Шеберлік сағатында балалар картон мен түрлі-түсті қағаздан «Ара» атты ашық, жарқын бұйым жасады. Біздің кішкентай шеберлеріміздің қолынан шыққан мына бір сүйкімді, жолақты әрі ерекше араларға қараңыздаршы!

Шеберлік сағатында балалар картон мен түрлі-түсті қағаздан «Ара» атты ашық, жарқын бұйым жасады. Біздің кішкентай шеберлеріміздің қолынан шыққан мына бір сүйкімді, жолақты әрі ерекше араларға қараңыздаршы!

Ғафу Қайырбеков атындағы №9 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін "Ертегілер еліне саяхат" танымдық - ойын сауық бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында кішкентай оқырмандар ертегілер еліне саяхат жасап, ертегілер кейіпкерлерін естеріне түсірді. "Ертегілер әлемі" атты өлеңді караокемен айтты.

№ 22 жалпы білім беретін мектептің жазғы мектеп алды лагері балалары үшін жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін бекітуге бағытталған «Көңілді жол қиылысы» атты ойын-байқау бағдарламасы өткізілді. Іс-шараның басында балалар негізгі жол белгілерімен танысты: «Жаяу жүргіншілер өткелі», «Жерүсті өткелі», «Жол қиылысы», «Абайлаңыз, балалар!», «Велосипедшілерге жүруге тыйым салынады» және «Жол жөндеу жұмыстары». Әңгімелесу барысында қатысушылар бұл белгілердің маңызы мен жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы білді. Бағдарлама түрлі ойын тапсырмалары мен байқаулардан тұрды. Балалар ертегі кейіпкерлерін және олардың ерекше көлік түрлерін қызығушылықпен еске түсіріп, қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті. Іс-шара соңында балалар «Жол қозғалысы ережелері» атты мультфильмді тамашалады. Бұл мультфильм оларға алған білімдерін қызықты әрі тартымды түрде тағы бір рет бекітуге мүмкіндік берді.


Белгілі ақын, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Кеңшілік Мырзабековтың туғанына 80 жыл толуына орай, кітапханамыздың ең кішкентай әрі белсенді оқырмандары ерекше шығармашылық сыйлық дайындады.
«Кеңшілік поэзиясы – ұлт рухының үні» атты бейне-челлендж аясында кішкентай кітапсүйерлеріміз ақынның отты да жалынды жырларын үлкен тебіреніспен, нақышына келтіре оқып берді.
Бүгін Sabi Start оқу орталығының тәрбиеленушілері үшін "Балық" атты шеберлік сабағы өтті. Балалар балықтардың қандай түрлері болатынын, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін және тағы басқа қызықты мәліметтерді еске түсірді. Ал кейін түрлі-түсті қағаз, желім мен қайшыны қолданып, осындай әдемі жұмыстар жасады.

Бүгін, 5 маусымда кітапханамыздың қабырғасында екі маңызды тақырыпты — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен қоршаған ортаға деген қамқорлықты біріктірген қызықты іс-шара өтті.
Білім мен эко-ептілік сайысында 7-сынып оқушылары бақ сынасты. Командаларға бөлінген балалар ойынға бел шеше кірісті. Мектеп оқушылары еліміздің мемлекеттік нышандарының мағынасы туралы сұрақтарға мүлтіксіз жауап берді. Сондай-ақ, командалар туған өлкенің табиғатын сақтау мен экологиясын қорғауға арналған логикалық ойындарға қатысты.
Балалар ерекше белсенділік, командалық рух және шынайы қызығушылық танытты. Әрбір қатысушы өз Отаныңды сүю — оның табиғатын аялау және тарихын құрметтеу екенін дәлелдеді!

№16 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін табиғатқа деген ізгілік сабағы «Ғажайып табиғатты қорғайық» деген тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы мәлімет алып, Қызыл кітаптың құрылу тарихымен танысты. Балалар экологиялық ойындар мен викториналарға белсенді қатысып, жұмбақтар шешіп, суреттеу бойынша жануарларды тауып, оларды көрсетті. Кездесу соңында қатысушылар алған білімдерін бекітіп, табиғатты қорғау керек ережелерін талқылады және жер шарымыздың сұлулығы мен байлығын сақтау әрбір адамға байланысты деген қорытындыға келді.
