
Новости
Табиғатқа дос бол
Жм, 05/06/2026 - 12:04 — Ольга А
Туған Жердің сұлулығы
Жм, 05/06/2026 - 11:47 — Ольга АБиыл, маусым айында, кеңестік және қазақстандық суретші, кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбуов Тұрсын Әбуұлының туғанына 90 жыл.
«Не оқуға болады?» проект: Оскар Уайльд "Портрет Дориана Грея"
Жм, 05/06/2026 - 11:39 — Ольга АЫбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК «Алау» ТРК-мен бірлесіп «Не оқуға болады?» атты жобаны дайындады.
Барлық заманға ортақ есімдер
Бс, 04/06/2026 - 16:23 — Ольга ААльбрехт Дюрер (1471–1528) – ұлы неміс суретшісі, Еуропалық Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуірінің ең үздік шебері және графика өнерінің, соның ішінде ксилографияның (ағашқа түсірілген гравюра) ең ірі теоретигі.
Біл, құрметте және мақтан!
Бс, 04/06/2026 - 12:48 — Ольга А4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні және әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мереке күні кітапхана оқырмандарына «Біл, құрметте және мақтан!» деген атаумен естелік парақшалары таратылды. Біз қай жерде болсақ та – Олимпиада ойындарының трибунасында, ірі халықаралық көрмелерде немесе үйде, жақындардың ортасында – мемлекеттік рәміздер бізді біріктіріп, жүрегімізде мақтаныш сезімін оятады.

Ескі журналдардан панно жасау
Бс, 04/06/2026 - 12:37 — Ольга А
Мықты бол, денсаулығыңды сақта!
Бс, 04/06/2026 - 12:25 — Ольга А3 сынып оқушыларына арналған «Мықты бол, денсаулығыңды сақта!» атты денсаулық марафоны өткізілді. Марафон барысында балалар денсаулық сақтау негіздерімен танысып, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділіктің маңызы және пайдалы әдеттерді қалыптастыру туралы білімдерін кеңейтті. Балалар танымдық видеоны тамашалап, денсаулықтың адамның ең бағалы байлығы екенін келісті. Іс-шара оқушылар арасында достық пен команда рухының дамуына оң әсерін тигізді.

Туған жерім менің - Қазақстаным
Бс, 04/06/2026 - 12:12 — Ольга АҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты №16 жалпы білім беретін мектептің 3 және 4-сынып оқушылары «Қазақстан рәміздеріне құрмет» атты ойын-викторинаға қатысты. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Мемлекеттік Туы және Мемлекеттік Елтаңбасы туралы мәлімет алды. Қатысушылар Әнұранды орындап, бейнероликтер көрді, викторина сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешіп, түрлі ойын тапсырмаларын орындады. Іс-шара аясында "Туған жерім менің-Қазақстан" атты көркем оқу байқауы өтті-балалар Отан туралы өлең оқыды . Оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін көрсетті және Қазақстан жайлы жаңа әрі қызықты мәліметтер білді.

Ертегілер мен ғажайыптар әлемінде
Ср, 03/06/2026 - 15:30 — Ольга А№13 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларына арналған «Ертегілер мен ғажайыптар әлемінде» атты танымдық әрі қызықты іс-шара өтті. Балалар Ғалым Мысықпен бірге ертегілер кітабының беттері арқылы сиқырлы саяхатқа шықты. Іс-шара барысында жас оқырмандар түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады: шатастырылған ертегілерді тапты, сиқырлы сөздер арқылы шығармаларды таныды, пантомима арқылы сүйікті кейіпкерлерін бейнеледі, сондай-ақ кейіпкерлерді олардың мекенжайлары мен жолдаған жеделхаттары бойынша анықтады. Ертегілер әлеміне жасалған бұл саяхат балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Кездесу соңында қатысушылар мультфильм тамашалап, кітаптардың қиял мен ғажайыпқа толы таңғажайып әлемге жол ашатынына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Қағаздан жасалған аққулар
Ср, 03/06/2026 - 14:05 — Ольга АБүгін №13 мектебінің 1-4 сынып оқушылары шеберлік сыныбымызға келді. Балалар жоғалып бара жатқан оригами корапшасын қолдана отырып, қағаздан аққу жасады. Балаларға өз қолдарымен жасаған сұлулықтары ұнады.










