Новости


Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда тағылымды іс-шара өткізілді .

Бс, 19/02/2026 - 16:51 — Ольга А

Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдық мерейтойына орай кітапханамызда тағылымды іс-шара өткізілді . Қазақтың көрнекті өнер қайраткері, халық жадында өшпес із қалдырған Кәукен Кенжетаев шығармашылығы кеңінен насихатталып, өмір жолы мен өнердегі жетістіктері жайында мазмұнды мәліметтер берілді.

Іс-шара барысында оқырмандарға арнайы кітап көрмесі таныстырылып, актердің рухани мұрасы, қазақ мәдениетіне қосқан үлесі туралы әсерлі әңгіме өрбіді. Қатысушылар естеліктерімен бөлісіп, өнер иесінің шығармаларын еске алды.

Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосады.



«Менің жетістігім – менің нәтижем» кездесу-сұхбаты

Ср, 18/02/2026 - 15:01 — Ольга А

Кітапханада кәсіби бағдар беру бағытында іс-шара өтті. Іс-шараға №19 мектептің 8 «а» және 8 «б» сыныптарының оқушылары қатысты. Кездесу барысында мамандықтардың өзара сабақтастығы туралы әңгіме қозғалды. Атап айтқанда, кітапханада филологтар мен педагогтар сияқты сабақтас мамандық иелерімен қатар, өзге сала мамандары — кондитерлер мен тігіншілердің де еңбек ете алатыны айтылды. Сонымен қатар кітапханалық техникумда алынған қосымша мамандықтың болашақта үлкен мүмкіндік беретіндігі атап өтілді.

Іс-шара қонақтары — кітапхана қызметкерлері Байканова Айгүл Нұрлановна, Кравчук Елена Владимировна және Дубинец Оксана Алексеевна өздерінің еңбек жолы, бұрынғы қызметтері туралы баяндап, бірнеше мамандықты меңгерудің артықшылықтары жөнінде ой бөлісті. Кездесу аясында «Сұранысқа ие мамандықтар әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.



Тұтынушылардың құқықтары: дүкендерде және онлайн саудада

Ср, 18/02/2026 - 14:19 — Ольга А

Сатып алу - күнделікті өміріміздің бір бөлігі, алайда әрбір адам тұтынушы ретінде өз құқықтарын қалай қорғау керектігін біле бермейді. Құқықтық лекторийдің жаңа шығарылымында біз сатып алушылардың қандай құқықтары бар екенін және тауар сапасыз болған немесе күткеніңізге сай келмеген жағдайда қалай әрекет ету керектігін қарастырамыз.

Қарапайым, түсінікті және нақты тәжірибелік мысалдар арқылы әрбір адам тап болуы мүмкін жағдайларды талдаймыз. Қосылыңыз және құқықтық тұрғыдан сауатты тұтынушы болыңыз!

#ҚұқықтықЛекторий #АлтынсаринКітапханасы #ЧелГУ #ҚұқықтықКлиника #ҚұқықтықСауаттылық #Мұрагерлік #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок 



Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі

Сс, 17/02/2026 - 09:50 — Ольга А
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін аса маңызды шешім қарсаңында елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқылануда. Осыған орай кітапханада «Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ жаңа Конституция жобасына қатысты халық пікірлері жарияланған газет материалдары ұсынылған.
Референдумға шығарылған Қазақстанның жаңа Конституция жобасы елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңартуға бағытталған.
Референдум аталған өзгерістерді тікелей халықтық дауыс беру арқылы қабылдау мақсатында өткізіледі, бұл халық - биліктің бірден-бір қайнар көзі екенін айқындайтын демократиялық үдерісті көрсетеді.

https://youtube.com/shorts/uE9zjnBp1jA



«Мемлекеттік тарихи музей қорларының Қостанай қаласына эвакуациялануы» атты дәріс

Бс, 12/02/2026 - 17:05 — Ольга А

Кітапханамыздың қонағы — әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының профессоры Самаркин Сергей Владимирович болды. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында Мемлекеттік тарихи музей қорларының біздің қаламызға эвакуациялануы туралы әңгімелеп берді. №2 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары туған өлкенің тарихы, оны зерттеген ғалымдар, сондай-ақ Мәскеу музейінен әкелінген құнды экспонаттардың — картиналар, фарфор бұйымдары мен кітаптардың — қалай және қай жерде сақталғаны жөнінде мағлұмат алды.



«Тыңда, дала, ақын жырын»

Бс, 12/02/2026 - 15:24 — Ольга А

12 ақпан күні Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапханада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық-шығармашылық іс-шара өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Жамбыл Жабаевтың мол әдеби мұрасымен танысып қана қоймай, өздерін нағыз ақын ретінде сезініп көрді. Бағдарламада ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер бойынша блиц-сауалнама, сондай-ақ шығармашылық ойлауды дамытуға, топтық бірлікті нығайтуға және әдеби мұраға қызығушылықты арттыруға бағытталған командалық тапсырмалар қамтылды. Шара барысында оқушылар берілген тақырыптар аясында шағын өлеңдер құрастырып, халық поэзиясына тән көңіл күйді, ырғақ пен бейнелілікті жеткізуге тырысты. Қатысушылардың белсенділігі ақын поэзиясының бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпағанын, Жамбыл жырларының жаңа ұрпақтың жүрегінен орын алып отырғанын айқын көрсетті.



«Алау» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды.

Ср, 11/02/2026 - 14:14 — Ольга А

Серікова Әсел Бейбітқызы «Алау» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасының қонағы болды.



«Алау» телеарнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасының қонағы болды.

Ср, 11/02/2026 - 14:07 — Ольга А

5 ақпанда Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған Ы. Алтынсарин атындағы кітапхананың кітапханашысы Латыпова Бибігүл Қазыбаевна «Алау» телеарнасындағы «Өмір ағымы» бағдарламасының қонағы болды. 

Эфир барысында маңызды әрі қызықты тақырыптар қозғалды:

– кітапхананың қызметі;

– жаңа жобалар;

– Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған іс-шаралар.

Ерекше назар аударылған тақырыптар:

– «Біз Ыбырай Алтынсаринді білеміз» атты халықаралық онлайн-турнир

(Троицк, Қорған, Орынбор, Қостанай);

– кітапхана фойесінде еңбек пәні мұғалімі Бижан А. С. ұйымдастырған

бір портрет көрмесі.

Жаңалықтарымызды қадағалап отырыңыздар.



Пушкин ертегілеріне саяхат

Сс, 10/02/2026 - 15:21 — Ольга А

10 ақпанда «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Пушкин ертегілеріне саяхат» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты — қатысушыларды Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен шығармашылығымен, сондай-ақ оның ертегісімен таныстыру. Бұл іс-шара балалардың сөйлеу тілін және қиялын дамытуға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар жазушының өмірбаяны туралы мағлұмат алып, оның әртүрлі ертегілерімен танысты, сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ «Ертегі кейіпкерлерінің атын тап», «Шындық па, әлде жалған ба», «Теңіз» атты ойындар ойнады. Тәрбиеленушілер барлық ойынға белсенді қатысып, ертегідей көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Кездесу 33 батыр туралы ертегінің желісімен түсірілген мультфильмді тамашалаумен аяқталды.



«Квизотека» интеллект-аренасы

Сн, 07/02/2026 - 17:00 — Ольга А

Квизотека: Классика

Ойлануға, пікір таластыруға және әрбір дұрыс жауапқа қуана білуге мүмкіндік берген әсерлі кеш өтті. Белгілі бір тақырыппен шектелмеген классикалық ойын логикаға, зейінге және командалық рухқа негізделді.

Кеш қызыққа, күлкіге және шынайы эмоцияларға толы болды. Жеңіс үшін бәсеке өте тартысты өтіп, соңғы ұпайға дейін сақталды.

Бізбен бірге ойнаған және осы сәтті бірге бөліскен қатысушыларға үлкен алғыс!

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Обсосики

2 орын -Культ Мифического рассвета

3 орын -Биполярность

Ең үздік орын- Дельта-6

Келесі ойында кездескенше!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 646 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана