
Новости
Кәне көңілді отырайық
Сн, 05/05/2018 - 12:54 — admin4 мамырда мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапханамызға жаңадан келіп түскен, Дария Джумагельдинованың «Еркеғали есімді еркетай» атты кітабын таныстыру мақсатында кездесу өтті. Бұл таныстырылымға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Кездесу «Қане, көңілді отырайық» деген ұранмен өтті. Шығарма өте қызықты, тартымды, көңілді жазылған. Балалар шығармамен танысып, 3 топқа бөлінді, өз көзқарастарын әртүрлі әдіс түрімен талдады. «Оқу үйірмесі» әдісінде оқушылар шығармадан үзіндіні дауыс ырғағына келтіре отырып, мәнерлеп оқу жарысына түсті. Ал «Үш қалпақты» әдіс түрінде, үш түрлі қалпақты кие отырып, шығарманың теріс және оң қылықтарын, отбасындағы апа мен інінің, әке мен ананың және әженің қарым-қатынастарына өз ойларын қосты. шығармадағы бас кейіпкер дәл өздері секілді бала болғандықтан, кездесу оқушылардың арасында үлкен қызығушылық танытып, өте қызықты, көңілді, жеңіл өтті. Барлығы 33 бала қатысты.
Тума талант
Сн, 05/05/2018 - 12:49 — admin
2018 жылғы 4 мамыр күні өнер бөлімінде ҚР-ның Халық әртісі Н. Жантөриннің 90 жылдығына орай өткен «Тума талант» атты киносағатқа № 9 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
Заманымыздың ұлы өнерпазы, Қазақстанның халық әртісі, кино мен театр өнерінің хас жұлдызы психологиялық рөлдердің «шаппайбері», марқұм Нұрмұқан Жантөриннің даңқы дүние жүзіне мәлім екені зор мақтанышпен айтылды. Экран мен сахнадан нешебір өміршең кейіпкерлердің өлмес нұсқасын ғажап шеберлікпен жасап, төл мәдениетіміздің, ұлттық намысымыздың туын аспанға көтерген аса көрнекті тұлға ретінде таныстырылып, режиссер Дархан Әбдікұлының «Жантөрин - қазақ сахна өнерінің сапасы» атты деректі фильмінен үзінділер көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар назарына Нұрмұқан Жантөрин туралы қазақ және орыс тілдерінде шығарылған кітаптар ұсынылды.
Соғыс жаңғырығы мен ерлер естелігі
Сн, 05/05/2018 - 12:44 — admin4 мамыр күні мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Жеңіс күніне арналған «Соғыс жаңғырығы мен ерлер естелігі» атты мерекелік іс-шара өтті. Атаулы іс-шараға №1 мектеп-лицейдің 1 «Б» сыныбынан 28 адам және «Фемели Мест» отбасылық балабақшаның 20 тәрбиеленушісі қатысты. Жадынама вахтасы Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғалары туралы ақпарат элементтерін, кітап шолуды, деректі видео-хроникалардың көрсетілуін қамтыды. Қатысушылар кітапханашының әңгімесін мұқият тыңдап, сұрақтарды көптеп қойды, іс-шара соңында «И все-таки мы победили» әнін хормен айтты.
Отан қорғау - қасиетті борыш
Сн, 05/05/2018 - 12:33 — admin3 мамырда мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай «Отан қорғау - қасиетті борыш» деген атаумен ойын-сауықтық бағдарлама өтті. Іс-шараға «Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың» тәрбиеленуші ұл-қыздары (21 адам) мен №2 мектеп-лицейдің 3 «б» сыныбы (29 адам) қатысты. Барлық қатысушылар жүргізуші берген тапсырмаларды құлшына орындады. Бағдарлама барысында спорттық қимыл-қозғалыс, сондай-ақ зейінге, аңғарымпаздыққа арналған ойындар ойнатылып, әскери тақырыпқа бағытталған бірнеше викторина өткізілді және Отан қорғаушылар туралы әлеуметтік видеороликтер, презентациялар пайдаланылды.
