Ыстық тамақ салынған табақты дастарханға қоярда астына қажет болып жатады. Біз оюлы түпқойманы фетр материалынан жасадық. Жан-жағынан қошқар мүйіз оюымен әсемдедік. Жасалу жолдарын бейнебаяннан тамашалаңыздар.
Новости
Сурет салу сабағы: Айлы түн
Сс, 02/06/2020 - 11:38 — Ольга АБүгін Оксана сіздерге көл бетіндегі айлы түннің суретін салуды ұсынады. Сондай романтиалық орын, қараңғы жұлдызды аспан фонында толысқан ай мен қамыстың көлеңкесі су бетіне керемет әдемілік сыйлайды. Осындай көз арбайтын сурет түнгі көлдің көңіл-күйін сыйлайды.
Бізге қажет: ақ қағаз, қылқаламдар, гуашь, су, майлық, қағаз палитра және шығармашылық құлшыныс!
Балалықты ұрлаған соғыс: Юные герои Великой Отечественной
Дс, 01/06/2020 - 08:07 — Ольга АСіздердің назарларыңызға А. Печерскийдің «Юные герои Великой Отечественной» кітабын ұсынамыз. Жас пионер-батырлардың өлшеусіз ерліктері туралы әңгімелерден құралған. Ұлы Отан соғысы кезінде олар әкелерімен, аналарымен, аға-апаларымен қатар Отанды қорғау үшін жауға қарсы тұрды.
Кітап орта жастағы мектеп оқушыларына арналған.
Балаларға базарлық: «Өзгеріс»
Дс, 01/06/2020 - 08:02 — Ольга АКезектегі «Балаларға базарлық» айдарында Серікбай атамыздың «Өзгеріс» атты өлеңі бала тіліне өте тәтті, жеңіл және қызықты. Өлеңде Әлібектің бала қылығындағы қызығын көріп, танисың. Қай ата-ана болмасын баласының қуанышы мен өзгерісін жар салып айтқысы келеді, сондай жағдай Әлібекте де болған екен. Ал Әлібектің бойында қандай өзгеріс болған екенін білгің келсе, өлеңді соңына дейін тыңдап, өз ойынмен бөліс.
Отан үшін от кешкендер: Сьянов Илья Яковлевич
Жм, 29/05/2020 - 13:10 — Ольга АБіз өте маңызды күннің жақындап кле жатқанын білеміз, ол Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 75 жыл толған күн. Сьянов Илья Яковлевичтің есімі біздің қаламыздағы көшелердің біріне берілген. Көбісі оның 1945 жылдың 1 мамырында рейхстагтың тутұғырына жалау ілуге атсалысқанын біле бермейді. Ол туралы шағын видео ұсынамыз.
Кітап сөрелеріндегі мерейтойлар: Аркадий Гайдар «Тимур и его команда»
Жм, 29/05/2020 - 09:50 — Ольга АЕлбасының бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланды. Еріктілік, оған мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсету дәстүрі біздің елімізде терең тарихи тамыры бар және әрдайым қолдау тапты, алайда соңғы жылдары еріктілер қозғалысы ерекше күш алып келеді – олардың бойында жақсылық жасап, өз айналасын жақсы жаққа қарай өмір сүреуге өзгерте алатынын көп адамдар түсінеді.
Волонтерлік – Батыста пайда болған қозғалыс және бізге ешқандай қатысы жоқ, бірақ А. П. Гайдар жазған «Тимур и его команда» повесі осыдан 80 жыл бұрын 1940 жылы болғанын дәлелдейді, бірақ олар "тимуршылар"деп аталды.
Повестің басты кейіпкері Тимур бірнеше ұрпақ балалары үшін тамаша үлгі болды, ол саяжай кентінде волонтерлік қозғалысты ұйымдастырды. Балалар көмекке мұқтаж барлық адамдарға көмектесті - отын жарды, су тасыды, жүйектерді отады, егін жинады. Және, әрине, мұның бәрін риясыз жасады. Барлық нәрсені ақшаға не сыйлыққа жасамау керек, ең бастысы - достық пен өзара көмек.
«Тимур и его команда» поветі 212 рет қайта басылып шықты, әлемнің 75 тіліне аударылды. Орта мектеп жасындағы балаларға арналған.

Сурет салу сабағы: Жазғы көрініс
Жм, 29/05/2020 - 09:31 — Ольга АБүгін Оксана сіздермен жазғы табиғат көрінісін, нақты айтсақ, жазғы табиғат көрінісін салу бойынша шеберлік-сыныбын береді. Біз алқапты, керемет әрі нәзік түймедақты, басқа да дала гүлдерін салуды үйренетін боламыз. Әрине, Оксана бізге пейзаж салуды жеңілдету үшін қарапайым қулықтарды айтатын болады. Сонымен: аспан, дала, бұлт, түймедақ… Жаз!!!
Бізге қажет: су құйылған стақан, А4 қағазы, гуашь, үлкен, орташа, жіңішке қылқаламдар, сулы майлықтар, қағаз палитра, көтеріңкі көңіл-күй!
Аймауытов Жүсіпбек
Жм, 29/05/2020 - 09:02 — Ольга АЖазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай сан алуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде артында қалған мол мұрасы.
Түс аулаушы
Бс, 28/05/2020 - 10:06 — Ольга АКейде түсімізде үрейлі түстер көруіміз мүмкін. Сондай түстерден аулақ болу үшін түс аулаушы жасасаңдар, ұйқыларыңыз тыныш болады. Бейнесабақтан үйренулеріңе болады.
Ойлан: Бенджамин А., Шермер М. «Магия чисел»
Бс, 28/05/2020 - 08:07 — Ольга АДостарыңызды ақыл-ойдағы жылдам математикалық есептеулермен таң қалдырғыңыз келе ме, сондай-ақ көп күш жұмсамай және тым көп уақыт жұмсамай -ақ? Сонда сіз жай ғана «Магия чисел» кітабын қолға алу керек және сіз әрқашан математикаға табынушы боласыз.









