Новости


Кішкентай оқырмандар үшін ерекше кітаптарға шолу

Бс, 08/01/2026 - 11:36 — Ольга А

Қиялға қанат бітіретін ертегілер, ой салатын әрі қызықты балаларға арналған әңгімелер жинағы, сондай-ақ жүрекке жылу сыйлайтын қыс мезгілі туралы шығармалар оқырмандар үшін ұсынылды.



Жаңа жылдық кітаптар топтамасы

Бс, 08/01/2026 - 11:07 — Ольга А

Балалар мен ересектерге арналған - жаңға жылы оқиғалар, әсем иллюстрациялар және мерекелік көңіл күй.
Ғажайыпқа сенім, жайлылық пен мерекені күту атмосферасын сыйлайтын бұл кітаптар қысқы оқуға және жайлы кештерге тамаша таңдау.



Сиқырлы ертегілер шеңбері

Сс, 06/01/2026 - 15:40 — Ольга А

Бүгін кітапхананың жас оқырмандары үшін «Сиқырлы ертегілер шеңбері» атты мульт-сағаты өткізілді. Балалар мультфильмді тамашалаумен қатар жұмбақтарды шешуге белсенді қатысып, өздерінің тапқырлығы мен зеректіліктерін көрсетті. Кейін мультфильмнің жасалу тарихына үңіліп, қызықты деректермен танысты. Мультфильмді көру балаларға жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.



Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!

Сс, 06/01/2026 - 15:21 — Ольга А

6 қаңтар күні «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мерекелік көңіл күй қалыптастыру, қатысушыларды Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімен, оның символдары мен кейіпкерлерімен таныстыру. Бағдарлама аясында жаңа жылдық викторина, «Аяз атаның қапшығы» атты қимылды музыкалық ойын, сондай-ақ «Жаңа жылдық мим» байқауы ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер жаңа жылдық ән орындап, шеңбер жасап би билеуге қатысты. Кездесу балалардың кішкентай кезден таныс кейіпкерлері бейнеленген мейірімді мультфильмді тамашалаумен аяқталды.



«Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!»

Дс, 05/01/2026 - 16:58 — Ольга А

Дәстүрлі түрде барлық балалар үшін ең сүйікті әрі асыға күтілетін мереке - Жаңа жыл. Бүгін №14 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін «Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар сиқырлы жаңа жылдық елге қызықты саяхат жасап, мерекенің тарихымен, Жаңа жылды әртүрлі елдерде атап өту дәстүрлерімен танысты, Аяз ата және оның көмекшілері туралы қызықты деректер білді. Балаларға арналған түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды, олар: жаңа жылдық жұмбақтар, сұрақ-жауаптар, әдеби және қимыл-қозғалыс ойындары. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, тапқырлықтарын, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мерекелік шара қызықты, достық қарым-қатынаста, мерекелік атмосферада өтті.



"Жаңа жылдық кітапхана": бірінші оқырман мерекесі

Дс, 05/01/2026 - 13:26 — Ольга А

Бүгін, 5 қаңтарда Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапхананың есігі 14 мектептің 7-сынып оқушыларына арналған "Жаңа жылдық кітапхана" мерекелік бағдарламасында ашылды. Бұл күні кітапхана күлкіге, қуанышқа және жаңа жылдық көңіл-күйге толы болды. Аяз ата мен Ақшақар бейнесіндегі кітапханашылар балаларға көңілді ашық ойындар мен қызықты жаңа жылдық викторина өткізді. Қатысушылар сұрақтарға қуана жауап берді, белсенді ойнады және жақсы көңіл-күймен бөлісті. Іс-шара соңында балалар өлеңдер айтып, тәтті сыйлықтар алды.

Бірінші оқырман мерекесі балаларға жарқын эмоциялар, күлімсіреу сыйлады және кітапхана тек кітаптар ғана емес, сонымен қатар жылы кездесулер, қуаныш пен сиқыр орны екенін тағы да еске салды.



Байқау

Дс, 05/01/2026 - 11:29 — Ольга А



«Жылқы және К»

Дс, 05/01/2026 - 10:56 — Ольга А

Күшті, шапшаң әрі көркем жылқылар қашанда адамзатты тәнті етіп келеді. Адамдар олардың асқақ болмысына ғана емес, сондай-ақ сезімталдығына, зеректігіне және ерекше сымбатына да әрдайым таңданыс білдірген.

Баршаңызды Жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, «Жылқы және К» атты видео-презентацияны назарларыңызға ұсынамыз.



Сәтті нөмір. Алғашқы оқырманмен кездесу-викторинасы

Дс, 05/01/2026 - 10:47 — Ольга А

Жыл сайын Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде кітапханада алғашқы оқырманмен дәстүрлі кездесу өтеді. Бұл игі дәстүрге айналған шараны оқырмандарымыз асыға күтеді. Аталған іс-шара жаңа оқырман жылының басталуын білдіріп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлайды. Осы күні оқырмандарымыз үшін «Сәтті нөмір» атты жаңа жылдық викторина ұйымдастырылды. Викторина барысында балалар шыршаның астына жасырылған, жыл бойына бекітілетін нөмірі бар қар ұшқынын табуы керек болды. Ал сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларды жағымды тосынсыйлар мен сыйлықтар күтті.

Алғашқы оқырман әрі жүлде иегері — № 3 орта мектептің 3-сынып оқушысы Ерболатқызы Дана атанды.



"Квизотека" интеллект-аренасы

Сн, 27/12/2025 - 17:31 — Ольга А

Квизотека: Жаңа жыл

Біздің Жаңа жылдық «Квизотекамыз» қатысушыларға қоңырау соғылар сәтке дейін-ақ нағыз мерекелік көңіл күй сыйлады! Ойыншылар қысқы сиқыр, әзіл мен тартысқа толы көңіл-күйге еніп, жылдың ең сүйікті мерекесі туралы білімдерін сынады.

Жеңімпаздар лайықты жүлделерге ие болды, ал барлық қатысушылар керемет көңіл күй, позитивті әсер және нағыз Жаңа жыл рухын сезінді.

Осы кеште бізбен бірге болған баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Алда бұдан да көп қызықты ойындар, жылы жүздесулер мен сиқырлы әсерлер болсын.

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Культ Мифического Рассвета

2 орын - Чайхана

3 орын - Биполярность

Ең үздік орын- Дос

Келесі ойында кездескенше!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 610 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана