Новости


Әжемнің ертегілері: Түлкі, аю және қойшы

Бс, 13/08/2020 - 07:48 — Ольга А

Қазақ халық ертегілерінің бірі «Түлкі, аю және қойшы» ертегісі «Біреуге ор қазба, өзін түсерсің» - деген мақалдың мағынасына келмек. Ертегіде айлакер түлкі алдымен аюды әжуалап мазақтап, оған қулық ұйымдастырып қорқытып, артынан өзінің сондай айлаға алданып түсіп қалғаны туралы айтады. Қазақтың ескіден келе жатқан бұл терең мағыналы ойлары бар ертегілер кімді болсын алдамауға және біреуге жамандық тілемеуді үйретеді.

Видео



Думай: Хорди Баярри "Мария Кюри. Радиоактивность"

Ср, 12/08/2020 - 07:41 — Ольга А

Сіз комикстерді ұнатасыз ба? Егер солай болса, онда сізге Хорди Баярри «Мария Кюри Радиоактивность» деген кітабын ұсынамыз. Бұл өзін және тіпті сүйіспеншілігінде ғылымға арнаған ғалымның өмірі туралы қызықты комикс.

Видео



Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Екі қаз бен бақа

Сс, 11/08/2020 - 07:12 — Ольга А

Достар, сіздердің назарларыңызға "Екі қаз бен бақа" атты жануарлар туралы қазақ халық ертегісін ұсынамыз. Әр адам - бұл ыдыс. Ол өзін адалдық, тәрбиелік, бауырмалдық, мейірімділік қасиеттерімен толықтыру қажет. Осы қасиеттердің біреуі адам бойында болмаса, оны ақымақтыққа, надандыққа және менмендікке әкелуі мүмкін.

Видео



Абай күні

Дс, 10/08/2020 - 09:11 — Ольга А

Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты жат мінез-құлықтан аулақ болуға шақырды. Ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік Туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. Бұл бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде де өте өзекті. Сол себептен қазақ халқына мұра боп қалған Абай шығармаларын біздер, өзіміз үшін өмірлік бағыт-бағдар етіп, ұлы тұлғамыз Абайдың әр сөзін, әр пенде сүйегіңе сіндірсе екен.



Фотоаппарат

Дс, 10/08/2020 - 08:58 — Ольга А

Жазғы демалыс басталғанына да көп болды. Ал қызықты сәттерімізді де суретке түсіріп алып жатамыз. Ал оны ойын ретінде, оригами әдісімен жасауға болады. Бейнесабақтан қарап, жасауларыңызға болады.

Видео



Сурет салу сабағы: Кірпі (аппликация)

Жм, 07/08/2020 - 07:50 — Ольга А

Кірпі тақырыбы біз үшін таусылмайды. Бүгін Оксана мен Костик аппликация жасайды. Және сіздерге қолда бар материалдардан мектепке немесе балабақшаға оңай бұйым жасауды үйретеді.

Бізге қажет заттар: түрлі-түсті қағаз 3 түрлі, қарындаш желім (бірақ қағазға арналған кез-келген желім), қарындаш, қиял, фломастер, қайшы және көтеріңкі көңіл күй.

Видео



Әжемнің ертегілері: Кім күшті?

Бс, 06/08/2020 - 07:48 — Ольга А

Бұл қызықты ертегі қашанда ақыл және еңбек бәрін женетінін айтып түсіндіреді. Кімнің болса да сырт келбетіне қарап сынамай, істеріне қарап сынауды үйретеді. Кейде ең күштімін дегендердің өзі күштілігіне қарамай бір нәрседен женілетін мойындайды. Ал бұл ертегіде өте еңбекшіл құмырсқа өзінің еңбекпен күшті болып жүргенін айтып, балаларды еңбекке шақырады.

Видео



Ойла: Жұмабайқызы Гүлнар "Өмір өткелдері"

Ср, 05/08/2020 - 08:33 — Ольга А

"Айқын" газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси "Айқын" газетінде "Өмір өткелдері" айдары бойынша жариялаған материалдары топтастырылған.

Қазақ халқы тарихында елге ерен еңбегімен өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар сан салада баршылық. Олар бірден тұлға, танымал болып туған жоқ. Олардың да өсу, қалыптасу кезеңі, бір сөзбен айтқанда өмір жолы бар. Осы жолда түрлі белестен асқан. Қиын да қызық жағдайларды басынан өткізген. Олар бүгінде бір отбасының, әулеттің емес, күллі қазақтың қамын күйттеп, елдің келешегі қандай болмақ деп ой толғайды.

Кітап қалың оқырманға арналған.

Видео



Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Құмырсқаның шамасы

Сс, 04/08/2020 - 08:21 — Ольга А

«Құмырсқаның шамасы» атты балаларға арналған жануарлар туралы қазақ халық ертегісін ұсынамыз. Ертегі төзімділік пен қанағатшылдыққа үйретеді. Осы қасиеттер арқылы өмірде бәріне қол жеткізуге және биіктерді бағындыруға болады.

Видео



Р. Брэдбери «Вино из одуванчиков» кітабы бойынша буктрейлер

Дс, 03/08/2020 - 08:10 — Ольга А

Рэй Дуглас Брэдберидің шығармаларының оқырмандары жазушының 100 жасын атап өтеді. Ағылшын жазушысы Рэй Брэдбери бар ғұмырында 800 шығарма жазған екен. «Вино из одуванчиков» автордың барлық шығармашылығынан ерекшеленеді. Бұл ағайынды Дуглас пен Томның Гринтаун қаласына келіп жаздың үш айын ата-әжесінде өткізгендігі туралы оқиға. Олар үшін бұл ұмытылмас кез болды. Мұнда олар өздерінің естеліктеріне ала кететін, ұшы-қиыры жоқ балалар әлеміне сүңгиді.

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 555 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана