Новости


Әжемнің ертегілері: Зерделі

Сс, 14/04/2020 - 09:16 — Ольга А

Балалар егерде бір қария сендерден: -Әкеден үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады,бір бала әкесіне жете туады,енді бір бала,ол кері туады,- деп сұраса,немесе: -Балам,ақыл кімнен шығады,асыл неден шығады,қанат неден шығады,жанат неден шығады,санат неден шығады,оғат неден шығады,соны білесің бе десе,не дейсің? Осы сұрақтардың жауабымен өз жауабынды салыстырғың келсе,біздің ертегіміздің бас кейіпкері білгір,шешен Зерделінің жауабын тыңда....

Видео



Балаларға базарлық

Дс, 13/04/2020 - 09:08 — Ольга А

Қазақмыс Тобы мен Қазақстан Жазушылар одағы жыл сайынғы ұйымдастыратын мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге арналған қазақ тіліндегі үздік әдеби шығармаларды анықтауға арналған «Балауса» байқауының бас жүлдесін иеленген суырып салма ақын, қолөнер шебері, әнші, балалар әдебиетінің белгілі өкілі, сатирик, домбырашы - Серікбаев Оспанов ағамыздың биылғы жылы 75 жылдық мерейтойы. Серікбай аға мерей тойыңыз құтты болсын. Сізге ғұмырыңыз ұзақ, деніңізге денсаулық, шығармашылық жолында шабытты болуыңызға тілектеспіз.

Бала кезінен әдеби туындылармен молынан сусындаған Серікбай ағамыздың өлеңдері таза, иірімдері жүрекке жылы тиеді. Сондықтан ол кісінің шығармаларын балалар сүйсініп оқиды. Сол поэзия жанрында көп еңбек етіп, оқырмандардың ыстық ықыласы мен құрметіне бөленген - Серікбай ағамыз өзінің тілге жеңіл, естіген жанға жағымды, көңілге жылы тиер әсерлі туындыларынан балаларға базарлық ұсынып отыр.

Видео



Мастер-класс: Баскетболды оригами тәсілімен ойнайық

Дс, 13/04/2020 - 09:00 — Ольга А

Бүгінгі үйірмемізде карантин уақытында балалардың зерікпеуі үшін оригами әдісімен баскетбол ойынын жасадық. Жасалу жолы қиын емес, бейнематериалдан қарап , жасап алуыңа болады.

Видео



Бейбіт Қойшыбаев

Дс, 13/04/2020 - 08:53 — Ольга А

Белгілі жазушы, тарих ғылымының кандидаты, публицист Бейбіт Қойшыбаев 1945 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген ғалым. Жазушының «Жақсы көрем» кітабына қала мен ауыл мектептерінде оқитын жасөспірімдердің тыныс-тіршілігінен сыр шертетін туындылар енген. Кітаптағы ұзақ әңгімеллер, шағын хикаяттар мен повестер өте қызықты және юмормен жазылған. Кітап жасөспірімдерге арналған.

Видео



Мұзафар Әлімбаев

Жм, 10/04/2020 - 09:30 — Ольга А

Назарларыңызға ұсынылып отырған Мұзафар Әлімбаевтың «Хат» атты жыр жинағы сол сұрапыл жылдардағы сарбаз ерлігін, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, азаматтық мінезін көркем тілмен өрнектейді. Бұл жырлар ақынның 1997 жылы шыққан екі томдығында жаряланған. Кітап барша оқырмандарға арналған.

Видео



«Өнегелі өмір» сериясы

Жм, 10/04/2020 - 09:24 — Ольга А

«Өнегелі өмір» сериясының кезекті кітабын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б.Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты және Францияның «SPl» -ай алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясы медалінің иегері болған жазушы Қоғабай Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған.

Видео



Нургали Ораз

Бс, 09/04/2020 - 09:52 — Ольга А

Н. Ораздың «Біз, ол, «Мерседес» және махаббат» атты жинаққа көптеген әңгімелері мен хикаяттары еніп отыр. Автордың ең алғашқы «Долана» атты әңгімесін де таба аласыз. Кітап жасөспірімдерге арналған.

Видео



Кел, балалар, оқылық

Бс, 09/04/2020 - 09:48 — Ольга А

Бір бай кісі өмірден өтер алдында баласына үш өсиет айтады. 1. Апта сайын қыз ал. 2. Қала сайын үй сал. 3. Ас ішсең бал же. Баласы әкесінің өсиетін орындауға тырысады. Ол дұрыс орындады ма? Қалай ойлайсыздар? Оны өздеріңіз тыңдап куә болыңыздар.

Видео



1 сәуір - Халықаралық құстар күні

Бс, 09/04/2020 - 09:46 — Ольга А

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.

Құстар — табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.

Көктемнің жаршысы болған құстарды «Ою ойғанның ойы ұшқыр» үйірмесінде фетр материалынан жасаймыз. Жасалу жолын бейнематериалдан қарап, жасап алуларыңызға болады.

Видео



Кел, балалар оқылық

Бс, 09/04/2020 - 09:43 — Ольга А

Балаларға арналған ертегілер-тәрбиенің өте тиімді құралы, сондай-ақ балалардың ең алғашқы өмірден алатын маңызды сабақтары. Сол себептен осы мол дүниеден балаларыңызға жақсылық пен жамандықты, адалдық пен достықты, қайырымдылықты бағалауға үйреткіңіз келсе халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай қазынасын ұсынуды ұмытпаңыз. Біздің кітапхана бастаған «Түнгі ұйқыға кетерде, әжем айтқан ертегі» деп аталатын айдары сіздердің назарларыңызға қазақтың тұрмыс-салт ертегілерінен бастап ертегілердің даналық әлемінен таныстырмақшы. Ең алғашқы ертегіміздің атауы - «Сыбызғы сыры».

Видео


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 324 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана