Новости


Сурет сабағы. Кірпі.

Жм, 31/01/2020 - 13:11 — Ольга А

Сурет салу әлемді жаулап алды. Біреулер тоқиды, біреулер кесте тігеді, біреулер қолөнермен айналысады, ал біз сурет саламыз!

Бір қызықты дерек бар: біз айналамыздағы әлемді оның суретін салмайынша жақсы көре қоймаймыз. Жақсы суретсіз жақсы кескіндеме де жоқ.

Мүмкін, біз керемет көркем сурет шегіне жете алмайтын шығармыз, бірақ кітапханаға келген балаларға суретші Оксана өзіңнің алғашқы картинаңды қалай салу керектігін үйретеді.

Ол керемет болып шығады, сеніңдер! Ол өзінің білімі және құрал-саймандарымен бөліседі, үлгіде ғана қалып қоймауға көмектеседі, шынайы әрі қызықты жұмыс істеуге үйретеді.

Қаңтардағы сурет сабағы артта қалды, әр шеберлік сыныбы сайын балалар қатары өсуде. Қараңдаршы, «Қор жиғыш кірпі» шығармашылық сабағында не болғанын, соңында қандай керемет карниналар пайда болды.

Фото



Жажда человечности

Жм, 31/01/2020 - 13:09 — Ольга А

Кітап оқу әр адамның жеке ісі сияқты болып көрінетіні анық. Бірақ кейде талқылағың келетін, өзіңнің алған әсіріңмен бөліскің келетін, сұрақтар қойғың келетін кітаптар түсіп жатады. Біздің айналамыздағылар кітап оқуға қызықпайтын болса, не істеуіміз керек? Неесе біздің таныстарымыз мүлде басқа нәрсені жақсы көрсе? Кітап клубтары! Міне сені қай жерде тыңдайды, сенің сезіміңіді бөлісетін адамдар табылатын орын осы! Ы.Алтынсарин атындағы кітапханада жасөспірімдерге арналған «Жажда человечности» (ЖЧ) пікірталас клубы жұмыс істейді.

Клубтағы кездесулер — балама пікірлерді тыңдау және оқыған нәрсені басқа қырынан қарау мүмкіндігі. Клуб аясында біз бұрын естімегенді және өздерің мүлде таңдап оқымайтын кітаптарды талқылаймыз. Қатысушылардың таңдауы үнемі жаңа авторларды, шығарманы немесе толық бір жанрды табуға көмектеседі. Бізде дұрыс жауаптар жоқ, барлығын кітап туралы бір пікірге тоғыстыру мақсатымыз да жоқ, біздің мақсатымыз — әңгімелесу. Өздерің сияқты жақсы кітап таңдай білетіндердің компаниясында болғың келе ме? Кітапханаға ЖЧ келіңіз!

Фото



Кітаппен қысқы серуен

Ср, 29/01/2020 - 09:20 — Ольга А

Біз қысты не үшін жақсы көреміз? Жаңа жылдық сыйлықтар үшін ғана емес, табиғаттың ертегідей әдемілігі, қысқы ойындар мен қызықтар үшін жақсы көреміз. Сондай-ақ — бұл қызықты, таңқаларлық оқиғаларды оқу уақыты. Мысалы, Аяз Ата қайдан шығады, немесе қолғап қалай күшікке айналды, Вольфганг Амадея Моцарттың бесігі кішкентай қонжықты қалай әлдиленегні туралы. Біз, өнер жөніндегі әдебиеттер бөліінің кітапханашылары, № 21 мектептің 1 «б» сыныбымен осындай қысқы серуенге және кітаптар мен мультфильммен танысуға аттандық. Ал тоңып қалмау үшін сайысқа түстік — кімнің аққаласы күлкілі және ашық-жарқын немесе Аяз Атамен ойын ойнап, өзіміздің Аяз Атамызды өсірдік (әрине, оригами техникасында).

Ал алда тағы да бір ай бар. Және де көп қызықтар күтуде. Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз, біздің оқырмандарымыз!

Фото



Әдемі сурет сала білуді армандап жүргендер үшін!

Дс, 27/01/2020 - 15:47 — Ольга А

Балалар, бізде қонақжай өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінен екі жаңалық бар: 1) осы бейсенбі дәстүрлі емес техникада «Шығыс пейзажын» керемет салып шықтық.

2) Біздің сабақтарымыз бұрынғыша жалғасуда! Айтпақшы, сурет сала білу — көпшілік ойлағандай туа біткен дарын емес, қалыптасқан дағды. Кез келген адам сурет салып үйрене алады! Ол үшін сізге керегі — қарындаш, қағаз және өзіңізден нағыз суретшіні ашуға дайындық! Барлығы туралы сіз біздің шеберлік сыныптарымыздан біле аласыз.

Фото



АРТ-мұқаба суреттер байқауының қорытындысы

Бс, 23/01/2020 - 16:10 — Ольга А

Кітап — білім көзі екені баршаға аян. Ол өзінің ұшы-қиыры жоқ кеңістігіне бойлайтын жаңа тылсым әлемнің терезесін айқара ашады.

Театрдың киім ілетін жерден басталатыны сияқты, кітап та мұқабадан басталады.

Мұқаба – кітаптың жұмсақ қағаз жабындысы, сондай-ақ оның көркем безендірілу элементі.

Қай кезеңде де мұқабаны безендіруге аса назар аударылған: оларды алтын әшекейлермен, бағалы тастардың қиыршықтарымен, өрнектермен, көркем оюмен жабдықтаған. Мұқаба кітаптың бет-бейнесі бола отырып, қазірдің өзінде маңызды роль атқарады. Әр адамға мұқабасы жақсы безендірілген кітап жағымды көңіл күй сыйлайды.

22 қаңтарда біздің кітапханамызда 2020 жылдың мерейгер кітаптарынының мұқабасының үлгісін жасаудан тұратын «Арт-мұқаба» байқауының қорытындысы мен қатысушыларын марапаттау бойынша іс-шара өтті. Байқау 2019 жылдың наурызы мен қарашасы аралығында өткізілді. Оған 70-тен аса үміткер атсалысты: қала мектептерінің оқушылары, Л.И.Русин атындағы көркем сурет мектебі, А. И. Никифоров атындағы мектеп, сондай-ақ изо-студиялар мен аула клубтарындағы үйірмелерге қатысатын балалар.

Байқау қорытындысы бойынша:

Лауреаттар:

1. Харитонова Маргарита - «Шешімнің ерекшелігі» номинациясы

2. Тетеренко Олеся - «Түс таңдауы» номинациясы

3. Полтавец Анастасия - «Шығармашылық орындау» номинациясы

Жүлдегерлер:

3-орын - Тюлькубаева Дамиля

2-орын - Сосова Алиса

1-орын - Асанова Аделия

Барлық қатысушыларға зор алғысымызды білдіреміз, шығармашылық жеңістер мен жетістіктер тілейміз! Байқаудың демеушісі - Забота дәріханалар желісі.

Фото



Виртуалды әлем немесе Сақ болыңыз өркениет

Жм, 17/01/2020 - 16:17 — Ольга А

Бұл мүмкін емес! Мұндай ешқашан болған емес! Жалған ғой — сіздер айтыңыздаршы. Және сіздердікі шындық болып шығады. Айла-амалмен алдау тарихта көптеп кездескенін, замануи жарнамалар бізді қалай өз құрықтарына түсіріп жүргендері жайлы №2 мектеп-лицейінің алтыншы сынып оқушылары білді.

Сабақтың тақырыбы фейк болды — ағылшынның сленг сөзі, әдейі бұрмаланған жаңалық, дерек деген мағына береді. Шындықты фейктен қалай айырамыз және фейк ақпараттарға қалай төтеп береміз, фейкті кімге және не үшін жасайды, олармен қалай күресеміз? Осы сұрақтарға жауап іздеуде бізге «OYLA» журналы қашан да көмекке келеді.

Фото



«Сундучок историй» театрының құпия өзгеруі

Жм, 17/01/2020 - 13:49 — Ольга А

11 қаңтарда балалар, «Сундучок историй» кітап театрының қатысушылары Ежелгі мемлекеттерге саяхат жасады. Олар қазына іздеді деп ойлайсыздар ма? Жоқ, олар театрдың пайда болуының ұзақ тарихын анықтады. Ежелгі Египетте әйелдер музыканттардың сүйемелдеуімен қолдарына қуыршақ ұстап ауылдарды аралаған екен. Қуыршақтың қозғалып тұруы қиын болды, сондықтан оларды ең салтанатты сәттерде ғана қозғалтқан.

Бұл туралы біздің жас әртістеріміз болашақ театр қойылымы «Шортанның қалауы бойынша» ертегісіне арнап қуыршақтар жасау барысында білді. Қойылым кейіпкерлері өз қолдарынан жасалған қуыршақтар болмақ. Иә, иә, қуыршақтар да, декорациялар да хэндмейд үлгісінде болады.

Қуыршақтардың киімдерінің соңғы үлгіде болуы шарт емес, маңыздысы — әр бала басты роль — сиқыршыны сомдайды. Көрермендердің көз алдында жансыз заттың тірілуі нағыз ғажайып.

Фото



Өлеңдер сөйлесін

Ср, 15/01/2020 - 11:22 — Ольга А

Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден"

Ә дегеннен ғибрат алып келем.

Ұлттар үшін.

Жүз томдық жыр сездігі, деп-балаларға арнап көптеген қызықты өлеңдер жазған және сол балаларға арнап жазған өлеңдеріммен шынығам деген қазақтың қадірлі ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли ағамыздың 85-жылдық мерейтойына орай кітапханамызда бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Олар Қадыр ағамыздың қысқаша өмірбаяны мен естелігі жайлы сөз ететін «Балдырған жұлдыздарының шашуы» атты кітап көрмесі, сондай-ақ «Өлеңдер сөйлесін» деген атаумен өлеңдерін жатқа айту бойынша он күндік жыр микрофоны және мәнерлі де мәнді «өлеңдері қалтада» атты акция өтті. Қазіргі таңда ақынның өлеңдерін білмейтін адам кемде кем шығар. Оларды оқи бересің, ойлана түсесің. Өлеңдерін жатқа оқып, осы шараларға қатысқан оқырмандар ағамыздың тек қана өзіне тән ерекшелігі бар екендігін айтып, шынайы талант иесі, туған халқының тұтастығын қадір тұтқан қадірлі Қадыр ағамыздың поэзиясынан өздері рухани сусындап алғандарын айтып тарасты. Ал кішкентай оқырмандар Қадыр ағамыздың өлеңдерін қалай түсінгендерін әңгімелеп берді. Қадыр Мырза Әлиді ағамызды еске алу бағытында өткізілген іс-шаралар әр оқырманның жүрегінен өзінше орын қалдырғаны сөзсіз. Әртүрлі оқырман тобы, қатысқаны 21.

Видео



Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды

Дс, 13/01/2020 - 15:56 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сәбит Досановтың 80 жылдығына орай «Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды» атты кітап көрмесіне шолу кеші өтті.

Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара барысында оқушыларға С. Досановқа арнап түсірілген деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.

Торғай даласы ақындық, шешендік өнердің және батырлар өлкесі ретінде атақ-даңқы қазақ елі-жұртына ертеден –ақ мәлім болған.

Міне, солардың бірі – күні бүгінге дейін 30 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы жерлесіміз, көрнекті суреткер Сәбит Айтмұхамбетұлы Досанов.

Балаларды кітап көрмесімен таныстыру кезінде Сәбит Досановтың - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тарихи романдары – "Ақбас бүркіт»,"Жиырмасыншы ғасыр" эпопея, «Қыран мен жылан», «Хранители сокровенного», «Аптаның сегізінші күні» т.б. шығармаларына шолу жасап, қаламгердің шығармаларын оқуға шақырдық. Кітап көрмесі 1 ай жұмыс жасайды.

Фото



Жаңа жылдық ғажайыптардың жалғасы

Жм, 10/01/2020 - 10:58 — Ольга А

Айтыңыздаршы, жақсы компаниядағы жақсы отырыстан артық не бар! Дұрыс! Сүйікті кітапханадағы кездесу!

Бүгін біздің достарымыз - Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының және Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінің тәрбиеленушілері «Аққала қалай кітапханада ақыл-санаға үйренді» жаңа жылдық ертегісіне келді.

Мерейірімді Аққала қалай қуанды десеңізші! Тентек Жалмауыз кемпір барлығына ақыл-сананы үйретті, сонымен қатар балалармен де ойнады. Содан кейін Аққала ұлдар мен қыздарды өнер бөліміне шеберлік сыныбына шақырды.

Балалар, егер сендер Өнер бөлімінің қысқы шеберханасын білмейтін болсаңдар — бұл балалар мен ересектердің еркін әрі достық ортада шығармашылықтың түр-түрімен танысатын орта.

Міне, бұл жолы да бәрі дайын — түрлі-түсті қағаз бен жаңа жылдық ашықхаттың сұлбасы, әдемі әшекейлер үшін жылтырықтар мен қар ұлпалары, Аяз атаның мөрі және тағы басқалар.

Міне, қараңыздар, бізде не пайда болғанын! Қараңыздар, біз нешеуміз! Қанша көп болсақ, соншалықты қызықты!

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 100%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 456 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана