толады.
Василий Иванович Суриков (1848-1916) - орыс суретшісі, ауқымды тарихи суреттердің шебері, академик, Императорлық Өнер академиясының мүшесі.
2023 жылдың 24 қаңтарында оның туғанына 175 жыл толады.
20 қаңтарда құрылыс колледжінің студенттеріне арналған "Брейн-ринг" өтті. Балалар командаларға бөлініп, Қостанай қаласының тарихы мен адамдары бойынша сұрақтарға жауап берді: Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері берілген көшелерді атады, Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны мен сәулеттік ескерткіш орындарын еске алды.
Ойын қызықты болып өтті, барлығы туған өлке тарихының білгірі болғысы келді.

Әр күнтізбелік жылдың өз қамқоршысы бар. 2023 жыл - Қоян жылы. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балаларына арналған шеберлік сабағы өткізілді, оның барысында балалар қайшыны, желімді және түрлі-түсті қағаздарды қолданып, жыл символының көлемді аппликациясын жасады.

Константин Сергеевич Станиславский (1863-1938) ұлы театр реформаторы, актер, режиссер, теоретик және педагог ретінде тарихқа енді. Ол 100 жыл бойы бүкіл әлемде үлкен танымалдылыққа ие болған әйгілі актерлік жүйені, актерлік заңдар туралы ілімді жасаушы.
12.01.23 ж. кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының оқушылары үшін Жаңа жылға арналған ойын-сауық бағдарламасы дайындалды. Балалар 2023 жылдың символы — қояндардың өмірі мен мінез-құлқының ерекшеліктерімен танысты. Ойындарға қатысу балаларға жаңа жылдық атмосфераны және жақсы көңіл-күйді сезінуге көмектесті.

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім.- Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.
Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.
Құрастырған Зоя Кенжигарина
Суретші Оксана Франко-Косинская
2022ж.
Жаңа 2023 жыл келді, ал мерекелер жалғасуда! Бүгін біздің кішкентай оқырмандарымыз үшін мерекелік көңіл-күй қалыптастыру мақсатында «Жаңа жыл құтты болсын!» атты театрландырылған іс-шара өткізілді. Оның барысында балалар жұмбақтарды шешу, ән айту және би билеу арқылы сиқырланған Ақшақарды сиқырдан босатуға көмектесті. Балалардың күш-жігерлері үшін Жалмауыз кемпір барлығына жаңа жылдық кәмпиттер сыйлады.

Үлкен құлақты жануардың күлкілі тұмсығы балалардың да, ересектердің де назарын аударады. Қара су қояны - 2023 жылдың символы. Барлық желі қолданушыларын Жаңа жылмен құттықтап, «Қоян мен К» бейнебаянының тұсаукесерін ұсынамыз.
2023 жылдың 1 қаңтар күні Қазақстан Республикасының балалар жазушысы, аудармашы Ермек Өтетілеуұлының туғанына 85 жыл. Болашақ жазушы кішкентай кезінен бастап сурет салуға әуес болып, мектеп кештерін безендіруге атсалысып, сыныптың қабырға газеттерін жасаған. Республикалық «Балдырған» журналында редакцияда қызмет еткен. Бүлдіршіндерге арнап жазған проза, поэзия кітаптары жарық көрген.