
Новости
10-шы аймақ ОҚИДЫ!
Ср, 04/03/2026 - 17:17 — Ольга А10-шы аймақ ОҚИДЫ!
Ср, 04/03/2026 - 15:10 — Ольга А«Ыбырай Алтынсаринді оқимыз»
Бүгін кітапханада жыл сайын наурыз айының алғашқы сәрсенбісінде аталып өтетін Халықаралық дауыстап оқу күніне орай «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты іс-шара өтті. Мерекенің басты мақсаты — оқудың маңызын арттырып, оны әлемді танудың тиімді жолдарының бірі ретінде насихаттау. Биылғы акция көрнекті педагог-ағартушы, қоғам қайраткері, жазушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі — Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына, сондай-ақ оның туғанына 185 жыл толуына арналды. Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ағартушының өлеңдері мен әңгімелерін дауыстап оқыды.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу балалардың маңызды адамгершілік қасиеттерін дамытуға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және өз мәдениеті мен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелейді.

Шәкәрім оқулары
Ср, 04/03/2026 - 14:53 — Ольга АҚазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, ұлы ақын әрі ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен өмір жолын жасөспірімдер мен балалар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі кітапхана қабырғасында өтті.
Байқауға барлығы 17 үміткер қатысып, Шәкәрім Құдайбердіұлының ғибратқа толы 20 өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар қатысушылар қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.
Байқау соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, үздіктердің есімдерін жариялады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы:
-
І орын – Жангелді ауданы, Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Жақсылық Бақтылы Асхатқызы
-
ІІ орын – Арқалық қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Төлеуова Гүлбазар Жұмабекқызы
-
ІІІ орын – Амангелді ауданы, Жасбуын орта мектебінің 5-сынып оқушысы Аязбай Маржан Саятқызы
Барлық қатысушылардың жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай тағылымды байқаулар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.

Шалғымбаева Шынар Тулегеновна
Ср, 04/03/2026 - 10:25 — Ольга АҚостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" КММ Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі
10-шы өңір оқуды таңдайды! (3)
Ср, 04/03/2026 - 10:17 — Ольга А4 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне орай ұйымдастырылған, ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты облыстық бірыңғай оқу күні өтті.
10-шы өңір оқуды таңдайды! (2)
Ср, 04/03/2026 - 10:11 — Ольга А4 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне орай ұйымдастырылған, ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты облыстық бірыңғай оқу күні өтті.
10-шы өңір оқуды таңдайды!
Ср, 04/03/2026 - 10:03 — Ольга А4 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне орай ұйымдастырылған, ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты облыстық бірыңғай оқу күні өтті.
«Водополия» эко-ойыны
Сс, 03/03/2026 - 17:15 — Ольга А«Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінің» студенттері үшін экологияға арналған «Водополия» ойыны өткізілді. Ойын барысында студенттер су ресурстарын үнемдеуді үйреніп, кейбір аймақтарда «құрғап кету» немесе «артық су жиналу» болмауы үшін бір-бірімен су қорын бөлісуді тәжірибе жүзінде көрсетті.
Әр студент өз еліне атау таңдап, сол елдің табиғи байлықтарын басқарды. Халқының өмірі қабылданған шешімдерге тікелей байланысты болды. Қатысушылар қиялдан туған елдерді де, нақты өмірде бар мемлекеттерді де таңдады.
Іс-шараға спикер ретінде Быковец Елена Сергеевна, Айдын Бейбіт Серікбаевич қатысты, оператор — Войткевич Екатерина Сергеевна.

«Әйел есімі қандай ғажайып сырларға толы…»
Сс, 03/03/2026 - 16:46 — Ольга АКөктемнің ең нәзік әрі шуақты мерекесі — 8 Наурыз қарсаңында Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін «Әйел есімі қандай ғажайып сырларға толы…» атты әйел есімдері мен олардың мағынасына арналған кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында балалар әйел есімдерінің мағынасы мен шығу тегін біліп, олардың адам тағдыры мен мінезіне ықпалы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Қатысушылар викториналар мен жұмбақтарға белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.
Бұл күн әйел есімдеріне деген құрметке, олардың бойындағы сұлулықты, тарих пен ерекше күшті тануға арналған шынайы мерекеге айналды.

Экскурсия
Сс, 03/03/2026 - 14:19 — Ольга АҚостанай медициналық колледжінің 1-курс студенттеріне кітапхана бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді. Кездесу барысында қатысушылар кітап қоры, бөлімдердің құрылымы және кітапхананың оқу үдерісіндегі мүмкіндіктерімен танысты. Электронды каталогты пайдалану жолдарына, жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға және кітапхана жұмысын таныстыратын медиаплатформаларға ерекше назар аударылды.










