Балалар, табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Яғни біздің тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялап, оған қамқорлық жасаумыз керек. Соның ішінде құстың табиғат үшін де, адам үшін де пайдасы өте көп. Кейбір құстар ағаш діңіндегі құрттарды тұмсығымен шоқып, тазаласа, кейбірі бидай алқабын құрт- құмырсқадан аршиды. Құстарсыз табиғаттың сәні де жоқ. Бірақ құстар да табиғаттағы тазалықты, тыныштықты қалайды. Олар да өз балапандарының қанат қағып, аспанға шырқай ұшқанын көргісі келеді. Ия, балалар сол себептен олардың ұясын бұзып, құстың обалына қалуға болмайды. Серікбай атамыздың балаларға базарлық айдарындағы осы жолғы өлеңі жалпы қандай жағдай болмасын өскен ұя бұзуға болмайтыны жайында айтылады. Сондықтан уәдеде тұрып, құстарды қорғай біліңдер.
Новости
Балалықты ұрлаған соғыс: Карасёва В. Е. «Кирюшка»
Ср, 17/06/2020 - 08:01 — Ольга АВ. Е. Карасёваның «Кирюшка» повесті - қоршаудағы Ленинград туралы болса да, ол өлім емес, өмір жайлы. Ересектер, балалар, тіпті сәбилер де қажырлылық пен өзара көмек берудің үлгісі ретінде көрінеді. Мұндай кітаптарды балаларға міндетті түрде оқу керек. Онда ең түнек кезеңде де адамдықты жоғалтпау туралы айтылады. Кітап кішкентай оқырман-тыңдаомандарға да келеді. Ондағының бәрі де бала қабылдауы үшін қарапайым, жан тебірентерлік және түсінікті.
Біздің таңдауымыз: логист
Ср, 17/06/2020 - 07:57 — Ольга АОсыған дейін шамалы адамдар болмаса, көбісі логистиканың не екенін білмеді. Қазір бұл сөз тауар немесе қызмет көрсетуді басқару саласына мықтап орнықты. Сала жылдам дамуда, логистика саласында карьералық өсімде және жалпы дамуда болашағы бар болғандықтан, ешқайдай ірі компания логистика бөлімінсіз алға жылжи алмайды. Егер бұрын мекемелерде логистикаға жауап беретін бір не бірнеше адам жұмыс істесе, бүгінгі таңда бүтін бір бөлімдер, құрылымдар, департаменттер құрылуда, командалар жасақталуда.
Сурет салу сабағы: көшіршікте сурет саламыз
Сс, 16/06/2020 - 13:58 — Ольга АБүгін Оксана мен бәріңіздің сүйікті Костиктеріңіз қағазда емес, суда емес, көпіршікте сурет салуды үйретеді, иә сурет салудың осындай қызықты техникасы бар екен. Бізге қажет: қырынуға арналған кез келген көпіршік, бояулар, үлкен шұңғыл ыдыс немесе шылапшын)), қытай таяқшалары, қиял!
Әжемнін ертегілері: Алтын сақа
Сс, 16/06/2020 - 09:04 — Ольга АКезекті ертегі оқу айдарында танымал «Алтын сақа» ертегісі сендердің назарларыңа ұсынылады. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Ал барлығымызға белгілі «Алтын сақа» ертегісі балаларды ұқыптылыққа, жаңашырлыққа тәрбиелейді. Олармен балалар жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарын қалыптастырады. Әрі ертегі арқылы өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз.
Қол сағат
Сс, 16/06/2020 - 08:07 — Ольга ААдамдар жазу-сызу білмеген кезде уақытты күнге, жұлдыздарға қарап білген. Кейін заманның дамуына байланысты түрлі құралдармен қатар, сағатты да ойлап тапты. Сағаттың түрі көп: қабырға сағаты, қол сағат, электронды сағат т.б. Біз бүгін оригами әдісімен балаларға арналған қол сағат жасайтын боламыз. Ол үшін бізге түрлі-түсті қағаз, қайшы керек. Бұл сағат тек сәндік үшін ғана емес, кішкентай балаларға уақытты үйренуге септігін тигізеді. Жасалу жолы видеода берілген!!! Сәттілік!
Балаларға базарлық: Дәнсіз қарбыз
Дс, 15/06/2020 - 07:57 — Ольга АҚарбыз – жаз бен күз мезгілінде әр отбасының дастарханынан табылатын дәмді жеміс. Оны ересектер де, балалар да ерекше жақсы көреді. Ал біздің бүгінгі өлеңіміздің тақырыбы да осы тамаша өсімдік жайында. Бірақ бұл өлеңдегі қарбыз дәнсіз дейді. Ол қалай?, ол қандай? қарбыз екенін осы өлеңді соңына дейін тыңдап қана білерсің.
Сиқырлы ертегілер сандықшасы: Аяз би
Жм, 12/06/2020 - 09:41 — Ольга А«Аяз би» тұрмыс-салт ертегісін ұсынамыз. Онда мейірімділік пен зұлымдық, әділдік пен тапқырлық бар. Ертегі адам әрқашан да дұрыс шешім қабылдай алатынына және ешқандай жаман пиғыл оған қиянат жасай алмайтынына үйретеді.
Ойла: Өмірзақ Озғанбай "Мақтанышы елімнің"
Жм, 12/06/2020 - 09:39 — Ольга АХалқымыздың атақты тарихи тұлғаларымен қатар бүгінгі жайсаң замандастар туралы жазылған кітап бұл кітап Тәуелсіз еліміздің "Мәңгілік Ел", бәсекеге қаблетті 30 мемлекет құрамына кіруде басқан қадамдарын жетілдірсек деген ойдан туған еңбек. Шығарма "Тұлғалар", "Атамекен", "Қарты бар ел..." - деп аталатын үш тараудан тұрады. Осы тақырыптардағы жақсы - жайсандардың үлгі алу -еліміздің рухани жаңаруруына ықпал етіп үлес қоспақшы. Кітап қалың оқырманға арналған.
Сурет салу сабағы: Теңіз бетіндегі түн
Жм, 12/06/2020 - 09:28 — Ольга АДостар, Оксана сурет салу сабағын жалғастырады. Бүгін ол сіздерге теңіз бетіндегі күннің батуын салуды үйретеді. Бұл сабақ, әдеттегідей, фонды салу, бояуларды араластыру білімдеріңізді бекітеді. Бізге сурет салатын құралдарымыз қажет. Сондай-ақ, ынта мен қиял артық болмайды!