Балалар денсаулығы — ұлт саулығы
Сн, 28/04/2018 - 13:27 — julia26 сәуір күні гендерлік теңдік бойынша іс-шаралар аясында №14 ОМ-тің 1 «а» сынып оқушылары үшін «Балалар денсаулығы — ұлт саулығы» атты спорттық марафон ұйымдастырылды. Және атаулы іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара басында балалармен жаттығу өткіздік, кейін жас спорт әуесқойлары «Жылдамдық» және «Зымыран» болып екі топқа бөлінді.
Іс-шара басынан аяғына дейін спорттық жарыстардан тұрды. Екі топ та жарыста бір-бірінен жеңілмеуге тырысты. Марафон соңында балаларға шығармашылық тапсырма берілді: ол - өздері жақсы қатысқан, спорт тақырыбына баннер құру болды. Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңді. Барлық қатысушылар спорттық жетістіктері үшін тәтті сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.
Балалар денсаулығы — ұлт саулығы
Сн, 28/04/2018 - 13:27 — julia26 сәуір күні гендерлік теңдік бойынша іс-шаралар аясында №14 ОМ-тің 1 «а» сынып оқушылары үшін «Балалар денсаулығы — ұлт саулығы» атты спорттық марафон ұйымдастырылды. Және атаулы іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара басында балалармен жаттығу өткіздік, кейін жас спорт әуесқойлары «Жылдамдық» және «Зымыран» болып екі топқа бөлінді.
Іс-шара басынан аяғына дейін спорттық жарыстардан тұрды. Екі топ та жарыста бір-бірінен жеңілмеуге тырысты. Марафон соңында балаларға шығармашылық тапсырма берілді: ол - өздері жақсы қатысқан, спорт тақырыбына баннер құру болды. Жарыс қорытындысы бойынша достық жеңді. Барлық қатысушылар спорттық жетістіктері үшін тәтті сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.
Астана — болашақ қаласы
Жм, 27/04/2018 - 13:54 — juliaБиыл Астананың астана мәртбесін ресми түрде алғанына 20 жыл толып отыр. Жыл бойы ел ішінде осы атаулы күнге арналған іс-шаралар өтуде. 26 сәуір күні кітапханада «Астана — болашақ қаласы» деген тақырыппен он-лайн ойын өтті, бұл ойынға Астана қ. мен Қостанай қ. 8-сынып оқушылары атсалысты. Қатысушылар алдын ала астананың тарихын, географиясын, әдебиеті мен көрікті жерлерін зерттеді. Дайындық барысында балалар қала туралы көп қызық мәлімет алды, мәселен, ғаламда Астананың 23 туыстас қалалары бар және дәл осы жерде атақты эпикалық «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» поэмасының шыққаны туралы білді. Ойын барысында Астананың нышаны — Бәйтерек неліктен 97 м; астаналық океанариум неліктен Гиннесс рекорд кітабына енді деген сияқты және басқа сұрақтар қойылды. Кездесу нәтижесі — Астана мен Қостанайдың ортақ жеңісі.
«Мамандық әліппесі»: журналист
Бс, 26/04/2018 - 15:49 — julia25 сәуір күні «Мамандық әліппесі» іс-шарасы аясында №11 мектеп оқушыларының «Костанайские новости» газетінің журналисі Мурат Төлеевпен кездесуі өтті, ол балаларға журналист жұмысының ерекшелігі туралы айтып берді.
Журналист мамандығы — қызықты және шығармашыл. Марат ағай қазіргі таңда облыстық «Костанайские новости» газетінің тілшісі болып қызмет атқарып жүр. Кездесу барысында ол 2018 жылы 15 жыл толған Қостанайдың ЖҚАЖ-ы туралы жазылған «Сильные парни с чистым сердцем» атты мақаласы жайында, қызмет көрсету саласы колледжінің түлектері туралы жазылған «Стране нужны специалисты? Страна их учит!» деген сияқты мақалалары туралы және басқаларын айтып берді. Журналист қызметін атқара жүріп, жарнамамен, режиссерлікпен және де қаламгерлікпен де айналысуға болады. Біздің қонағымыз осының бәрімен айналысады. Мәселен, ол «Правила угона», «Дорогая», «Расплата», «Чужой район» и фильмам «Невеста моего друга», «Мой дом - моя крепость» сияқты телевизиялық сериалдарға, кездесу барысында көрсетілген трейлерге сценарий жазған.
Мурат Төлеев «Лучшая третья подруга» атты өз кітабын кітапханаға тарту етті.










