Новости


10-шы аймақ ОҚИДЫ!

Жм, 06/03/2026 - 15:53 — Ольга А

5 наурыз күні кітапханамыздың оқырмандары Айлана Серикова мен Мария Домнина кітапханашы Елена Владимировна Кравчукпен бірге «Тобыл тынысы» телебағдарламасының қонағы болды. Эфир барысында олар наурыз айының алғашқы сәрсенбісінде жыл сайын атап өтілетін Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне және көрнекті педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай өткен «10-шы аймақ ОҚИДЫ!» акциясының қалай өткенін әңгімеледі. Акция қатысушылары өткен іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, Ы. Алтынсариннің бірнеше шығармасын дауыстап оқып берді.



КӨКТЕМ ҚУАНЫШЫ

Жм, 06/03/2026 - 12:43 — Ольга А

Ең мейірімді әрі нәзік мереке – 8 наурыз қарсаңында кітапханамыздың жас оқырман қыздарына арналған «Көктем қуанышы» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Шара ару қыздардың сұлулығы, ақылдылығы, тапқырлығы мен таланттарына арналды. Қатысушылар Халықаралық әйелдер күнінің шығу тарихымен танысып, викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді. Барша қыздарымызды, аналарымыз бен әжелерімізді шын жүректен мерекемен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және күлкі сыйлар сәттер тілейміз.



Мәдени тоғысу

Бс, 05/03/2026 - 17:07 — Ольга А

5 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Минск қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен «Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» атты онлайн-кездесу өтті.

Іс-шараға Қызмет көрсету саласының колледжі мен Қостанай колледжінің студенттері қатысты. Жастар беларусь халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысып, бауырлас елдің мәдениеті, тарихы және ұлттық ерекшеліктері туралы қызықты әңгіме тыңдады.

Кездесуге Қостанайдағы беларусь қауымдастығының өкілдері де қатысты. Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз хатшысы Дарья Сергеевна Щербакова құттықтау сөз сөйледі.

Кездесудің көркі Қостанайдан ұсынылған музыкалық сый болды — Светлана Обухова мен Наталья Пикулёваның орындауында беларусь халық әні «Лявониха» шырқалды.



Шәкәрім оқулары

Ср, 04/03/2026 - 17:56 — Ольга А

IV республикалық «Шәкәрім оқулары» атты Республикалық Шәкәрім мұраларын жатқа айту байқауының облыстық іріктеу кезеңі бүгін 4 наурызда сағат 10.00-де Қостанай қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада офлайн форматта өткізілді.



10-шы аймақ ОҚИДЫ!

Ср, 04/03/2026 - 17:17 — Ольга А
«Ыбырай Алтынсаринді оқимыз»
Кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне және көрнекті ағартушының 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын дауыстап оқып, оның өлеңдері мен әңгімелерімен танысты. Ұлы ағартушының туындылары балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, туған елге, ұлттық мәдениет пен тарихқа деген құрметін арттыруға ықпал етеді.



10-шы аймақ ОҚИДЫ!

Ср, 04/03/2026 - 15:10 — Ольга А

«Ыбырай Алтынсаринді оқимыз»
Бүгін кітапханада жыл сайын наурыз айының алғашқы сәрсенбісінде аталып өтетін Халықаралық дауыстап оқу күніне орай «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты іс-шара өтті. Мерекенің басты мақсаты — оқудың маңызын арттырып, оны әлемді танудың тиімді жолдарының бірі ретінде насихаттау. Биылғы акция көрнекті педагог-ағартушы, қоғам қайраткері, жазушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі — Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына, сондай-ақ оның туғанына 185 жыл толуына арналды. Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ағартушының өлеңдері мен әңгімелерін дауыстап оқыды.
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқу балалардың маңызды адамгершілік қасиеттерін дамытуға, патриоттық сезімін қалыптастыруға және өз мәдениеті мен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелейді.



Шәкәрім оқулары

Ср, 04/03/2026 - 14:53 — Ольга А

Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, ұлы ақын әрі ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен өмір жолын жасөспірімдер мен балалар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық іріктеу кезеңі кітапхана қабырғасында өтті.

Байқауға барлығы 17 үміткер қатысып, Шәкәрім Құдайбердіұлының ғибратқа толы 20 өлеңін жатқа мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар қатысушылар қазылар алқасының сұрақтарына жауап беріп, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Байқау соңында қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, үздіктердің есімдерін жариялады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау қорытындысы:

  • І орын – Жангелді ауданы, Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Жақсылық Бақтылы Асхатқызы

  • ІІ орын – Арқалық қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Төлеуова Гүлбазар Жұмабекқызы

  • ІІІ орын – Амангелді ауданы, Жасбуын орта мектебінің 5-сынып оқушысы Аязбай Маржан Саятқызы

Барлық қатысушылардың жетекшілері арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Осындай тағылымды байқаулар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыра түсетіні сөзсіз.



Шалғымбаева Шынар Тулегеновна

Ср, 04/03/2026 - 10:25 — Ольга А

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы" КММ Мектеп жасына дейінгі, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

https://youtube.com/shorts/TcIUoIKN4Kw



10-шы өңір оқуды таңдайды! (3)

Ср, 04/03/2026 - 10:17 — Ольга А

4 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне орай ұйымдастырылған, ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты облыстық бірыңғай оқу күні өтті.



10-шы өңір оқуды таңдайды! (2)

Ср, 04/03/2026 - 10:11 — Ольга А

4 наурыз күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық дауыстап оқу күніне орай ұйымдастырылған, ұлы ағартушының туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай Алтынсаринді оқимыз» атты облыстық бірыңғай оқу күні өтті.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 672 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана