Новости


Мысықтар күні

Сс, 05/03/2019 - 16:48 — admin

Мысықтар күні — мысықтардың құрметіне әлем бойынша аталып өтілетін бейресми мереке. Ресейде «Кот и пес» журналы мен Мәскеу мысықтар мұражайының бастамасымен, 2004 жылдан бастап оны көктемнің алғашқы күндерінде атап өтеді.

Біз де осы мерекеге қосылып, №2 мектептің 3 „б„ сыныбының балаларына мысықтар туралы ғана емес — сүйкімді әрі ерке үй жануары туралы, әртіс мысықтар туралы, Мәскеуде әлем бойынша тұңғыш «Кошкин дом» театрын құрған атақты сайқымазақ туралы айтуды жөн санадық. Оның есімі Юрий Куклачев, ол — мейірімді сайқымазақ, ол — Сайқымазақтардың алтын тәжінің иесі. Өзінің мысықтарымен Куклачев бар әлемді таңғалдырды. Ол мысықтары туралы кітап жазған. Олардың бірнешеуі біздің кітапханамызда бар. Мысалы, Наталья Владимировамен бірге жазған «Мои друзья - кошки», «Веселая арена», «Самый обычный сундучок» кітаптары.

Ал біздің кітапхана сандықшамызда әдеби мысықтар өмір сүреді. Біз балалармен бірге бас кейіпкері мысық болған кітаптарды есімізге түсірдік, себебі, оларға атақты жазушылар мен тіпті суретшілер де шығарма арнаған. Бұл Күміс тұяқ туралы ертегі жазған Павел Бажов және мысық Епифана туралы әңгіме жазған Евгений Чарушин, мысық Леопольд туралы оқиғаларымен Анатолий Резников, «Алтын кілт» ертегісімен Алексей Толстой …

Ерекше ақылды, өте әдемі, адал, өз адалдығын ашық көрсете білетін тәуелсіз жаратылыс туралы осы және өзге де кітаптарды оқуға уақыт табыңыздар.

Фото



«Мамандық әліпбиі»

Дс, 04/03/2019 - 15:40 — admin

1 наурызда Қостанай педагогикалық институтының филология факультетінің аға оқытушысы Кушкинбаева Қарлыға Теміржанқызымен, магистрант Динара Сагитовамен және филология факультетінің 2 курс студенті Гульфайруз Кадирбекпен кездесу өтті.

Кездесуге № 11 ОМ 9 сынып оқушылары шақырылды. Олар филология факультетінде қандай мамандықтарды алуға болатынына қызығушылық танытты, журналист, психолог, филолог мамандықтарына түсу үшін қандай емтихандар тапсыру керек екендігін сұрады. Университетке түсерде грантты қалай алуға болады? Бакалавриат және магистратура деген не? Осындай кездесулер болашағын айқындайтын таңдау алдында, 9 сынып оқушылары үшін өзекті деп ойлаймыз.

фото



«Алғысымды білдіремін...»

Дс, 04/03/2019 - 15:38 — admin

«Өз тарихыңды ұмытпа және мақтан тұт» - бұл Алғыс айту күнінің нақылдарының бірі.

1 наурызда Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде «Алғысымды білдіремін...» акциясы өтті. Оған осы күні келген оқырмандар қатысты. Келушілер кітапхана қызметкерлерінен барлық жақсылықты тілеген тілектер естіді. Оқырмандарға естелікке қазақ және орыс тілдерінде алғыс сөздер мен әдебиет пен оқу туралы атақты әлем жазушыларының сөздері жазылған біздің кітапханамыздың визиткасы берілді.



«Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»

Бс, 28/02/2019 - 11:43 — admin

27 ақпанда № 18 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушыларымен Ыбырай Алтынсарин есімімен байланысты «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам» экскурсиясы өтті.

Экскурсияға қатысушылар сұхбатқа белсене араласты, ұлы ұстаз туралы ақпарат беру танымдық әрі қажетті болып шықты. Өз жерінің патроиты, ғажайып адамның зор күшімен кең далада туған, Қостанайдың орталығында орналасқан облыстың ескі мектебінің бірі бар екенін көпшілігі білмейтін болып шықты. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының қабырғасынан Қазақстан мен оның маңайындағыларға аты шыққан ғылым және мәдениет қайраткерлері, жоғары үкімет марапттарымен марапатталған жұмыскерлер, Социалистік еңбек ерлері шыққаны белгілі. Олардың ішінде: көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері – Әліби Жангелдин; жазушы, Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалім – Спандияр Көбеев; жазушы, ақын, журналист, «Айкап» журналының алғашқы редакторы – Мухамеджан Сералин және басқалар. Ұлттық кадрлардың қайнар көзі бола отырып, мектеп көптеген қайта құруларды бастан өткерді және бүгінгі күні Ұлы ұстаздың дәстүрін жалғастырушы болып табылады.

Сондай-ақ, оқушылар жаңа экспонаттармен толыққан Ы,Алтынсарин атындағы мұражайда да болды.

Экскурсия «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Фото



«Кинусайга» өнері

Сс, 26/02/2019 - 15:17 — admin

Жапондық шеберлер бүкіл әлемнің қолөнер шеберлеріне канзаши, оригами сияқты қызықты техникаларды сыйлаған. Бірақ жапон өнерінен туындаған бұдан басқа да түрлері бар екен.

Біртума өнер «кинусайгамен» Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушыларын Көркемсурет мектебінің оқытушысы Александр Юрьевич Рерих таныстырды. Ол өзі шеберлік сыныбын өткізді. Бұл техника құрақ кестені еске түсіреді, бірақ ине мен жіп қажет етілмейді. Сондықтан да бұл техниканы қолөнер шеберлері «инесіз құрақ» деп те атайды.

Ежелгі шеберлер сұлбасын қағазға салып, оны тақтайшаға көшірген. Содан кейін болашақ суреттің жан-жағын ойып, оны жібек жіптермен толтырған. Осылайша, әртүрлі кішкентай бөлшектерден ауқымды зат шыққан, сөйтіп ол ерекше әдемі суретке айналған.

Уақыт өзгереді, материал өзгереді, бірақ түп-төркіні сол – адамдарға әдемілік жасау және сыйлау болып қала береді. 8 наурыз мерекесі жақындап келеді, балалар өздерінің сыйлықтарын (анасының фотосына жақтау) бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, осы техникада жасаймыз деп шешті.

Фото



Фетрдан жасалған телефон тыс

Сс, 26/02/2019 - 15:13 — admin

Мне подарили новый телефон –
Он очень современный.
Чехол красивый для него
Сошью я непременно!

25 ақпанда Өнер әдебиеттері бөлімінде Қосымша білімді дамыту аймақтық орталығының «Волшебники» изостудиясының балалары қонақта болды. Олар ұялы телефонға арналған тыс жасады. Әрине, сатылымда әртүрлі тыстар жетерлік, күн сайын әдемі, сәнді, ерекше тыстар ойлап табуда, бірақ өзіңнің талғамың бойынша бірегей тыс табу қиын.

Тысты былғарыдан, жасанды былғарыдан немесе жүн матадан тігуге болады екен. Немесе жылы, ыңғайлы әрі жайлы материал — фетрдан да тігуге болады.

Біздің қонақтарымыз өз қолдарымен керемет аксессуар жасап шықты.

Фото



Сөйлейтін қағаз

Сс, 26/02/2019 - 15:07 — admin

Қағаз сөйлей ала ма? Оғаш сұрақ… Біз оған бір нәрсе жазсақ, сонда мүмкін… «Оригами» үйірмесінің балалары 23 ақпанда қағаздың сөйлей алатынына көз жеткізді.

Қағазды сөйлей алуға үйретудің қарапайым тәсілі — оған ауыз жасап беру. Біздің үйірме қатысушылары дәл осылай жасады.

Шаршы мен үшбұрыштан олар қозғалатын бақылдақ бақа мен қу түлкіні жасады. Бұл жануарларды жасау техниканы ұқсас, қағаздың түсіне қарай әркім кейіпкерді өзінше таңдады. Кімде жасыл түсті қағаз болса, олар үйректермен бірге оңтүстікке ұшпақшы болған саяхатшы бақаны жасады, ал сарғылт қағазы бар балалар оқтауымен қу түлкіні жасады.

Ал содан соң!.. Түлкінің бір күні «орындықта жатып, құйрығын орындықтың астына, ал оқтауын пештің астына қойып...» деген әңгімесі Бақылдауық бақаның оқиғасынан қызықсыздау болды.

Кейіпкерлер тірілген кезде, кітап оқу да қызықтырақ!



Сундучок историй

Сс, 26/02/2019 - 15:03 — admin

23 ақпанда «Сундучок историй» театр студиясының кезекті сабағы өткізілді. Балалар «Сезім» еліне саяхат жасады.

Көрермендерге өзінің кейіпкерінің сезімі мен эмоциясын жеткізеру сөзі мен өнерін меңгерсе, әртіс көрермен үшін қызықты әрі түсінікті болмақ.

Сиқырлы елде балаларға әртүрлі тапсырмалар орындауға тура келді. Бұл артикуляциялық-саусақпен жасалатын «борсық», «арық», «сыбызғы», «терезе» сияқты жаттығулар. Олардың аттары ғана күлкілі, ал орындау қиын болып шықты. Сондай-ақ, «сиқырлы орындықта» отырып жұмыс үстелінде отырған Президентті, ренжіген Буротиноны, гүлдерден шырын жинаған араны салды.

Айбар Карбозов пен Даша Небоганы жаңылтпаштар жігерлендірді, олар өздерінің жаңылтпаштарын оқыды, және бұл керемет болды.

«Жаңбырдан соң», «Досыңмен кездесу», «Қуаныш биі» этюдтері біздің әртістеріміздің күнделікті тұрмыстағы әртүрлі жағдайларды ойнауға дайын екендіктерін көрсетті.

Саяхаттың шарықтау шегі «Қағазды жырту» ойыны болды. Әуелі қағазды жыртып, майыстырып, лақтыруға рұқсат етілді, содан соң оны жинау керек, ал не істеу керек, сөз бердік! Ойын жас әртістерге еркінсуге, теріс энергия мен агрессивті күштен арылуға септігін тигізді. Ең бастысы — берілген уәдені орындау, сөзде тұру.

Фото


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 135%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 643 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана