Әнші, актер, профессор - Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаевтың 105 жыл толуына орай, біздің кітапхана өнер саңлағының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ өнерінің хас таланты» атты әңгіме сағатын ұсынады.
Новости
Әжемнің ертегілері: Аюдың үңгір жөндегені туралы
Бс, 25/02/2021 - 09:24 — Ольга АБұл тамаша жануарлар туралы шыншыл ертегі біздерді яғни адамдарды көп нәрсеге үйрететін жаңашыл ертегі. Олай деуге себеп Аға аю «Адамның зымыран жасауға жеткен ақылы табиғатты аялауға жетпегені ме?» деп налынып қатты қамығып жылағандығы. Сондай-ақ өзі талпынып, еңбектеніп, қасқырдың жасағанын мен жасай алмаймын ба деп, тырысып өз отбасына керемет, жаңа, кең апан үй салып шығады. Бұндай іс неге үйретеді. Ия еңбектенсең, қаншама жақсылыққа қол жеткізуге болатынын және жай жата бермей жұмыс жасасаң денең де шынығып жазылып сергіп қалады. Бұл ертегінің басты тақырыбы: «Бейнет жасап, зейнетке жету неткен ғанибет!» екендігінде.
Есімдері ел есінде: Пьера-Огюст Ренуар
Бс, 25/02/2021 - 09:18 — Ольга А2021 жылы көрнекті француз импрессионисті Пьер- Огюст Ренуардың туғанына 180 жыл толады. Бұл шебердің көптеген жұмыстары әлемнің бірқатар ірі мұражайларында ұсынылған. Ренуардың назарында театрда, бақта, кафенің террасасында, жақындары мен достарының қоғамында жиі кездесетін, демалу сәттеріндегі заманауи адам болды. Егер сіз Ренуардың кейіпкерлерінде көрсеткен басты нәрсені бір сөзбен анықтауға тырыссаңыз, онда бұл "поэзия" сөзі болады. Ол табиғатқа да қарады. Сенаның жағалары, өсіп келе жатқан бақтың бұрыштары, шөптегі сүрлеу жолдар – бұл қайталанбас, қала маңындағы мотивтерді суретші күннің жарқырауын, шөптерді және аспанның көк түстерін физикалық түрде сезінуге болатындай шыншылдықпен және нәзіктікпен жеткізеді.
Ақынның сөзі Еркіндік: Мұса Жалил
Бс, 25/02/2021 - 09:06 — Ольга АПоэзия сағаты татар ақыны М.Жалилдің өмірбаяны және шығармашылығымен таныстырады.
Жерінің дана ұлы
Ср, 24/02/2021 - 11:25 — Ольга АЫбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай кішкентай оқырмандарға онлайн режимінде бейне-кеңес ұсынамыз. Шағын аудионы қолдана отырып, презентацияда жазушының жақсы іс-әрекетке, әділеттілікке және мейірімділікке үйрететін ең танымал шығармалары ұсынылады.
Суретші болғым келеді...
Ср, 24/02/2021 - 09:46 — Ольга АӘр адамның өмірінде ол мектепті бітіргеннен кейін өзінің болашағы туралы ойлануға мәжбүр болған сәт пайда болады. Мамандық таңдау - адамның жас кезіндегі басты өмірлік, тағдырлы таңдауының бірі, өйткені мамандық таңдағанда ол өмір салтын таңдайды және бұл бүкіл өмір жолының "мәні" болып табылады.
«Мен суретші болар едім, мені сурет салуға үйретсін», біздің мамандыққа бағдар сұқбатымыздың тақырыбы осындай болды.
Денсаулық эмоциясы
Сс, 23/02/2021 - 12:47 — Ольга ААдамның эмоциясы мен денсаулығының арасында тікелей байланыс бар. Адамның эмоционалды жағдайы оның денсаулығына тікелей әсер етеді. Эмоцияларға салынған энергия денені бұзуы немесе қалпына келтіруі мүмкін.
Кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығының балалары үшін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 22 ақпанда «Денсаулық эмоциясы» ақпараттық-минуты өткізілді.

Әжемнің ертегілері: Арыстанның үлесі
Сс, 23/02/2021 - 08:43 — Ольга АТәжірибелі түлкі арыстанның қарапайым қулығын біліп қалып, оның жемтігі болудан құтылып кетіпті.
Ойла: Сен білесің бе?
Сс, 23/02/2021 - 08:33 — Ольга А"Сен білесің бе?" - мектеп оқушыларын ата тарихымызбен, Ұлы Дала өркениетімен, ұлттық мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, өнерімізбен, салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызбен әрі тарихи ұлы тұлғаларымызбен таныстыра отырып, көптеген құпия жайттар мен тарихи оқиғалардың, табиғи құбылыстардың сырын түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақ.
Ы. Алтынсарин мұрасы - мәңгілік қазына
Дс, 22/02/2021 - 16:40 — Ольга АБиылғы мерейтойлық күндер қатарында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы ерекше орын алады. Біздің еліміздің, халқымыздың жетістіктерінде ұлы ұстаздың мәңгілік ізі бар. Ыбырай Алтынсарин тұлғасының педагог, этнограф, ақын, аудармашы сияқты сан қырлылығы – оның мұрасынан жаңа білім алуға, жаңа идеялар табуға, өз елінің және халқының тарихын, мәдениетін зерделеуге мүмкіндік береді. Оның есімі әрқашан ағартушылықтың, білімнің және өз халқына қызмет етудің символы болып қала береді.
Ақпан мен қазан аралығында педагог-ағартушының 180 жылдығына арналған Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының II-ші байқауы өткізіледі.
Байқаудың ұйымдастырушылары - Қостанай облысының мәдениет басқармасы, Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 8-10 сынып оқушыларын байқауға қатысуға шақырамыз.
Байқаудың басталуы - 25 ақпан! Қорытындысы - 6 қазан.
Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстар байқау-конференциясы Ы.Алтынсариннің идеялары, оның бүкіл өмірінің ісі өшпейтінін дәлелдейді!
Байқауды ұйымдастыру шарттары туралы толығырақ мына сайттардан оқи аласыз










