Новости


Сундучок историй

Ср, 02/10/2019 - 16:49 — Ольга А

Что мне снег, что мне зной,

Что мне дождик проливной,

Когда мои друзья со мной!

Осы керемет әннің сөздері "Сундучок историй" театр студиясының балаларына арналғандай. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, олар 28 қыркүйекте сағат 14.00-де сабаққа келді, әдеттегідей, "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" жырын талқылау үшін дөңгелек үстел басында жиналды.

Тамыз айында кейбір балаларға этникалық театрлардың V Республикалық фестивалінде мемлекеттік Республикалық академиялық корей театрының "Қозы Көрпеш пен Баян сұлу" қойылымын көру бақыты бұйырды. Қойылым ерекше болды, "авангард" стилінде, тіпті корей тілінде — бұл студия шеңберінде әңгіме жалғастыру үшін басты тақырып болды.

Жас әртістер рөлдер бойынша оқып, эпостағы бейтаныс сөздер мен сөйлеу мәнерін талдады, кейіпкерлердің іс — әрекеттерін талқылады, бірақ бұл эпостағы шығарманың басы ғана болды, ал барлық негізгі жұмыстарды балалар өз бетінше үйде орындайды.

Қысқа уақыт ішінде біздің жас әртістер поэманы да оқыды, "жентек қар" ойынын да ойнады — студия жаңа әртістермен толықты, жазғы үй тапсырмасының орындалуын көрсетті! Айта кету керек, оның орындалуына балалар өте байсалды қараған. Студияда Б. Момышұлы, С. А. Есенин, И. Н. Крылов, Н. В. Гоголь, А. С. Пушкин сияқты авторлардың шығармалары аталды.

Ал жаңадан келгендер ше?- деп сұрасаңыз. Оларға еркін және достық атмосфера өте ұнады, барлығы студияның өз дарындарын ашатын орын болатынын атап өтті. Ал бұл басқа оқиға.

Фото



СУНДУЧОК ИСТОРИЙ

Ср, 02/10/2019 - 16:47 — Ольга А

Жазғы демалыстан кейін, 21 қыркүйекте жас әртістер театр студиясына жиналды. Бірінші тапсырманы орындап, балалар "Эпос"тақырыбын білді. Бұл өткен өткен заманда баяндалған оқиға болып шықты, ол ғасырлар бойы қалыптасып, ауыздан ауызға жеткізіліп отырған. Ертегілер, аңыздар мен хикаяттар, қиссалар мен тарихи әндер - осының барлығы эпос. Батырлық жырларда батырдың күші мен даңқты батырлардың ерліктері, әлеуметтік-тұрмыстық жырларда - бейбіт өмір сипатталған. Балалар әлем халықтарының шығармаларымен танысты, шумерлік эпостың ежелгі аңыздарының бірі - "Гельгамеш туралы ертегі" туралы білді.

Қазақ халқының эпосы ғасырлар бойы қалыптасқан. Халықта оны жыр деп атайды, домбыраның сүйемелдеуімен ақындар құйқылжытып орындайды. Балалар ерлік туралы баяндалатын "Қобланды батыр", "Алпамыс", "Қамбар батыр" эпикалық шығармаларымен танысты. "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу", "Қыз Жібек"ертегілері халықтың еркіндігі, махаббат, өмірі туралы баяндайды. "Қазақ эпосы" презентациясы және тақырып бойынша кітаптар сабақтың шырайын келтірді. Тыныс алу және дауыстық гимнастиканың дәстүрлі жаттығулары, жаңылтпаш оқу сабақты аяқтады. Ол "Алпамыс батыр"атты жаңа спектакльді қоюға зор күш-қуат берді.

Сіздерді жақын арада Ы. Алтынсарин атындағы кітапханада өтетін тұсаукесерде күтеміз!



Шығармашылықтың сүрлеу жолдары

Жм, 13/09/2019 - 10:20 — Ольга А

Саусақпен буланған шыныға немесе құмға таяқпен сызып жүріп, кенеттен суреттің пайда болу құпиясын ашатын баланың сезімін елестетіп көріңізші! Бұл көптеген жандарды әсерлендіретіні соншалық, қарындаштар мен бояулар олардың өмір бойы болмаса да, бірнеше жыл достарына айналады.

Әр бала ерекше әрі дарынды – бұл орындалмаған мүмкіндіктердің толықтай әлемі. Мұғалімнің міндеті осы дарынды ашу үшін баланың шығармашылығын жүзеге асыратын жағдай жасау болып табылады. Осыған жарқын мысал ретінде жас ұстаз, Қостанай педагогикалық институтының түлегі Старжинская Юстинаның жетекшілігіндегі Қарасу ауданы Ключевая орта мектебіндегі сурет студиясын атауға болады.

2 жылдан бері балалар аса жоғары қызығушылықпен студияға қатысып келеді. Осы уақыт аралығында мұғалімге сурет салу және қолданбалы өнердің көптеген қырларына қызығушылық танытатын дарынды әрі шығармашыл балаларды анықтады. Башарина Николь, Гаврилюк Екатерина, Умарова Дария, Умарова Жансая, Холкина Василиса өз дарындарын майлы бояумен сурет салуда көрсетті. Жармагамбетов Данияр графикаға қызығушылық танытады және оған қарындашпен сурет салған ұнайды. Симбаева Эвелина мен Жаркенова Ясмин гуашьпен және акварельмен сурет салады. Воскубенко Кристина мен Ниязова Эльданаға акварель бояуымен сурет салған ұнайды. Соколова Ольга, Омарова Алма, Ковалишина Диана, Дуйсен Аиша тек қана жақсы сурет салып қана қоймайды, оларға табиғи және жасанды материалдармен жұмыс істеген ұнайды. Барлық балалар көркем өнердің (сурет салу өнері) қыр-сырын табысты үйренуде.

Балалардың жұмыстарын біздің кітапханамыздағы өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінен көруге болады.

Фото



Рубик текшесін жинаудан турнир

Сс, 10/09/2019 - 16:23 — Ольга А

Әр сейсенбі, сағат 14.00 ден 15.00 дейін ғылыми - көпшілік әдебиеттері бөлімінде Рубик текшесін жинаудан турнир өткізіледі
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз
Ы. Алтынсарин атындагы Қостанай ОБЖК



Анам, әкем және Мен – тату отбасымыз

Дс, 09/09/2019 - 15:51 — Ольга А

«Біздің қоғамда отбасы әр түрлі ұрпақ арасындағы байланыстырушы буын, рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы болып қала береді». Сондықтан да 5 қыркүйекте Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталығы» тәрбиеленушілеріне «Анам, әкем және Мен – тату отбасымыз» сайыс-ойындық бағдарламасын өткізді, оған 22 адам қатысты. Балалар отбасының маңызы туралы айтты, барлық сайыстар мен викториналарға белсене атсалысты, отбасы туралы тақырыпта «Ералаш» тамашалады. Іс-шара соңында қатысушылармен «Әуенді тап» ойыны өткізілді.

Фото



С Днем Конституции!

Бс, 29/08/2019 - 16:56 — admin



«Монотипия» техникасымен теңіз

Ср, 17/07/2019 - 15:05 — Ольга А

Сурет салу — қиын емес, көңілді әрі қызықты. Әсіресе дәстүрлі түрде емес, мәселен, бүгінгідей кітапханамызда Қостанай қалалық ерікті мүгедектер қоғамының қоғамдық бірлестігінен келген балалар салғандай болса. Біз монотипия техникасында теңіздің суретін салдық. Балалардың суреттерінде теңіз иірімдері, балықтар тобыры, жоғарыға тартылған маржаннан өрілген жіптер пайда болды. Сондықтан да сурет салу зеріктірерлік әрі қиын деп ойласаңыз, онда сіз қателестіңіз! Барлықтарыңызға шабыт тілейміз!

Фото



Арт-мұқаба байқауы (шеберлік сыныптары)

Дс, 15/07/2019 - 14:18 — Ольга А

Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК наурыз айнда 2020 жылғы мерейгер кітаптардың Арт-мұқабасын жасау бойынша байқау жариялаған болатын.

Ғажайып мұқабалар әртүрлі техникада, әртүрлі көркемдік тәсілдер және материалдармен жасалуы мүмкін: сурет, фото, компьютерлік кескін, коллаж және т.б. Әр жұмы күні өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде мұқаба жасау бойынша шеберлік сыныптары өткізіледі.

Барлық тілек білдірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз!

Фото



Оригами мектебі

Жм, 12/07/2019 - 10:26 — Ольга А

… балалардың қабілеттіліктері мен дарыны — олардың саусақтарында. Бала қол шеберлігімен көп шұғылданса, ол ақылды болмақ. В.А. Сухомлинский

Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде «Оригами мепктебі» жұмысын жалғастыруда.

Әрбір ересек адам бала кезінде қағаздан кеме, ұшақ, бақа, қызғалдақ жасағаны белгілі. Алайда, мұның оригами деп аталатынын бәрі бірдей білген жоқ. Бүгінгі күні бұл қызығушылық бұрынғыға қарағанда кең тараған: онымен ересектер де, балалар да айналысады.

Оригами – бұл ежелгі шығыстан келе жатқан қағаздан пішін жасау өнері, көптеген ғасырлар бұрын Күншығыс елінен бастау алған.

Оригами бұл тек қызықты ғана емес, балалардың қолмен жұмыс істеу қабілетін дамытатын, саусақтарымен дәл қимыл жасауды үйрететін пайдалы әуесқойлық. Оригамимен әуестенетін балалар кеңістікте елестету қабілетіне ие. Олар сызбаларды қиындықсыз ажыратады, болашақ қағаз бұйымын жеңіл елестетеді.

Оригамимен айналысу есте сақтау қабілетін дамытады, мидың жұмысын белсенділендіреді, ойды жинақтау қабілетін дамытады, сондай-ақ, қолмен жұмыс істеуді, атап айтқанда, ұсақ маториканы дамытады.

Бүгінгі күні ғалымдар мен мұғалімдер бір ауыздан қолдың буындары мен баланың жалпы дамуында, оның оқудағы және шығармашылықтағы жетістіктерінің арасында байланыстың барын мойындайды.

Оригамимен баланың жүйелі түрде айналысуы – шығармашылықта жан-жақты дамуының, мектептегі сабағына ойдағыдай дайындалуының құрамдас бөлігі.

Барлықтарыңызды сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 15.00 күтеміз.

Фото



Сайын даланың күй сазы

Ср, 10/07/2019 - 09:43 — Ольга А

9 шілдеде Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде ұлттық музыка өнерінің ошағы ретінде күллі әлемді мойындатқан Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл толуына орай іс-шара өткізілді. Бұл - Қазақстанның музыкалық аспаптар өнеріндегі тұңғыш әрі бірегей оркестрі. Ол барша әлемге қазақ музыка мәдениетімен, сайын даланың баға жетпес әуендерімен, қазақтың бірегей музыкалық аспаптарымен таныстырды. Іс-шара барысында балалар оркестрдің құрылу тарихымен, оның репертуарымен танысты, сондай-ақ, олардың орындауында атақты күйлерді тыңдады. Ал шағын кітап көрмеден қазақтың музыкалық аспаптары туралы, қазақ халқының аспапты музыка тарихы туралы кітаптармен танысты. Іс-шара Ұлттық домбыра күніне орайластырылды.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 307 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана