«Тарих толқынында» деген атаумен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған іс-шара тарихи калдейдоскоп түрінде өткізілді.Іс-шара барысында Қазақ хандығы және оның құрылу тарихы айтылды.Шарада оқушылар екіге бөлініп,екі хандық болып жарысқа түсті.Олар осы тақырып аясында дайындалған сұрақтарға жауап берді.Балалардың өз елдерінің тарихы жайында жақсы білімдерін көрсетіп,белсенділік танытқандары қуантады.
Новости
Кітапты ашып әлемді таңы
Сс, 14/04/2015 - 15:44 — julia2 ақпан Халықаралық балалар кітабы күніне орай біздің бөлімінде әр елдің авторларының кітаптары қойылған «Кітапты ашып әлемді таңы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Таңдауы көп кітап көрмесі өзінің ерекшелігімен және көптеген қызықты кітаптарымен біздің оқырмандарды таңдандырды.
Есімі ел есіңде
Сс, 07/04/2015 - 10:12 — juliaКітапхана жыл сайын 2 сәуір әйгілі дат ертекші Г. Х. Андерсен туған күнінде Халықаралық балалар кітабы күні атап өтеді.
Биылғы 2015 жылы бұл күн Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл толуымен қатар келді. Сол себептен Халықаралық балалар кітабы күнінің «Жеңіс. Тарих. Кітап.» деген атаумен аталып өтті. Әдеттегінше бұл күн бірнеше іс-шаралардан тұрды. Оқырмандар кітапханадағы кіре берістен бастап «Кітап сыйлыққа» атты акцияға қатыса алды. Кітапханашылар бұл акцияда әскери тақырыпта 33 кітап ұсынды.
Күні бойына осы кітаптар өздерінің жаңа үйлерін тапты. Оқу залында «Сұрапыл соғыс» деген атаумен интелетуалды-танымдық ойын және «Өтті ғой соғыс» кітап көрмесі өткізілді. Абонементте оқырмандар назарына «Соғыс. Ерлік. Жеңіс. Естелік" кітап көрмесі ұйымдастырылып, облыстық өлкетану мұражайымен бірге "Соғыс хаттары» акциясы өтті. Мұражай қызметкерлері мұражай қорында сақталған жерлестеріміз соғыс кезіндегі хаттарының көшірмесін басты іс-шарада оқырмандарға таратты.

«Есімі ел есіңде» атты іс-шараға Ұлы Отан соғыс ардагері Нұрмагамбетов Әбілжан Жаметұлының қатысуымен өтті. Әбілжан Жаметұлы соғыс жайында және қандай шайқаста қатысқаны жайында айтып берді. Балалар ардагердің әңгімесін үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Көрермендер Ұлы Отан соғысы жайында аз мәлімет білгендіктен, сол ауыр кезінде көз алдарыңа елестету қиын екендігін мойындады. Әбілжан Жаметұлы жас ұрпаққа тек қана бейбітшілікте өмір сүріп, барлық майдангерлердің ерліктерін есте сақтауды тіледі.
Қыздар әлемі
Сс, 31/03/2015 - 12:45 — juliaКезекті қыздарға арналған клубтың отырысын маңызды тақырыпқа арнадық.Ұлы Отан Соғысының жеңісінің 70 жылдығына арнап В. Богомоловтың «Иван» повесімен ролді ойын өткізілді. Повесті оқыған оқырмандар кішкентай батырдың тағдыры оларды өте толғандырғаны жайлы өз пікірлерімен бөлісті.Ал оқымағандар повесть талқыланғаннан кейін оқығылары келіп кеткенін айтты.Еріктерінше повесті өзгертіп аяқтауға тапсырма берілді. Сонымен қатар бір қатысушы басты кейіпкер Иван Бусловтың соғыстан кейінгі өмірінен көрініс көрсетті.

Соғыстың балалары
Сс, 31/03/2015 - 12:24 — juliaБалалар апталығының бір күні «Соғыстың балалары» деген атаумен өтті. Бұл күні сол сұрапыл соғыс кезінде үлкендермен бірге ерлік көрсетіп,оларға көп көмек тигізіп,заводтар мен суық далада үлкендердің атқарған жұмыстарын атқарған,Отанды қорғаған партизан-балалар жайында айтылды. Өздерімен қатарлас балалардың өмірі мен тағдыры жайлы үлкен қызығушылықпен тыңдап, олардың өмірінен алынған көріністерді тамашалады. Көрермендер «Соғыс балалары»атты қоғамдық бірлестіктің төрағасы В.М. Синельниковтың сөйлеген сөзін өте жылы қабылдады. Ол өзінің соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп,жүрегінен шыққан тамаша өлеңдерін оқыды.

Ол жылдардың өшпес рухы
Дс, 30/03/2015 - 14:58 — juliaБалалар кітабы апталығының шеңберінде 28 наурызы суретшілерге, музыканттарға, кинематографисттерге, фототілшілерге арналған «Ол жылдардың өшпес рухы» атты іс шара өтті. Бұл екінші майдан болды. Майдан өнер әлемінде бірегей құбылыс. Суретші туындысынан балалар соғыс жылдарының көрініс көріп, ал фототілші болса соғыс кезінде фотосуреттер қалай жасалғандығы туралы бөлісті. Аялдайтын жерде балалар музыкалық мектебінің «майдан әртістерінің» орындауында ән тыңдады. Барлығы бірге «Катюша» әнін орындады. Көрермендер Ю. Яковлевтің «Балерина политотдела» кітабы бойынша, ҰОС шынайы оқиғасы жайлы айтатын «Мы смерти смотрели в лицо» фильмінен үзінді тамашалады.

Ленинградтық блокада
Сн, 28/03/2015 - 12:55 — juliaСоғыс балалары - сол жылдардағы әскери сұмдық, қорқыныштардың куәгерлері. Балалар кітап апталығының екінші күні біздің оқырмандарымыз сол жылдардағы Ленинград блокадасының кішкентай тұрғындарының өмірлерінің нағыз шыңдық оқиғасы жайлы көп ақпарат алды. «Ленинград блокадасы» кеші сол сұрапыл соғыс кезіндегі балалардың тағдырын, өмірін Харитонова Рита мен Шеляк Ангелинаның орындауында Г. Черкашинаның «Кукла» және Никольскаяның Л. «Должна остаться живой» атты кітаптардың кейіпкерлері арқылы сезіндіру. Кадрлар, кино естеліктері, «Тани Савичеваның күнделігі», метроном тарсылы, «Ленинградтық симфония» жанды дыбысы, ұлы Жамбылдың даусы және үнсіздік минөті - сол күндегі балаларға деген тағзым.

Балалар кітап апталығы
Сн, 28/03/2015 - 12:46 — julia«Соғыстың кітаптағы жаңғырығы» балалар кітап апталығы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналды. Кітап апталығының бірінші күні біздер жас оқырмандарға сол жылдардың ауырпалығын, қайғысын, қиындығын жеткізуге тырыстық. Балаларға Қазақстандық және жерлес батырлардың есімдері жайлы ақпарат бердік. Іс-шарамыздың сәнін Оля Нартованың орындауындағы «Пой солдат» өлеңі аша түсті. Іс шарадан соңында жаңа және тұрақты оқырмандарымыз тақырыпқа байланысты кітап көрмесімен танысып.
Караван Бота
Сн, 28/03/2015 - 12:41 — juliaБіздің кітапханамызда Наурыз мейрамы қарсаңында әйгілі тарихи тұлға Бұқар-жырауға арналған Республикалық әдеби эстафета «Караван Бота» атты онлайн конференциясы өтті. Қазақстанның бірнеше кітапханалары қатысты (Қарағанды, Орал, Шымкент). Кездесуге 11-ші мектеп оқушылары, Экономикалық колледжі және Челябі Мемлекеттік Университетінің студенттері қатысты. Сонымен қатар тарих және философия пәнінің мұғалімдері Качеев Д.А., Шалгимбеков А. Б. Оқушылар қазіргі Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы және тарихи тұлға Бұқар жырау жайлы әңгіме қозғады. Әр кітапхананың оқырмандары қойылған сұрақтарға жауап берип, өз ойларымен бөлісті. Кездесудің соңында Бұқар жырау қазіргі уақытта өте әйгілі тұлға және оның халықты бірлікке, тұтастыққа шақырғаны туралы мәңгілікке екенің дәлелденді.











