Новости


«Мен оқыған бір кітап»

Дс, 11/04/2022 - 16:39 — Ольга А

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаттың балаларының қатысуымен «Біз кітапханаға келдік» экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар кітапхананы пайдалану ережелерімен, балаларға арналған газет-журналдар және қызықты әрі заманауи басылымдармен, кітап-ойыншықтармен, түрлі-түсті энциклопедиялармен танысты. «Отбасы бақыт - аясы» бұрышында балалар кітаптарды тамашалап, зор қызығушылықпен журналдарды қарап, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті. Кездесу «Мен оқыған бір кітап» атты іс-шарамен аяқталды. Іс- шара барысында оқушылар кітаптың бізге қандай пайдасын тигізетіні туралы көп ақпарат алды.

Экскурсия соңында балалар кітапханаға жиі келетіндерін айтып, кітапхана ұжымына жақсы тілектерін білдірді.



Жұлдызды аспан құпиялары

Дс, 11/04/2022 - 11:34 — Ольга А

Ғарышкерлер күніне арналған мереке қарсаңында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен «Жұлдызды аспан құпиялары» ғарыштық викторинасы өткізілді. Викторина барысында балаларға өздерін ғарышкерлер рөлінде сынап көруге және «Ғарышкерлер мектебіне» жазылуға шақырылды. Балалар екі командаға бөлініп, капитандар таңдалды. «Жер-Венера-Марс-Жер» рейсімен ойын ұшуында балалар тапсырмаларды орындап, ғарыш туралы сұрақтарға жауап берді, осылайша білімдерін толықтырды. Ойыннан кейін ғарыш туралы кітаптарға шағын шолу жасалды. Балаларды бірінші ғарышкер Юрий Гагариннің өмірбаяны қызықтырды. Балалармен бірге біз, талпыныс жасап, шыдамдылық танытып, жақсы оқып, арманыңа әр қадам сайын жақындай берсең, кез келген арман орындалады деген қорытындыға келдік.



Дәйексөздер

Дс, 11/04/2022 - 08:42 — Ольга А

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер



Көркем сөз шебері

Ср, 06/04/2022 - 14:34 — Ольга А

Кітапханада Ғ. М. Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Көркем сөз шебері» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 13 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Қазақ әдебиетінде Ғ. Мүсіреповтің алар орны ерекше, оның қалдырған мол әдеби мұрасы ұлттық әдебиет үшін мақтаныш. Даналық пен ой еркіндігі «Ана туралы» балладасында ерекше көрініс табады. Ғ. Мүсірепов әйел-ана бейнесінің соңғы нүктесін «Ұлпан» романында (1972) айқын көрсетеді. Ғ. Мүсірепов бір кездері: «Он мыңдаған жыл бұрын сөнген жұлдыздар бар, бірақ олар әлі күнге жарқырап тұр», - деп айтқан болатын. Қазақ классикасының дүлдүлі Ғ. Мүсіреповтің осы сөзі оның өз шығармашылығына арналғандай.



Табиғат-бұл біз тұратын үйіміз

Сс, 05/04/2022 - 11:12 — Ольга А

Жанұя отбасы үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Табиғат – бұл біз тұратын үйіміз» атты экологиялық сағат өткізілді. Шара басында жиналғандардың барлығы бейнероликті тамашалап, Қазақстанның сұлулығына тәнті болды. Сабақ барысында балалар орманда өздерін қалай ұстау керектігі туралы сұрақтарға жауап беріп, құстарды сау азықпен қоректендіріп, соңында Жер шарымыз әрқашан жасыл, таза болуын тіледі.



Мәңгі есімдер: Жанатай Шәрденов

Сс, 05/04/2022 - 10:53 — Ольга А

Қазақ бейнелеу өнерінде өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленген суретшілер аз емес. Суретшілік өте маңызды мамандардың бірі. Ежелгі тас ғасырында суретшілер сол замаңды бейнелеп қалдырып кеткен, яғни тарихқа тікелей себепші болған. Суретшілер жаңа нәрсе немесе ескі рейнкарнат жасауға қабілетті дарынды адамдар. Суретші бейнелеу өнерінің шедеврлерінің продюсері ретінде құрметті. Біз қайсыбір суретшіні еске алсақ та, оны өзіне тән айқын мәнерімен айшықтауға тырысамыз. Қазақстанның еңбек сіңірген Жанатай Шәрденовтың шығармалары құпияға толы сезіммен баурап алатын қасиеті баршылық. Суретші өзінің бүкіл өмірін, шығармашылығын пейзаж, яғни табиғатқа, әсіресе әсем қала Алматының көрікті тауларына арнады. Ол табиғатты сезініп, ерекше сипаттағы көріністерін шынайы көрсете білді.



Пошташы бізге не әкелді? (бейне ақпарат) Айгөлек

Дс, 04/04/2022 - 11:28 — Ольга А

Кіші жастағы оқырмандарға біздің кітапханамыз мерзімдік балаларға арналған басылымдардан ай сайын бейне ақпарат жолдайды. Бүгінгі ұсынылып отырған басылым «Айгөлек» балалар журналы. Журналдан қызықтырған ақпарат көздері болса бізге келіп, сол басылымдарды сұраңыздар.



Дәйексөздер

Дс, 04/04/2022 - 08:42 — Ольга А

#Балалар_әдебиеті

#Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді

#Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері

#Балаларға_арналған_әдебиеттер

#Балалар_шығармалары

#Балаларға_арналған

#Дәйексөздер

#Балалар_әңгімелерінен_үзінділер

#Үзінділер



Серікбай Оспанұлы

Жм, 01/04/2022 - 16:47 — Ольга А

1 сәуір – біздің белгілі ақынымыз, ыбырайтанушы әрі ахметтанушы профессор Серікбай Оспановтың туған күні. Құрметті жерлесімізді туған күнімен құттықтай отырып, осы бейнебаянымызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.



2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні

Жм, 01/04/2022 - 14:46 — Ольга А

Кітап әр адамның сауалына жауап беруде бар нұрын құятыны сөзсіз. Ол барлық мәселені шешіп, алға жылжуға мүмкіндік береді. 2 сәуір – балалар жазушысы, ақын әрі ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күні. Дәл осы күн Халықаралық балалар кітабы күні болып белгіленген. Осы мерекеге орай ересек мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде кітап экспозициясы безендірілді. Оған заманауи жасөспірімдерге арналған көркем әдебиет пен ғылыми-көпшілік кітаптары қойылды. Көрме түрлі-түсті безендірілуімен және қызықты кітаптарымен оқырмандардың зор қызығушылығын тудырды. Графикалық романдар мен «КомпасГид» және «Самокат» баспаларының кітаптары жоғары сұранысқа ие болуда.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 175%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 130 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана