Новости


«Еңбек адамдары» (подкаст, 7 бөлім)

Бс, 11/09/2025 - 11:51 — Ольга А

Қонақта – «Глобус» оқу-кадр агенттігінің директоры Светлана Термяева. Ол бүгінгі күні қандай мамандарға сұраныс көп екені, еңбек нарығының қалай өзгеріп жатқанын және неге жұмысшы мамандықтарының маңызы барған сайын артып келе жатқанын айтты. Қоғамға пайда әкелетін істі таңдаған адамдардың әңгімелерінен шабыт алыңыздар.



«Көңілді подкасты». 4-бөлім. «Маулина Шмитт»

Бс, 11/09/2025 - 11:37 — Ольга А

Книга Финна-Оле Хайнриха «Удивительные приключения запредельно невероятной, исключительно неповторимой, потрясающей, ни на кого не похожей Маулины Шмитт» - это уникальное явление в немецкой подростковой литературе. Сегодня мы поговорим чем же она принципиально отличается от других книг и почему её так важно прочитать.



Өмір ағымы

Дс, 08/09/2025 - 16:01 — Ольга А

2025 жылдың 8 қыркүйегі күні Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Бибігүл Қазыбаевна «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының «Тобыл тынысы» бағдарламасына қатысып, кітапхананың тынысы мен бүгінгі жұмысы туралы әңгімеледі.



"Квизотека" интеллект-аренасы

Дс, 08/09/2025 - 09:53 — Ольга А

Квизотека: Ережесіз – бұл ойын керемет өтті!

Біз бәрін төңкеріп, қалыптасқан ережелерді бұзып, нағыз зерделік ойын ұйымдастырдық. Командалар бір-бірімен жарысып, тапқырлық пен креативті көрсетіп, тәуекелден қорықпай, батыл қадамдар жасады.

Ойынның нәтижелері:

1 орын - КУЛЬТ МИФИЧЕСКОГО РАССВЕТА

2 орын - ЧАЙ ХАНА

3 орын - БИПОЛЯРНОСТЬ

Ең үздік орын - ЛЮТЫЕ КАЧУПАТКИ

Келесі ойында кездескенше!



Тіл достықтың көпірі

Жм, 05/09/2025 - 14:59 — Ольга А

Бүгін кітапхананың ғылыми-әмбебап әдебиет бөлімінде Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл достықтың көпірі» атты зияткерлік-танымдық ойын өтті. Бұл іс-шараға №19 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, олар тілдер әлеміне қызығушылық танытты.

Ойын достық көңіл-күйде өтті. Іс-шара интерактивті тапсырмалар мен ойын-сауық сұрақтары балалардың көңілін көтеріп қана қоймай, оларға тілдердің сан алуандылығын терең түсінуінге ықпал етті.

Нәтижесінде, балалар кітапханадан жаңа білім мен бір-бірімен қарым-қатынастан шабыттанып, керемет көңіл-күймен кетті. Мұндай іс-шаралар тіл әдебиетіне деген қызығушылықты дамытып қана қоймай, жастар арасындағы мәдени байланыстарды нығайтады.

Кітапхана ой-сананы сергітіп, зерделі тынығу алаңына айналды, бұл оның қарым-қатынас пен білімнің маңызды орталығы ретіндегі рөлін растады. Біз білім беру мекемелерімен одан әрі ынтымақтастыққа және болашақта осындай іс-шараларды өткізуге үміттенеміз!

Белсенді ынтымақтастық үшін мектеп әкімшілігіне алғыс айтамыз!



Тіл —халық мұрасы

Жм, 05/09/2025 - 14:50 — Ольга А

Жыл сайын 5 қыркүйек Қазақстанда Ұлы ағартушы, қазақ тілтанушысы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай Тілдер күні атап өтіледі. Бұл күн-елімізде тұратын ұлт өкілдерінің барлық тілдеріне құрмет. Қазақстан халықтарының Тілдері күнін мерекелеу күніне орай кітапханада № 21 жалпы білім беретін мектептің 5 және 6 сынып оқушыларына арналған "Тіл — халық мұрасы" атты лингвистикалық ойын өтті. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан тілдерінің байлығымен танысып, адам өміріндегі ана тілінің рөлін талқылады. Ойын барысында балалар жұмбақтар шешіп, лингвистикалық мәселелерді шешіп, әртүрлі тілдерде мақал-мәтелдер тапты. Іс — шара тіл әр халықтың мәдениеті мен дәстүрлерінің өте маңызды бөлігі екенін және адамдар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға ықпал ететінін еске салды.



Еңбек адамдары (подкаст, 6 бөлім)

Ср, 27/08/2025 - 12:25 — Ольга А

Қайырлы күн! Бұл – Қазақстандағы Жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Еңбек адамдары» подкастының жаңа шығарылымы. Бүгін біз «Happy Cake» @happycake_kostanay @happycake_rudnyi кондитерлік дүкендер желісінің кондитерлері – Байсалбаева Улболсын Қуандыққызымен және Бітібай Мақсат Дулатұлымен жүздесеміз.



Көңілді подкаст. 3-шығарылым. Графикалық романдар

Ср, 27/08/2025 - 12:21 — Ольга А

Графикалық роман – бұл көркем мәтін мен бейнелеу өнерін тоғыстырған заманауи әдебиет форматы. Ол оқырмандарға сюжетті қабылдаудың жаңа тәсілдерін ұсынып, шығарманың атмосферасына тереңірек енуге мүмкіндік береді. Мұндай жанр әсіресе жасөспірімдер мен жастар үшін тартымды, өйткені ол әдебиетті де, комикс өнерін де біріктіреді.



«Баршаға ортақ негізгі заң»

Сс, 26/08/2025 - 16:27 — Ольга А

Конституция күні – Қазақстандағы ең маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі және жыл сайын 30 тамызда аталып өтеді. «Ақ Нұр плюс» жеке мектебінің оқушылары үшін «Баршаға ортақ негізгі заң» атты іс-шара ұйымдастырылды. Кітапханашы оқушыларды Конституцияның пайда болу тарихымен таныстырып, оның мемлекеттік маңызы мен құрылымы туралы айтып берді. Балалар өз білімдері мен дүниетанымдарын көрсеткен құқықтық ойынға белсене қатысты. Сондай-ақ Конституцияда әрбір азаматқа берілген құқықтар мен бостандықпен қатар, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттері жөнінде де толық ақпарат алды.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 309 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана