Новости


Тұрдақын Жексенбай

Ср, 24/06/2020 - 08:06 — Ольга А

Белгілі жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, энциклопедияшы-баспагер, зертеуші-ғалым Тұрдақын Жексенбайдың «Бала бүркіт» кітабына автордың балаларға арналған бір топ повестері мен әңгіме-ертегілері топтастырылған.

Видео



Біздің таңдауымыз: туризм

Ср, 24/06/2020 - 08:03 — Ольга А

Өз бетінше саяхаттауды ұйымдастыру - қиын және уақыт пен ақшаны мұқият есептеуді қажет ететін еңбекті іс. Оның үстіне, саяхаттаушылардың бәрі бірдей қызықты ақпарат алу үшін жергілікті тұрғындармен сөйлесу үшін шет тілін жетік меңгере бермейді. Туризм саласындағы мамандар виза мен сақтандыруды рәсімдеуден бастап саяхаттау және демалумен байланысты барлық шаруаны өздеріне алады. Солардың бірі болу үшін жоғары оқу орнының "Туризм" мамандығына түсу қажет. Жоғары білім туралы диплом алғаннан кейін, Қазақстанда немесе туризм саласы жақсы дамыған басқа елдерде жұмыс істеуге мүмкіндік болады.

Видео



Саусақ театры

Сс, 23/06/2020 - 09:29 — Ольга А

Құрметті оқырмандар, біз қызықты ертегіні оқып қана қоймай, үйде отырып оны саусақ театры арқылы бейнелеуімізге де болатынын білесіздер ме? Ол үшін бізге әртүрлі фетр материалы, қайшы, ыстық желім және шығармашылық көңіл-күй қажет. Осы заттар арқылы ертегі кейіпкерлерін жасап, қызықты қойылым ұйымдастырайық! Жасалу жолы видеода көрсетілген.

Видео



Әжемнін ертегілері: Қорыққанға қос көрінеді

Сс, 23/06/2020 - 08:53 — Ольга А

Кезекті әжемнің айтқан ертегілері айдарында «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісі. Ертегінің басты тақырыбын атынан-ақ білуге болады. Қорқу, шошып кету табиғи құбылыс. Ал біздің ертегімізде бұл құбылыс өте қызықты, тартымды баяндалған. Сол себептен бүгінгі біздің ертегіміздің басты кейіпкерлері кімнен, неден қорқып, ал кейін кімге не көрінгенің білгің келсе, ертегіні соңына дейін тыңда.

Видео



Сурет салу сабағы: гүлшоғыр

Сс, 23/06/2020 - 08:13 — Ольга А

Оксана әдеттегідей сіздер үшін жаңа идеямен келді. Бүгін қабырғаны сәндеуге арналған декоративті сәндік бұйым жасау бойынша шеберлік сыныбы болады. Өте қызықты ойластырылған затты қолда бар заттармен жасауға болады, онымен қабырғаны немесе есікті әсемдейміз.

Бізге қажетті құралдар: қатты қағаз, қағаз немесе тұсқағаз, ыстық желім (оны қолданғанда өте сақ болыңыздао), капрон (кез келген мата), моншақтар, таспа.

Кішкене қиял қоссаңыз, сіз керемет қабырға сәндігіне ие боласыз!

Видео



Балаларға базарлық: Ардагер

Дс, 22/06/2020 - 08:11 — Ольга А

Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Сол сұрапыл соғысқа қатысып, жеңіске жетуге өз үлесін қосқан, өмірлерін құрбандыққа шалып, елімізді, жерімізді қорғаған ардагерлерімізге құрмет көрсету, сыйлау - біздің міндетіміз. Олардың есімі ел есінде мәңгі қалады. Назарларыңызға ұсынылып отырған Серікбай Оспановтың «Ардагер» өлеңі де осы ардагерлердің құрметіне арнап жазылған керемет шығарма.

Видео



Әкелер күні

Жм, 19/06/2020 - 13:24 — Ольга А

Әке - асқар тау... Халықаралық әкелер күніне орай "Мен үшін ең қымбат жан әкем" атты бейне-шолу өткіздік. Отбасында әкенің рөлі ерекше, өсіп келе жатқан балаға әртүрлі мәселелерді шешуде ақыл-кеңес қажет. Сіздердің назарларыңызға әртүрлі әкелер кездесетін кітаптар ұсынамыз.

Видео



Өмір мектебі. Қауіпті ересектер.

Жм, 19/06/2020 - 10:43 — Ольга А

Психолог Мария Балбабянмен бейнекездесу.

Әлемде кішкентай ұлға болсын, қызға болсын үлкендердің: "Ешқашан, қандай жағдай болмасын бөтен адаммен ешқайда барма!" - деген ескертуін естімеген бала жоқ шығар сірә.

Ересектер көптеген нәрселер айтып, көп нәрсеге рұқсат бермей жатады. Анда-санда өте құлақ аспағанда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ ересектерден еститін кейбір ережелер ерекше. Оған ерекше назар аударған жөн. Ол қандай ережержәне оны неге сақтау керектігін психолог, кітапхананың досы Мария Балбабян айтып береді.

Видео



Ойла: Талас Омарбековтың "Қазақтың шығу тегі"

Жм, 19/06/2020 - 10:17 — Ольга А

Зерттеуде қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты бұрын назардан тыс қалып келген деректер талданған.Қазақтарды құраған ру - тайпалық бірлестіктер мен Алаш қауымдастығының ежелгі түркілік тамырлары, олардың мемлекет құрушы ұлтты қалыптастырудағы елеулі үлесі нақты айқындалған. Еңбек тарихшы мамандарға, этнографтарға сонымен бірге Отан тарихына қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.

Видео



Сурет салу сабағы: Абстрактылы гүлдер

Жм, 19/06/2020 - 10:12 — Ольга А

Бүгін біздің суретшіміз Оксана абстрактілі өсімдіктер салу бойынша шеберлік сыныбын өткізеді. Түсінбегендер үшін, бұл қиялдан туған, табиғатта жоқ ерекше түстермен салынған өсімдіктер. Осылай сурет салу қиялды, түсті үйлестіре білуді дамытады, әдемілікке ұмтылуға үйретеді!

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 125%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 518 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана