Новости


Мәңгі есімдер: Айша Ғарифқызы Ғалымбаева

Сс, 27/12/2022 - 08:52 — Ольга А

Қазақстан халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші. Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (1917-2008) қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық тақырыпты жырлайтын дарынды кескіндемеші, киносуретші, әрі қазақтың ұлттық киімдерінің үлгісін жасаған бірегей тұлға.



«Сәлеметсіз бе Зимушка-Зима»

Жм, 23/12/2022 - 16:27 — Ольга А

«Сәлеметсіз бе Зимушка-Зима» осы атаумен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арналған іс-шара өтті. Балалар қысқы жұмбақтарды қуана шешіп, қар адамдарын мүсіндеп, пингвиндер сияқты жүруді үйренді. Біздің іс-шара шеберлік сыныбымен аяқталды.



Әдеби бағдарлама: Лиза Уингейт "Пока мы были не с вами"

Бс, 22/12/2022 - 14:02 — Ольга А

Бірақ бұл кітапты оқуды бастаған кезде, сіз барлық кітапты қалай оқып тастағаныңызды байқамай қаласыз. Бұл оқиға алдаудың кесірінен алдымен ата-анасынан, содан кейін бір-бірінен алшақтап кеткен балалар туралы. Ортақ қиындықтар мен қайғы оларды өмір бойы бір-бірімен байланыстырып қойды. Жылдар өте келе балалар өсті. Отбасылық байланысты жоғалтпас үшін олар өздері үшін апалы-сіңлілер күнін ойлап тапты. Балалар ең құнды байлық екенін түсіну үшін осы кітапты оқу керек. Ал ересектерден өздеріне бала сенім арта алатын адам болу керектігі ғана талап етіледі. Оқыңыз! Және бақытты болыңыз!



"Таза бұлақ" жинағының тұсаукесері

Бс, 22/12/2022 - 11:03 — Ольга А

22 желтоқсанда Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханада 2021 жылы өткен Ыбырай Алтынсарин атындағы I республикалық байқаудың финалистер жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинақ байқаудың маңызды нәтижесі болып табылады және оны басқа әдеби байқаулардан ерекшелендіреді. "Таза бұлақ" жинағына А. И. Суслов, Қ. Қайым, Ә. Байбол, Д. Жантемірова және т. б авторлардың шығармалары енген.

Тұсаукесерде балалар қазылар алқасының шешімі бойынша байқау жеңімпазы Александра Ильинична Суслова сөз сөйледі. Іс – шарада облыс және республика кітапханашыларына байқау финалистерінің шығармашылығын таныстыратын "Жаңа кітап - жаңа әлем" атты кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ, жинақтың иллюстраторлары марапатталды,олар: А. И. Никифорова атындағы өнер мектебінің оқушылары, және облыстың балалар кітапханаларының оқырмандары.



Назар аударыңыздар!

Бс, 22/12/2022 - 08:46 — Ольга А

Өнер бөлімі жаңа «МультLoft» жобасын іске қосып жатыр.

Мультфильмдер – бұл, әр баланың соның ішінде болуды армандайтын қызықты әлем. Бұл әлемге өзің мультфильмді жасау арқылы енуге болады. Барлық қатысқысы келетін балаларды қызықты мультипликация әлеміне шақырамыз!

Әр бейсенбі сағ: 11:00 және 15:00

Мекен-жайымыз: Қасымқанов көшесі 74.

тел: 54-11-61



Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Бс, 15/12/2022 - 16:53 — Ольга А

Қостанай қаласының №2 арнайы кешенінің 7-8 сынып оқушылары «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты интеллектуалды брейн-ринг ойынына қатысты.

Балалар ойынның барлық кезеңдерінен оңай өтіп, республикамыздың тарихы мен мәдениетін білуі бойынша жақсы нәтиже көрсетті. Нәтижесінде достық жеңді.

#балаларжылы



Балалар өлеңдерінің тамшылары

Бс, 15/12/2022 - 14:51 — Ольга А

Балалар өлеңдерінің тамшылары: әдеби күнтізбе / Ақпараттық-библиографиялық бөлім. - Қостанай: Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК, 2022. - 26 б.

Әдеби күнтізбеде қазіргі таңда кішкентай балалар үшін қалам тербеп жүрген жас талантты қаламгерлердің өлеңдері ұсынылған. Осындай жас заманауи дарынды қаламгерлерді оқырмандар біліп, танып, оқып, жаттап жүрсін деген мақсатта құрастырылған. Күнтізбе бастауыш сынып оқушылары мен жалпы кіші жастағы оқырмандарға арналған.

Құрастырған Зоя Кенжигарина

Суретші Оксана Франко-Косинская

2022 ж.



«Менің Тәуелсіз Қазақстаным»

Бс, 15/12/2022 - 14:16 — Ольга А

15 желтоқсанда №24 а мектебінің 4 сынып оқушыларымен  «Брейн-ринг» интеллектуалдық сайысы өтті.

Оқушылар ойын тақырыбына сенімді және тарихқа үніліп нақты жауап бере отырып, өз білімдерін көрсете алды. #балаларжылы



Третьяков галереясында серуендеу

Бс, 15/12/2022 - 08:40 — Ольга А

Биыл орыс кәсіпкері, меценат, орыс бейнелеу өнері туындыларының коллекционері, Третьяков галереясының негізін қалаушы Павел Михайлович Третьяковтың (1832-1898) туғанына 190 жыл толады.



Менің Тәуелсіз Қазақстаным

Дс, 12/12/2022 - 13:43 — Ольга А

Мектеп жасына дейінгі және бастауыш сынып оқушылар бөлімінде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша Қазақстанның тарихы, дәстүрлері мен әдебиетін білуде №1 МЛ 4 «Д» сынып оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. Достық жеңді. #балаларжылы


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 135%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 466 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана