Новости


Ертегі толы дорба (сторителлинг)

Жм, 24/04/2020 - 07:55 — Ольга А

Қайырлы күн ертегі сүйгіш кішкентай тыңдармандар! Дорба толы ертегіміз тағы бір қызықты ертегімен толықты. Бұл жолы сендердің назарларыңызға «Үш торай» деп аталатын ағылшын ертегісін ұсынбақпыз. Ақылды, Тентек, Әзілкештермен танысқың келсе, бізбен бірге ертегіні тыңдап, өзінің сүйікті жұмсақ ойыншықтарынды қолданып, өз ертегінді ойнап көрші.

Видео



Жасампаз жандардың 7 дағдысының

Сс, 21/04/2020 - 08:38 — Ольга А

Кови Стивен Р . «Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға окитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды.

Видео



Әжемнің ертегілері: Қобыздың хикаясы

Сс, 21/04/2020 - 08:35 — Ольга А

Бір байдың жалғыз ерке баласы аң аулап жүріп, бір киікті қуып келе жатып, астындағы аты сүрініп құлап қалады. Ыңырсып жатқан баланы бір қария кісі тауып алады. Оны үйіне алып келеді. Ертегі әрі қарай қалай өрбитінін, қобыздың бұл оқиғаға не қатысы бар екенін білгілеріңіз келсе, бейнематериалды көріңіздер.

Видео



Балаларға базарлық. С. Оспанов "Капитанмын"

Дс, 20/04/2020 - 09:11 — Ольга А

Балаларға базарлық айдарында Серікбай ағамыз біздің кішкентай оқырмандарымызға «Капитанмын» өлеңін ұсынып отыр. Әр бала кіші кезінде өскенде мен капитан, не ғарышкер және ұшқыш боламын деп армандайды. Ал сен кім болуды армандайсың? ....

Видео



Ертегі толы дорба (сторителлинг)

Жм, 17/04/2020 - 08:36 — Ольга А

«Етік киген мысық» «Кел, балалар, оқылық» бағдарламасы аясында сіздердің назарларыңызға дорба толы ертегілерімізді ұсынамыз. Ертегілерді оқытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану өте тиімді. Сондай-ақ, бала ертегіні мынадай тәсілмен оқып не тыңдап, ойнауға үйренсе, онда ол баланың сөзсіз сөйлеу мәнері толығымен қалыптасуына септігін тигізері сөзсіз.

Видео



Тарихи тұлғалар тағылымы

Жм, 17/04/2020 - 08:29 — Ольга А

Белгілі зерттеуші, қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Озғанбаев ағамыздың «Тарихи тұлғалар тағылымы» кітаптың аты айтып тұрғандай, бұл еңбекте қазақ халқының аса көрнекті тарихи тұлғаларының өмір жолы мен соңына қалдырған тағылымдары тамаша баяндалған.

Видео



Абай энциклопедиясы: Абай ақын

Жм, 17/04/2020 - 08:13 — Ольга А

Абай атамыздың өлеңдері, поэзиясымен танысқыныз келсе «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев» атты бейне роликті көруге ұсынамын. А. Құнанбаевтыңң поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі.

Видео



Еңбекпен келген жеңіс: Бауыржан Момышұлы

Бс, 16/04/2020 - 08:41 — Ольга А

Осы бейне роликтен Жеңіс күнінің 75 жылдығына орай сіздерді Бауыржан Момышұлының өмірімен және шығармашылығымен таныстырғым келеді. Бауыржан Момышұлы – Әскери қайраткер, қаһарман қолбасшы, көрнекті жазушы, Кеңес Одағының Батыры. Назарлынызға рахмет!

Видео



Қағаздан фотожиек жасау

Ср, 15/04/2020 - 08:21 — Ольга А

15 сәуір – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" ғашықтар күнінің нышаны. Махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету біздің қолымызда. Бұл ғашықтар күніне орай ыстық лебізімізді білдіргіміз келеді. Сол кезде не сыйларымызды білмей жатамыз. Енді бүгінгі үйірмеде Ғашықтар күні нышаны ретінде фотожиек жасадық. Видео сабақтан қарап, қайталап алуыңа болады.

Видео



Әдеби хронограф: Анне-Катарина Вестли

Сс, 14/04/2020 - 09:35 — Ольга А

Достар! 2020 жылы Анне-Катарина Вестлидің туғанына 100 жыл толады.

Анне-Катарина Вестли – норвегиялық жазушы, әртіс, әлемнің жас оқырмандарының балалық шағымен байланысты кітаптардың авторы. Жазушыны тіпті өз Отанында оны Астрид Линдгренмен салыстырып, балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосуына байланысты «барша Норвегияның әжесі» деп атап кеткен.

Біз сіздерге Анне-Катарина Вестлидің өмірбаяны және шығармашылығы туралы айтылатын «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 100%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 432 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана