Новости


Әдеби хронограф: Сапарғали Бегалин

Сс, 14/04/2020 - 09:34 — Ольга А

Достар! Сапарғали Бегалиннің есімін қазақ балалар әдебиетінен бөліп қарау мүмкін емес. 2020 жылы қазақ балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалиннің туғанына 125 жыл толды. Біз сіздерге Сапарғали Бегалиннің өмірбаяны және шығармашылығы туралы айтылатын «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Байқоңырға бейнесаяхат

Сс, 14/04/2020 - 09:32 — Ольга А

Биыл Қазақстан аумағында орналасқан әлемдегі ірі ғарыш айлағының құрылғанына 65 жыл толды. Байқоңырдың тарихы туралы, осы ғарыш айлағының құрылуына үлестерін қосқан адамдар туралы сіздер виртуалды саяхаттан біле аласыздар, оның үстіне тегін.

Бұл саяхатты құрастыруда кітапхана қоры пайдаланылды.

Видео



Әдеби хронограф: Сәуірбек Бақбергенов

Сс, 14/04/2020 - 09:31 — Ольга А

Қыматты достар!

2020 жылдың сәуір айында Қазақстанның Халық жазушысы Сәуірбек Бақбергеновтің туғанына 100 жыл толады.

Сәуірбек Бақбергенов – ұлы қазақ жазушысы әрі аудармашы. Ол қазақ халқының өмірінде тарихи роль атқарған атақты адамдардың тағдыры туралы 20 шақты роман, повестердің авторы.

Сәуірбек Бақбергеновтің өмірбаяны және шығармашылығымен танысу үшін біз сіздерге «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Сурет салу сабағы: Суретті бояймыз

Сс, 14/04/2020 - 09:30 — Ольга А

Бүгін кішкентай Костик біздің суретшіміз Оксанаға сурет салу бойынша шеберлік сыныбын өткізуге көмектеседі. Бізге кез келген дамытушы бояйтын сурет (біздің жағдайымызда бұл жануардың пішіні), акварель бояуы, қылқалам, су құйылған стақан, майлық және сурет салуға деген тілек!

Видео



Әдеби хронограф: Андерсен Г.Х.

Сс, 14/04/2020 - 09:29 — Ольга А

2 сәуірде ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 215 жыл толды.

Андерсеннің ертегілері оқырмандардың көптеген легіне таныс әрі сүйікті және әлем әдебиетінің классикасына айналды. Әрине, 2 сәуір оның туған күнінде Дүниежүзілік балалар кітабы күнін мерекелеу тегін емес.

Ганс Христиан Андерсеннің өмірбаяны және шығармашылығымен танысу үшін біз сіздерге «Әдеби хронограф» парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео



Балалықты ұрлаған соғыс. Дубровин В. "Мальчишки в сорок первом"

Сс, 14/04/2020 - 09:28 — Ольга А

Біз ҰОС ең кішкентай кейіапкерлеріне арналған бейнероликтер топтамасын жалғастырамыз, бұл бүгін В. . Дубровиннің «Мальчишки в сорок первом» кітабы. Ол шынайы оқиғалардың рухани жалғасы болып табылады. Онда кішкентай кейіпкерлер күні-түні ересектермен бір деңгейде Жеңіс күнін жақындатып фашистерге қарсы соғысады.

Видео



Сурет салу сабағы. Жираф

Сс, 14/04/2020 - 09:27 — Ольга А

Біз бүгін керемет әрі таңқаларлық жануар – жирафтың суретін оңай және күш жұмсамай салып үйренеміз. Ол көптеген мультфильмдердің ең сүйікті, бейнелі кейіакері. Сонымен, саламыз ба?

Видео



Сурет салу сабағы: 1 сабақ. Ағаш

Сс, 14/04/2020 - 09:26 — Ольга А

Сәлем, үйде отырып сабақ оқу тәртібі кезеңінде, біз сіздердің назарларыңызға балақайларға ғана емес, басқаларға да арналған сурет салу сабақтары топтамасын ұсынамыз. өздері сурет салып үйренгілері келетін немесе өз балаларына сурет салуға үйреткілері келетінер үшін, не болмаса сіздерге ерекше, өз қолыңмен жасалған сыйлық қажет болса... Бір сөзбен сізге бізге келу керек!

Біздің сабақтарымызда сіз қолда бар материалдардан өзіңіздің, жеке жауһарыңызды жасай аласыз. Мысалы, алғашқы сабақта сізге А4 таза парағы, су құйылған банка, гуашь (3 түс: көк, ақ, қара), екі түрлі қылқалам, бояуларды араластыруға арналған тағы бір қағаз, қаптама (бұдырлы) қабыршығы. Ал ғажайып туынды жасауға аттанайық! Сәттілік!

Видео



Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі

Сс, 14/04/2020 - 09:24 — Ольга А

Көптеген балалар өлеңдер, ертегілер, әңгімелер жазады, бірақ оны не істеу керек екенін білмейді.

Үйде жасалған кітап керемет сыйлық болуы мүмкін! Бұл ерекше әрі жеке-дара бірдеңе жасаудың керемет тәсілі. қарапайым материалдар мен қиялың болса, нағыз жауһарды шығаруға болады.

Қараңыздар, үйреніңіздер, қиялға ерік беріңіздер! Сіздердің қолдарыңыздан келеді!

Видео

Мастер-класс



Әдеби хронограф: Абай Құнанбаев

Сс, 14/04/2020 - 09:22 — Ольга А

Қымбатты достар!

2020 жылы ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы - тек Қазақстан халқының ғана емес, барлық әлемнің мақтанышы.

Әлем екпіндеп өзгеріп жатса да, Отанға, өз туғандарына деген сүйіспеншілік, достықты және адалдықты бағалай білу өзгеріссіз қалады. Міне Абай Құнанбаев осыған үйретеді, сондықтан да оның шығармалығына баға жетпейді. Сіздерге ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығына арналған "Әдеби хронограф" парақшасын тыңдауды ұсынамыз.

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 325 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана