Новости


Жастар кітабы күні

Бс, 06/11/2014 - 09:40 — admin

29-шы қазанда Жасөспірімдер кітаптары күніне арналған жыл сайын болатын іс-шара өткізілді. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау. Биылғы шара жәрмеңке стилинде өтті. Жылдағыдай бұл күні әр түрлі акциялар жүргізілді. Фойеде оқырмандарды қарсы алып, бөлімдерге шақырды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде жаңадан түскен кітаптармен таныстырып, қысқаша шолу жасады. Абонемент бөлімінде букенист дүкені жайғастырылды, онда оқырмандар сыйлыққа кітаптар алып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Негізгі іс-шара сайыс түрінде өтті. ҚМПИ студенттері қатысып, әдеби кейіпкерлерін еске түсіріп, өлеңдер оқыды. Сонымен бірге қандай және қай жерде кітап оқуға болатынын белсене талқылады. Мысал ретінде, саяхатқа өзімен бірге туристер анықтағышы мен Есеннинің өлеңдерін, саяжайға Толкиенді, ал тіс дәрігеріне Толстойдың «Война и мирін» алуға болатынын айтты. Кездесу көңілді және еркін өтті.

Оқырман залында «Әдеби жәрмеңке» жазуы ілініп, бірнеше алаңшықтарда ойындар өткізілді. Олар:

  • «Шебер әлемі» түсті қағаздардан оригами техникасын үйретті.
  • «Сиқырлы көз» ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік болды.
  • «Қуыршақ сиқыры» өз қалауымен оқырмандар қуыршақ спектакілін көрсетті.
  • Және де «Ғажайып қарандаш» алаңшығында бастаушы суретшіден оқырмандарға өз портреттерін сыйлады.

Весь фотоальбом



«Бір ел – бір кітап»

Ср, 05/11/2014 - 13:58 — admin

22 қазанда «Бір ел – бір кітап» акциясы шеңберінде Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» шығармалары бойынша оқырман конференциясы өткізілді.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сонымен қатар жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Конферецияға 11-ші мектептен 8-9 сыныптың оқушылары қатысты. Жалпы келушілердің саны-15.

Жазушының «Жусан иісі» повесі бойынша сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірталасқа белсенді қатысты. Жазушының бірнеше шығармалары бойынша шағын кітап көрмесі болды.

Көрмедегі жазушының шығармаларына шолу жасалды. Сонымен қатар презентация мен кітап бойынша буктрейлер ұсынылды.

(ссылка на фотоальбом)



Жусан иісі

Сс, 04/11/2014 - 10:08 — julia

30 қазан Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың 1-6 сыныптарға арналған бөлімінде «Бір - ел, бір - кітап» акциясының аясында Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы бойынша ролді саяхат іс шарасы өтті. Шараға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар автордың өмірбаяны мен шығармасына тоқталып, шығармасын талқылады. Оқушылар іс-шараның талапы бойынша автордың «Жусан иісі» шығармасымен алдын-ала танысып, іс шара барысында повесть бойынша құралған тапсырмаларды орындап, сол шығарма бойынша журналисттер, суретшілер, әдеби және психолог сыншылары болып, шығармаға ролді саяхат жасады. Журналистер басты кейіпкер Аянның ролін сомдап,сол Аяннан тікелей сұхбат алса, суретшілер шығарманы үлкен ватман қағазына түсіріп, салған суреттерін сөйлете білді, ал сыншылар повесті екі жақ болып талдап, ортаға салды. Шара барысында оқушыларды қызықтырған көптеген сұрақтар мен талдаулар көп болды. Шарада қолданылған әдіс түрі оқушыларға қатты ұнап, оқушылар өздерінің актерлік қабілетерін тамаша көрсетті. Шара соңында таңдау бойынша балаларға басты кейіпкерге хат жазу, не шығарманы өз қалауларынша аяқтау жұмысы тапсырылды. Бұл жұмыстың жеңімпаздарын сыйлықтар мен марапаттар күтетіні, сонымен қатар ең үздіктері кітапхананың «Ежик» журналына басылатыны айтылды.

PA308463.jpg

PA308478.jpg



Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы

Бс, 30/10/2014 - 15:43 — julia

24 қазан Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында бірінші облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Балалардың басын біріктірген кітап пен оқу және сонымен қатар өз оқуларымен бөлісуге келгендер үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды. Бұл байқауға қалалық және аудандық турдан жеңгендер қатысты. Барлық қатысушылардың саны 21 болды. Байқау аясында қатысушылар өздері таңдаған прозалық шығармадан үзіндіні қазақ немесе орыс тілінде дауыстап оқыды. Байқаудың басты шарты: шығарма мектеп бағдарламасына енбеген болуы керек.

news-30.10.14-1.jpg

Таңдалған шығармалардың ішінде көркем әдеби сөздің хас шеберлерінің туындылары: Сайын Мұратбековтың «Ананың арманы», Шыңғыс Айтматовтың «Материнское поле», Джеймс Гринвуд «Өгей бала», Владислав Крапивин «Болтик» және т.б. үзінділер оқылды.

Байқауға қатысушыларды білікті әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар құрамында:қоғам қайраткері, ақын, оқытушы - А. И. Суслова, И. Омаров атындағы облыстық қазақ театрының актеры - Қ. Иманов, Облыстық орыс драма театрының актрисасы - Л. И. Ромадина, Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының әдеби-кеңес орталығының жетекшісі - С. С. Юсупова, ал әділқазылар мүшесінің төрағасы - Қостанай облысының мәдениет басқармасының орынбасары - Әмренова Гүлнар Кабдуалиевна болды. Әділқазылар алқасы тек қана актерлік шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар образға енуін, көркем мәтіннің сезімділігін бағалады.

Әділқазылар алқасына балалардың дайындықтарын бағалау өте қиынға түсті, өйткені қатысушылардың барлығы да нағыз талант иелері болды. Бірақ байқауда жеңісте, жеңілісте болады. Сол себептен қатысушылар мынадай жүлделерге ие болды:

 

news-30-10-14-2.jpg

1орын - Қ. Сегізбаевтың «Жылдың ең қысқа күндері» шығармасымен, Мендіғара ауданынан келген - Орналы Майя.

2орын - С. Есенгелдиевтің «Жетім қыздың монологы» шығармасымен, Науырзым ауданынан келген - Адай Аружан.

3орын - Ж. Төлендінің «Сатқын» шығармасымен, Таран ауданынан келген - Нұргалиев Мерей

Актерлік шеберлігі үшін жүлдесі - О. Бөкейдің «Айпара-ана» шығармасымен, Қарасу ауданынан келген - Боранбаева Айша.

Ерекше шығарма жүлдесі - В. Крапивиннің «Болтик» шығармасымен, Қостанай қаласының оқушысы - Ермоленко Артем. Бейне сомдауда шеберлігі үшін жүлдесі - Ш. Айтматовтың «Материнское поле» шығармасымен, Сарыкөл ауданынан келген - Жанбалтина Алиша.

Байқау Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қаржылық қолдауының арқасында өтті. Сонымен қатар Татьяна Викторовна Двуреченскаяның "POZITIV" ЖК полиграфиясының арқасында барлық қатысушылар қосымша арнайы ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

фото

видео



«Зорлық- зомбылыққа қарсымыз»

Жм, 03/10/2014 - 15:11 — julia

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде 7-11 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқу залында халықаралық терроризге қарсы күрес күніне орай «Зорлық- зомбылыққа қарсымыз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға №11 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Әңгімелесіп,талқылау үшін мынадай сұрақтар ұсынылды:
Терроризм дегеніміз не,ол несімен қауіпті,неліктен 21ғасырда терроризм ауқымды мәселе және т.б. Әңгімелесу барысында теракт құрбаны болмау және кепіл тұтқын болып қалған жағдайда өзіңді қалай ұстау керек екені жайында сұрақтар талқыланды.(жадынама).Сонымен қатар балалардың назарына дайындалған презентация мен бейнетүсірілім көрсетілді.



«Кітап жабылғаннан кейінгі оқиға» фанфикшендер шеруі

Жм, 01/08/2014 - 14:26 — admin

 

Өзіңе қатты ұнаған кітаптың соңғы бетін оқып отырып,кітаптағы оқиғаның жалғасқанын қалайсың ба?! Мүмкін кітабындағы оқиғанын жалғасын ойлап тапқан шығарсың?! Онда сен біздің «Кітап жабылғаннан кейінгі оқиға»деп аталатын фанфикшендер шеруіне қатысуына болады. Енді сүйікті кітабыңның жалғасын қиялдап,қалауынша аяқтауға мүмкіндік бар.
Біздің байқау 2014жылдың 1 тамызынан 25 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жазыңдар!Қатысыңдар!Біз сендердің жұмыстарыңды күтеміз.


Бейнелеу сабағы

Сс, 08/07/2014 - 10:10 — julia

3 шілде кітапханада кезекті (осы маусымдағы соңғы) бейнелеу сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: «Жапырақтан жасалған қолтаңба».Бұл сабаққа біздер алдын-ала ағаш жапырақтарын дайындап қойдық. Сол жапырақтардың көмегімен балалар қыстағы не күздегі ертегі орманын жасады. Ал кейбіреулері болса жапырақтардан көрінбейтін ою-өрнек жасады.

Барлығы әдемі де,әсем болу үшін,жапыраққа қалың қылып гуашты жағып,қағаз бетіне жапырақпен қолтаңба қалдырсаң болғаны... суретін дайын.

Осы өткен сабаққа барлығы 15 адам қатысты.

Біздің сурет сабағымыз қыркүйек айында қайтадан жалғасады.



Бейнелеу сабағы

Сс, 01/07/2014 - 13:57 — julia

19 маусым күні қалыптасқан дәстүр бойынша жас суретшілерімізбен тағы жүздестік.Осы жолы сабақтың тақырыбы- «Нүкте арқылы сурет салу».Нүктелерді қоса салудың не қиындығы бар деп ойлайсыңдар,бірақ біздің бұл балалар үшін бұндай сурет салу үлкен жетістік. Біз балалар үшін алдын-ала дайындамаларын жасап қойдық. Онда пілдің,қоянның,мысықтың,балалар мультфильмінің кейіпкері-смешариктің,ал ұлдар үшін машиналардың нүктелерін жасап қойылды. Балалар осы нүктелері контур бойынша мұқият ұқыпты жүргізіп қосып,содан оны бояу керек.

Осы күні сурет сабағына 20 адамқатысты,оның 12 бала.



Бейнелеу сабағы

Сс, 01/07/2014 - 13:52 — julia

5 маусым күні мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кезекті бейнелей сабағы өтті.Сабақтың тақырыбы-қолтаңба немесе жай сөзбен айтқанда балалар өз алақандарының суретін салды. Алақандарын бояуларға малып,соны ақ қағаз бетіне түсірді,содан кейін ең қызықтысы басталды. Біздің суретшіміз Саша Шурыганың көмегімен балалар қиялдарын жандандырып, әлгі суреттерді әртүрлі жануарлар мен күннің көзіне айналдырып,теңіз тасбақасының және жираф пен сегіз аяқтың да бейнесін жасады.

Сабақ тақырыбы өте қызықты,бірақ өкініштісі сабаққа 5 бала ғана келді.(Артынан естуіміз бойынша кей суретші балалар былғанған немесе кір қолды ұнатпайды екен)).Өкінішті-ақ тақырып өте қызықты еді. Келген біздің суретші балаларымыздың суреттері өте тамаша болып шықты.



Халықаралық балаларды қорғау күні

Бс, 05/06/2014 - 15:24 — julia

Біздің кітапханамызда жаздың екінші күні жаңа модалы флешмоб биімен қоса, жұмбақтар мен әндер,сайыстар мен билер тамаша,қызықты мереке өтті. Осы Халықаралық Балаларды қорғау күніне шақырулар таратылды. Міне сол шақырулардан кейін осы мерекеге үлкендерді қоспағанда 147 бала қатысты. Мереке соңы тамаша көңіл күймен,балалардың сүйікті тәтті балмұздағымен аяқталды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 125%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 295 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана