Новости


Чехов. Теңдесі жоқ өмір суретшісі

Бс, 27/02/2020 - 11:38 — Ольга А

Халықаралық зияткерлік онлайн-ойыны 26 ақпанда А.П.Чеховтың шығармашылығы бойынша өткізілді. Қатысушы командалар Челябі, Қостанай және Ломоносов (Санкт-Петербург қаласының Петродворцовый ауданы) қалаларынан болды.

Біздің қаламызды ЧелМУ Қостанай филиалының студенттері қорғады. Бұл А.П.Чеховтың өмірбаяны мен шығармашылығынан білімдерін, білгірліктерін, жақсы есте сақтауларын, логикалық тапсырмаларды шеше білулерін тексеретін, 10 сайыстан тұратын нағыз марафон болды. Портреттер, фотографиялар, лақап аттары және әрине, шығармалары — мұның барлығы ойын сұрақтарында болды. Ең қызық тапсырманың бірі: атақты эмодзи суреттері бойынша Чехов шығармаларының тақырыпатын құрау және басқа жазушылардың атымен сәйкес мерейгердің лақап атын табу.

Жалпы, ойын сәтті өтті, барлық командалар жақсы білім көрсетті, сипаттауы бойынша кейіпкерлерді таныды және филвордты жылдам шешті. Қостанай құрамасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Ойын қорытындысы:

Қостанай қаласының командасы – 1 орын.

Челябі қаласының командасы– 2 орын.

Ломоносов қаласының командасы – 3 орын.

Фото



Сундучок историй

Сс, 25/02/2020 - 14:55 — Ольга А

Блокада туралы ең жарқын әңгімелердің бірі — Геннадий Черкашиннің «Кукла» әңгімесі

Тарихтан шамалы: 2014 жылы 27 қаңтарда Лениградтың қоршаудан босағанынының 70 жылдығы аталды. 900 күн қоршауда болу қала тұрғындары үшін қатал сынақ болса, барлық адамзат үшін тарихтың сұмдық сабағы болды. Осы атаулы күн қарсаңында ағайынды Трауготтардың өткір суретімен Геннадий Черкашиннің КУКЛА кітабы жарыққа шықты. Бұл Ленинград құрсауынан босатылған кішкентай қыз туралы және қоршалған қалада өз иесін күтіп қалған қуыршақ Маша туралы оқиға.

22 ақпанда жаңа спектаклді оқып-танысуында «Сундучок историй» театр студиясының балалары осындай қуыршақпен (Геннадий Черкашиннің осы аттас кітабы)танысты. 

Бұл оқиғамен біздің жас әртістеріміз көктемгі каникул кезінде балалар кітабы апталығында таныстыратын болады.

Фото



Еурапа даласының көшпенділері. Алтын Орданың 750 жылдығы

Сс, 25/02/2020 - 11:00 — Ольга А

Алтын Орда қалай және қашан пайда болды? Ғасырлар тереңінде ол қандай болды? Қазіргі уақытта бұл ежелгі мемлекет туралы білім қалай өзгерді? Және шын мәнінде не болды?

Біз балалармен акт залына түскенде (№19 мектептің 7 сынып оқушылары) барлық қажетті ақпараттар біздің миымыздың бір түпкірінде екенін, біз білетінімізді кішкене қызықтыратын түрде естиміз деп ойладық.

Шындық басқаша болды.

Балалар мен оқытушыларды қызықтырған тамаша, терең қызықты дәріс болды. Шыңғысхан Алтын Орданың билеушісі болған жоқ деген басты "сілкіністердің" бірі болды.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Серікжан Сағындықұлы Исмаиловқа жеке рахмет. Ол құжаттар массивін зерттеу, тарих саласындағы ресейлік және халықаралық сарапшылардан көмек сұрауда тарихшыларға шыдамдылық қажет екенін айтты.

Осылайша, қазіргі Қазақстанда Алтын Орданың тарихын қайта құру басталды: оның құрылуы, гүлденуі және құлдырауы. Не үшін? "Өткенді кім басқарса, болашақты сол басқарады" деген пікірді Джордж Оруэлл қалай байқаған десеңізші.

Және тағы да: тарихты толық білу бізге өзіміздің пайдамызға асыруға және шын мәнінде қызықты келешекті ашуға көмектеседі. Әлем өзгереді. Ал сіз ше?

P. s. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Алтын Орданың 750 жылдығын тойлауды атап өтті. Бұл мереке биылғы жылы басталды.

Фото



Сундучок историй

Сс, 25/02/2020 - 10:59 — Ольга А

Жақында "Сундучок историй" театр студиясының қатысушылары І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына экскурсиямен барды. Экскурсия театрдың құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылды.

Балаларды монумент ғимараты, сәнделген ішкі құрал, көрермендер залы, гример; ең қатты таңқалдырған нәрсе - театрдың күмбезі астында орналасқан Қысқы бақ! Балаларға дайындық қалай өтіп жатқанын, осы сәттің маңыздылығын көруге мүмкіндік берілді, ойлануға мәжбүр етті.

Театр актрисасы, меценаттар сыйлығының лауреаты Диана Байдәулетқызы Тұрсыновамен кездесу маңызды және атаулы болды. Диана өте жас және балалармен бірге "бір толқында" болды, тең дәрежедегі диалог құрылды. Жеке және театр өмірінен қызықты сәттер, шеберлік сабақтары жас әртістердің есінде ұзақ қалады. Қазір олар кітапхана сахнасында өтетін шеберлердің сабақтарының жалғасын күтуде. Балалар кәсіби қызығушылықтар актрисамен үлкен достыққа айналады деп сенеді.

Ал әзірге ата-аналармен бірге А. Шаяхметтің "Өкініш" пьесасы бойынша спектакльді көруге дайындалуда.

Фото



Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секциясының жұмысы

Сс, 25/02/2020 - 10:45 — Ольга А

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секциясының жұмысы

24 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы базасында "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" ММ кеңейтілген алқа отырысы аясында Қостанай облысының балалар кітапханаларының басшыларына арналған секция жұмыс істеді.

Секция модераторы кітапхана басшысы Надежда Минеевна Теплякова болды. Секцияда 2019 жылға арналған Қостанай облысының балалар кітапханалары жұмысының қорытындысы айтылды.

Бірнеше жыл өзекті болып келе жатқан мәселі сұрақтарға көп көңіл бөлінді, атап айтқанда, кітапханаларды кітаппен толықтыру, жеткізушілермен жұмыс және кітапханалардың жоспарлы көрсеткіштерінің тым жоғары болуы.

Кітапханада кітаптарды сатып алу қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы, Мемлекеттік сатып алу рәсімі туралы Ы. Алтынсарин ат.

ОБЖК бухгалтері А. С. Моргунов айтып берді. ОБЖК басшысының орынбасары С. М. Байгенжина қажетті кітаптар тізімін қалыптастыру сәтінен бастап (ұсынымдық сервистерді көрсетумен) жеткізушілермен кері байланыс жасау сәтіне дейінгі кітаптар жеткізушілермен жұмыс кезеңдері туралы әңгімеледі.

Қарабалық балалар кітапханасы мен Қарабалық ОКЖ жинақтау бөлімінің бірлескен жұмыс тәжірибесі туралы балалар кітапханасы меңгерушісінің м.а. Р. Р. Феданова айтып берді.

Секция жұмысының соңында "Уақыт машинасы" желілік өлкетану өнімдері байқауының қорытындысы шығарылды.

Жоба сапалы, заманауи интерактивті өлкетану ресурсын құруға бағытталған. Байқауға барлығы 23 жұмыс ұсынылды.

Жеңімпаз атанғандар:

1 орын – Қостанай қ., А. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы – бөлім: Мұра: естерткіш және атаулы тақталар. Жұмыс: «Қостанайдың ескерткіш тақталары» аудиогид.

2 орын – Қостанай аудандық балалар кітапханасы – бөлім: Тың. Жұмыс: «Тың: тарих және адамдар» интерактивті плакат

3 орын – Денисов аудандық балалар кітапханасы – бөлім: Қостанай облысының киелі жерлері. Жұмыс: Денисов ауданының киелі жерлері» интерактивті плакат.

«Үздік дербес блог» номинациясында «Кравцов Григорий Михайлович» жұмысымен Федоров балалар кітапханасы аталды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық байқауға қатысушылар сертификаттарға және сыйлыққа кітапқа ие болды.

«Уақыт машинасы» байқауының демеушілері: «Romana nan» ЖШС, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Асем» ЖШС.

Фото



«Театр – өмір айнасы»

Жм, 21/02/2020 - 16:42 — Ольга А

"Таңғажайып театр!.. Иә, шынында да таңғажайып әлем емес пе, ұлы мәртебелі театр өнері!

Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени лаззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кіршіксіз де киелі дүниежүзілік театр өнерінің тылсым кереметтерінің нағыз жан дауасына айналғанына 3000 жылдың бедері болыпты. Сол таңғажайыппен көрісіп-тілдесу үшін ұлы өнердің нұрлы да сырлы сахнасы қазақ театрының ғажайып әлеміне саяхат жасадық…

21 ақпанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының жиырма жылдық мерейтойына арналған «Театр – өмір айнасы» атты сұхбат-кездесу өткізді.

Осы кешіміздің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бірмәнұлы Бекайдаров және ҚР "Мәдениет қайраткері” Досанова Ақдәмен Әбуәлиқызы қадірлі қонақтары болды.

Іс-шара барысында музыкалық номер орындалып, театр тарихына тоқталып, театр актерларымен қызықты сұхбат өткізілді. Көрермендер актерларға өз сұрақтарын қойып, театр туралы толық мәлімет алып, жақсы көңіл күймен тарқасты. Қостанай театры туралы, театр актерларының өмірі туралы жазылған кітаптар мен журналдар қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Фото



Сурет салу - керемет

Жм, 21/02/2020 - 15:34 — Ольга А

Шабыттандыратын сурет сабағы жалғасуда. Біз түс пен түр таңдауды үйренеміз, және де түрлі-түсті сергек көңіл-күйге бөленеміз. Құпия ретінде айтайын, жуырда біз ең батыл суретшілік тәжірибеге кірісеміз. Шығармашылық тұрғыда ойланамыз, еркін сурет салып, өнердегі өзіміздің жеке стилімізді іздейміз.

Жасы: 7 жастан асқан балалар, ата-аналарымен келгендерге 5 жастан бастап.

Уақыты: бейсенбі 15:00

Бағасы: тегін.

Шығын материалдары өзіңнен.

Жазылу үшін: 54 11 61

Фото



Алғашқы гастроль

Жм, 21/02/2020 - 15:32 — Ольга А

19 ақпанда «Сундучок историй» театр студиясы алғаш рет көшпелі спектакльге шықты.

«Маленькая страна» бала бақшасының тәрбиеленуші балаларына ертегі ала келді.

Нағыз күлдіргіш-әңгімеші, пештің үстіндегі Емеля, сөйлейтін шортан мен өздері жүретін шаналар — осының бәрі балақайларды керемет әсерге бөледі. Әртістердің өздері де аса зор әсерде қалды. Ертегіні кішкентай әрі талапшыл көрермендерге айту өте жауапты іс болып шықты. Біздің балаларымыз бұл тапсырманы да орындады. Балақайлар ду қол шапалақтап, өздерімен ойнауға шақырып, ұзақ уақытқа дейін жібергілері келмеді. Бұл тек бірінші бала бақша, алда әлі қанша бала бізді қонаққа күтіп жүр десеңізші!?

Фото



Қызықты физика. Біз көре алмайтын нәрселер қалай орналасқан

Бс, 20/02/2020 - 11:31 — Ольга А

Салалық әдебиеттер бөлімінде «Білім университеті» пәндер лекорийі аясында физика магитрі, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ математика және физика кафедрасының аға оқытушысы Юрий Петрович Мартынюкпен кездесу өтті. Мұндай кездесулердің мақсаты — ғылыми-көпшілік әдебиеттерін оқуға тарту. №2 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары шақырылды.

Лектор салыстырмалылық теориясы, уақыт пен кеңістік координаттары туралы айта келе, мысал ретінде ғимараттың төменгі қабатында, жоғарғы қабатқа қарағанда уақыт баяу жүретінін де атап өтті. Физика — іс пыстырарлық пән емес екен, ол табиғаттың адам сенгісіз заңдарын түсіндіреді.

Фото



Медиасауаттылық маңызды!

Бс, 20/02/2020 - 10:10 — Ольга А

Бұл барлық кезеңге және барлық жастағы адамдарға қатысты. Кітапханадағы ақпараттық сабақта Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс оқушылары осындай пікірге келді. Әңгіме ауаны жарнамалардың қулықтары мен айла-шарғылары туралы болды: түрлі салаларда медиалық адамдарды және "сарапшыларды" тарту, сандармен арбау, кемшіліктерге байлану және тауарлардың тартымды түрін жасау. Сондай-ақ: "жалған жаңалықтарда", жалған ақпарат таратудағы әлеуметтік желілердің рөлі, оқырмандардың назарын аудару үшін мақаланың "көзге ұрарлық" тақырыбының мүмкіндіктері.

Тұжырым: Фейк - жалған немесе қолдан жасалған. Факт — нақты болған оқиға. Сондықтан: жалған фактілерді тексеріңіз. Және сіз қатысқан оқиғаларға ғана сеніңіз.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 186 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана