Новости


Тәуелсіздік күні

Жм, 13/12/2019 - 10:36 — Ольга А

Тәуелсіздік күні барлық қазақстандықтар үшін ең ерекше мереке болып табылады.

Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының балалары мен №8 ОМ 4 сынып оқушылары үшін «Тарих толқынында» ғажайып алаң ойыны өткізілді. Тосын студияда балаларды нағыз тосын сый күтіп тұрды: дәстүрлі іс-шараның орнына балалар таныс ойынға тап болды. Викторина сұрақтары арқылы 9 ойыншы таңдалып алынды. Олардың міндеті Қазақстанға арналған жасырын сөзді табу болды. Ойын барысында қатысушылардың толғанысы байқалды, бірақ олар жинақталып, жасырын сөзді тапты. Іс-шара соңында барлық ойыншылар кәдесыйларға ие болды.

Фото



Шыршалар әртүрлі болады…

Жм, 13/12/2019 - 10:33 — Ольга А

Өнер жөнінідегі әдебиеттер бөлімінде осындай атаумен шеберлік сыныбы өткізілді, оған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Жаңа жылға шыршаны әсемдеу — ежелгі дәстүр. Бізде балалар мишура мен кәмпиттерден шырша жасады. Міне одан не шыққанын қараңыздар.

Фото



Қазақтың әнші, бұлбұл қызы — Бибігүл Төлегенова

Жм, 13/12/2019 - 09:32 — Ольга А

12 желтоқсанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, КСРО халық әртісі, қазақ ән орындаушылық мектебінің жарқын өкілі, тамаша әншілік мектептің жолы мен дәстүрін жалғастырушы күміс көмей әншілеріміздің бірегейі Бибігүл Төлегенованың туғанына 90 жыл тоуына орай „Қазақтың әнші, бұлбұл қызы — Бибігүл Төлегенова„ атты сазды сағаты өткізілді. Іс-шараға №20 мектептің 5 сынып оқушылары келді. Іс-шара барысында әншінің өмірбаяны, қызметі, шығармашылығы туралы мәлімет берілді, балалар караокемен ән салды, қатысушылар назарына бейнеролик ұсынылды, Б.Төлегенова туралы кітаптар қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Фото



Аяз Атаның шеберханасы

Бс, 12/12/2019 - 16:42 — Ольга А

Міне көптен күткен балалық шақтың, ғажайыптың, барлық тілектер орындалатын мереке — Жаңы жыл жақындап келеді. Осы мереке қарсаңында өнре жөніндегі әдебиеттер бөлімінде іс-шаралар өткізілді: «Аяз Атаға хат» және «Шана күні». Тарих бойынша, 7 желтоқсанда аталып өтетін Екатерина шанашы күні шанамен сырғанауды бастаған, жәрмеңке ұйымдастырып, оларды сатқан.

Сенбі күні барлық тілек білдірушілер жайлы кітапханада оқудан тысқары шығып, еркін шығармашылыққа қосылды. Мысалы, №5 мектептің 4 сынып оқушылары әртүрлі шаналар жасап шығарды, содан соң «сатты». Ал осы мектептің 2 сынып оқушылары Аяз Атаның мекемесі — Ұлы Үстіртке барды, содан соң Аяз Атаға хат үшін мерекелік конверт жасады.

Фото



Қайырымдылық эстафетасы жалғасуда…

Жм, 06/12/2019 - 09:50 — Ольга А

5 желтоқсанда Әлеуметтік қызметтер көрсету аймақтық орталығының балалары үшін «Кітап аралдарына саяхат» теңіз қарақшыларының регатасы өткізілді. Оған қатысушылар барлық тосқауылдарды бағындырды: Сынақ көпірінен өтті, Аңыз аңғарының Ұшатын Голландтың елесінен қорықпады, қазіргі уақытқа дейін көмбелер сақталған нағыз теңіз қарақшыларының аралдары туралы білді. Барлық тостауылдардан өтіп, жас қарақшылар нағыз көмбені тапты. Бұл көмбе — біздің кітапхана, онда нағыз қазына — барлық әлемдегі кереметтер туралы жазылған қызықты, танымдық кітаптар сақталған.

Балалар барлық байлауларға белсенді атсалысты және теңіз қарақшысымен бірге қуана-қуана суретке түсті.

https://photos.app.goo.gl/CWEEdgSbbbtB16PSA " target="_blank">Фото



«Мейірімділік эстафетасы» Қостанайда

Сс, 03/12/2019 - 16:46 — Ольга А

Балалар, бізде жағымды жаңалық - 3 желтоқсанда біздің кітапхана "Мейірімділік эстафетасы" халықаралық акциясына, фестиваліне қосылды. Бұл маңызды іс-шараны Санкт-Петербург мемлекеттік Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған арнайы орталық кітапханасы ойлап тапты.

Фестиваль мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін ашуға және қолдауға мүмкіндік береді.

Эстафетаны "Декупаж техникасындағы шырша ойыншығы" атты шығармашылық шебеолік сыныбы ашты, оған Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінің балалары қатысты. Аралас техникаларды пайдаланып ескі компьютерлік дискілерден мастер-класс қатысушылары шыршаны безендірді. Бұдан не шыққанын қараңыздар...

Фото



Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы

Бс, 28/11/2019 - 14:21 — Ольга А

«Рухани жангыру» бағдарламасы аясында 27 және 28 қарашада №2 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушыларына, «Қостанай аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» тәрбиеленушілеріне, Жеке академиялық лицей, №8 мектеп-лицейінің оқушыларына Тұңғыш Президент күніне іс-шара өткізілді.

Балаларға Ұлт көшбасшысының өмірі туралы ақпарат берілді, ол үшін мемлекеттің бірлігі, Отанға деген сүйіспеншілік, өз еліне деген мақтанышқа тәрбиелеу маңызды. Н.Ә.Назарбаев туралы кітап көрмесі балалардың қызығушылығын туғызды.

Фото



Үш бәйтерек, үш ғұмыр

Бс, 28/11/2019 - 14:03 — Ольга А

27 қараша мектеп жасына дейінгі, кіші және орта жастағы балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі атанған: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтерге - 125 жыл толуларына орай дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларының назарларына мерейгер-жазушыларға арналған «Үш бәйтерек,үш ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылды.Оқушылары үш бәйтерегіміздің өмір жолдарынан қысқаша түсінік алып, мағыналы, мазмұнды шығармаларын ортаға салды.Кездесу соңында қатысушылармен мерейгер жазушыларымыздың шығармаларынан «мүшайра» дәстүрі бойынша өлеңдер жарысы өткізілді.Жарыстан женген жеңімпаз өз атынан 4 жол өлең шығарып,үш бәйтерегіміздің өшпес мұрасына сыйға тартты.Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек - Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары ғибратты да мәнді болып табылатыны кейінгі ұрпаққа үлгі екендігі түсіндірілді.

Фото



Көшбасшымыздың жасампаздық рөлі

Ср, 27/11/2019 - 16:24 — Ольга А

26-27 қарашада салалық әдебиеттер бөлімінде Тұңғыш Президент күніне слайд-сұхбаттар өткізілді.

Адамның лидерлік қасиеттерін талқылау үрдісі қызықтырды, көптеген балалар көшбасшы болуға ниет білдірді, бірақ талқылау барысында бұл әркімнің қолынан келе бермейтін іс деген қорытындыға келді. Адам өзінің не нірсеге қабілеті мен талпынысы бар сонымен айналысу маңызды. Тиісінше, президент болу - қарапайым жұмыс емес.

Іс-шара Тұңғыш Президенттің өмірі және оның Қазақстанның дамуындағы рөлі туралы кітаптарды таныстырумен аяқталды.

Фото



Біз Ыбырайды білеміз бе?

Дс, 25/11/2019 - 16:26 — Ольга А

2019 жылдың 25 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұлы жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеу және ағартушының тәрбиелік шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Сәтбаев қаласының «№ 19 мектеп-лицейі» КММ 8сынып оқушылары және Қостанай қаласының № 18 орта мектебі 8сынып оқушыларының қатысуымен «Біз Ыбырайды білеміз бе?» атты зияткерлік онлайн ойыны өткізілді.

Зияткерік ойын 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең «Шежіре». Мұнда Ы.Алтынсарин өмірі,туғандары жайлы сұрақтар қойылды. Екінші кезеңде «Сандар сөйлейді» деп аталады. Мұнда Ы.Алтынсаринге қатысты хронологиялық даталар мен атаулы оқиғаларға байланысты сұрақтар қойылды. Үшінші кезең «Кел, балалар,оқылық» деп аталады. (Ы.Алтынсарин шығармаларын жалғастырып және атауын табу). Төртінші кезең «Ойашар» деп аталады. Мұнда Ы.Алтынсаринге қатысты әр түрлі саладағы сұрақтар қойылады. Әр топтар Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы жайында өзара кезекпен бір-біріне сұрақтар қойды. «Көреремендерден сұрақ» деген кезеңінде қатысушыларға қара жәшікте не жасырылығанын анықтау қажет.

Ойын басында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Заитов Мақсат Ақылбек Шаяхметовтың Ы.Алтынсаринге арнап жазған «Мөлдір бұрақ көзін ашқан» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Шара соңында барлық қатысушы оқушыларға сертификат, ал ұстаздарға алғыс хат берілді. Іс-шара жоғары деңгеңгейде өтіп, мақсатына жетті.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 308 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана