Новости


Сундучок историй

Ср, 22/05/2019 - 16:19 — Ольга А

21 мамыр, ҚР мәдениет және өнер қызметкерлері күнінде кітапханада «Бату және оның достарының бастан кешкендері» спектаклінің тұсаукесері өтті. Спектакль қазақстандық жазушы Лилия Калаустың 50 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Қазақ ертегілерінің сүйікті әрі танымал кейіпкері — Алдар Көсе №13 негізгі жалпы білім беретін мектептің, №1 мектеп-лицейінің, Қостанай кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының балаларын қарсы алды.

Спектакль кейіпкерлерімен бірге: Батумен, Сашамен және Данамен олар шынайы өмірден параллель әлемге қызықты саяхат жасады. Алдар Көсе және массагеттер ханзадасы — Аспарамен балалар ертеде жоғалып кеткен құпияға толы даналық пен әділдіктің қасиетті Алтын тостағанын іздеуге аттанды. Жолда оларға аңыз кейіпкерлер — Жерасты әлемінің патшасы Жылан-баба хан, Жезтырнақ және Самұрық құс кездесті.

Барлық қимыл-қозғалыстардағы оқиғадан балалар қазақ мәдениеті, аңызы, тілі және еліміздің тарихы туралы білді. Кездейсоқ табысу пен жоғалту, сатқындық пен достар табу, ең бастысы — өзіңді табу, соңында көрермендер үшін нағыз тосын сый болды.

Қойылымнан көрермендер Самұрық құстың «Алтын тостаған — бұл біздің өміріміз» деген пікірін ойларына түйді. Балалар оны қандай оқиғалармен толтыратынын өмір көрсетеді, Аспараның ерлігі, құпия Жылан-баба Ханның күші, Самұрықтың даналығы мен әділдігі оларға үлкен өмірде дұрыс шешім қабылдауға көмегін тигізеді деп сенеміз.

Фото



Мәдениет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сс, 21/05/2019 - 10:30 — Ольга А

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен – Мәдениет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны ұрпаққа жеткізу, мәдениетті өркендету - баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады. Сіздерге мықты денсаулық, шабыт, бақыт және шығармашылық табыс тілейміз!



Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс

Ср, 08/05/2019 - 13:43 — Ольга А

6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күні мерекелері қарсаңында, Өнер бөлімінде №115 ОМ 1 сынып оқушыларымен „Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс„ іс-шарасы өткізілді. Еліміздің болашағы — кішкентай бүлдіршіндерге Жеңістің қасиеті, майдан даласының қиындығы, соғыс қарулары, Ұлы Отан соғысының батырлары, сондай-ақ жерлес батырлар туралы айтылды. Сонымен қатар, балалармен ойындар да ойнатылды. Ойын барысында ұл балалар нағыз батырлардың соғыс көлігі — танкты, ал қыз балалар Мәншүк пен Әлиядай батыр апалары сияқты соғыс қаруы — автоматты құрастырды. Соғыс кезінде ұрыс даласына ауыз су жеткізу де оңайға соқпайтыны белгілі. Сол сәтті сәл де болса сезініп, ойыншық машинамен су толы стақанды бір жерден екінші жерге төкпей-шашпай жеткізуге тиіс болды. Балалар барлық сынықтан сүрінбей өтті.

9 мамыр - бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Фото



Отан қорғаушылар күні

Дс, 06/05/2019 - 13:29 — Ольга А



Қаһармандық, ерлік, намыс

Сн, 04/05/2019 - 10:28 — Ольга А

Әрбір халықтың ұмытпайтын оқиғасы, атаулы күні болады. Барлық қазақстандықтар үшін бұл күн Ұлы Отан соғысы болып табылады. 2 мамырда мереке қарсаңында Қостанай аймақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталықтың балалары үшін Отанын қорғау үшін қолдарына қару алған кеңес одағы халқының ерлігі мен соғыс тарихына арналған ерлік сағаты өткізілді. Соғыс тарихының кадрлары балаларды соғыс жылдарындағы оқиғаларды басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Соғыс барлық отбасына, көптеген адамдардың тағдырларына енді. Әрбір отбасында сақтаулы тұрған тарих арқылы біз соғысты еске аламыз. Еске ала отырып, біз адамзаттық тектіліктің, кеңес сарбазының ерлігі мен қаһармандығының бүтін бір тарихи бетін ашамыз. Сондай-ақ, біз қазақстандық мерейгерлер - Ә. Молдағулова, Р. Қошқарбаев туралы да айтып өттік. 2019 жылы олар 95 жасқа толар еді. Мұндай іс-шаралар ерлік пен қаһармандықты, Отанға, халыққа деген сүйіспеншікті сезіне білуге, біз осы соғыс батырларының естеліктеріне лайықтымыз ба, біз солар сияқты ержүрек, батыл бола аламыз ба деген сауалдар төңірігінде ойнануға мәжбүрлейді.

Фото



Уақыттың өз жады бар

Жм, 03/05/2019 - 16:48 — Ольга А

3 мамырда кітапхананың акт залында Ұлы Отан соғысы туралы «Уақыттың өз жады бар» элегия кеші өткізілді. Шақырылған бозбалалар мен бойжеткендер Ю. В. Друнина мен Б. Ш. Окуджаваның шығармашылығымен танысты. Бұл авторлармен таныстық кездейсоқтық емес, 9 және 10 мамыр күндері оларға 95 жыл толар еді. Бұл авторлардың соғыс тозағы арқылы өткен өлеңдері мен әндері соғыс туралы кез келген оқулықтардан артық айтады. Соғыс туралы кинофильмдердегі Ю. В. Друнинаның өлеңдері оқылып, Б. Ш. Окуджаваның әндері әуеледі: «Белорусский вокзал» - «Здесь птицы не поют…» әні, «Женя, Женечка и «Катюша» - «Капли датского короля» әні. «Майдандағы тағдырлар» көрме-реквиемі іс-шараны толықтырып тұрды, көрме майдангер-жазушылар - В.П. Астафьевтің, Б.Л. Васильевтің, Ю.В. Бондаревтың, Б.Ш. Окуджаваның, Ю.В. Друнинаның соғыс туралы көркем шығармаларымен таныстырды.

Фото



Тілегіміз бір болса...

Бс, 02/05/2019 - 15:50 — Ольга А

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кіші оқырман залында «Тілегіміз бір болса...» этно-көрмесі безендірілді. Көрме бөлімдері қостанайлық ақындардың достық туралы өлеңдерінен құрылды:
1. Весело достар живут,
Дружно песенки поют.
«Сау бол» друзьям мы скажем,
О полянке все расскажем.
2. Дом готов! Он для друзей
Открыт и днем, и ночью,
Есть беседка для гостей,
Приходите — встречу!
Көрмеге 23 кітап қойылды: «Народы Казахстана», «Достық туралы ертегілер», «Моя Родина – Казахстан».

Бір шаңырақ астындағы әртүрлі ұлттардың мүсіндерінен құрылған достық шеруі көрменің сәнін келтірді. Балалар мүсіндердің ұсынған әртүрлі ұлттардың — корейлердің, армяндардың, қазақстардың, орыстардың, украиндықтардың киімдерін қызығушылықпен тамашалады.



Достық әуендері

Сс, 30/04/2019 - 08:34 — Ольга А

29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Достық әуендері» концерті өткізілді. Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері Сыркин Александрдің (балайка), Кириллов Егордің (гитара), Распетюк Владиславтың (балайка), Беляев Георгийдің (гитара), Баскаков Андрейдің (балайка) орындауларында сүйікті музыкалық әуендер ойналды: украин халық әні «Ніч яка місячна», Е. Брусиловский «Қыз арманы», Ф. Минисетти «Вечер в Венеции», И. Гайдн «Шутка» және басқалар. Гитара мен балалайка концертмейстер Екатерина Банникованың сүйемелдеуімен әуеледі (пианино).

Фото



Азия жүрегі

Дс, 29/04/2019 - 15:46 — Ольга А

29 сәуірде Халықаралық би күні атап өтіледі. Көрші екі елдің мәдениетімен таныстыруды біз халық би өнерімен шектедік, осы өнер түрімен Қазақстанға да, Өзбекстанға да таныс өкілдері - Шара Жиенқұловамен және Тамара Хануммен, заманауи би ұжымдарымен және осы заманғы жұлдыздармен таныстырылды, қазақ және өзбек билерінің ерекшеліктері туралы айтылды. «Өнер халықты байланыстыратын нәзік жіп сияқты, ол достықты бұзатын бір де бір күш жоқ», - бұл Тамара Ханумның сөзі, айтпақшы, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңына дәл айтылғандай.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 492 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана