Достар!
«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы және Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан біздің «Отбасылық жәдігерлер» телекоммуникациялық желілік жобамыз жалғасуда!
Жобаға қатысу шарттары өте қарапайым, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін белгілі бір отбасылық тарихы бар тақырып туралы айтып, өз әңгімесін бейнеролик, презентация немесе шығармашылық жұмыс (эссе, шығарма, әңгіме) форматында баяндап, мына электрондық мекенжайға жіберу керек: lfedas@orleu-edu.kz немесе omir@allib.kz
Біздің қатысушылардың жұмыстарының бір бөлігі «Сіздің өлкеңіздегі уақыт машинасы» қорының «Отбасылық жәдігерлер» бөлімінде жарияланған. Жұмыстармен мына жерден танысуға болады: https://padlet.com/albiblio/timemashine
Көптеген отбасыларда ежелгі жәдігерлер, заттар ұқыпты сақталған және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Жоба қатысушылары самауырын, ескі домбыра, ескі отбасылық фотосуреттері бар альбом, отбасылық әшекейлер, ескі ақша купюралары мен монеталар коллекциясы, иконалар, сағаттар, аталары мен арғы аталарының марапттары туралы айтып берді.
Және сіз де өз отбасыңыздың отбасылық жәдігері туралы баяндап, осы жоба қатысушысы атана аласыз!


Балаларды қорғау күні, бұл бүкіл әлемдегі ересектер мен балалардың мерекесі. 1 маусым күні мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары өз оқырмандары мен кітапханаға келушілер үшін мереке өткізді. Балалар «Қайда барамыз, нені білеміз» квест-ойынына қатысты. Велосипедпен қолына шар ұстаған Дымбілмес пайда болды, ол оқырмандарды «Шуақты қалаға» шақырды, бірақ жол оңай болған жоқ. Балаларды бекет түрінде кедергілер күтіп тұрды, оларды ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Бірінші «Подумалка» бекетінде балалар сұрақтарға жауап берді, «Внималкино» бекетінде олар өздерінің зейінділіктерін көрсетті, «Загадкино» бекетінде жұмбақтарды жақсы шешетіндерін көрсетті, ал «Решалкино» бекетінде математика бойынша білімдерін көрсетті, ал соңғы «Музыкалкино» бекетінде өздерінің музыкалық қабілеттерін көрсетті. Мереке соңында Дымбілмес пен оның достары қонақтарға тәтті тағамдар таратты.












