
Новости
IV Республикалық байқау «Шәкәрім оқулары»
Бс, 22/01/2026 - 17:45 — Ольга А
КІТАПХАНАДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ
Ср, 21/01/2026 - 10:42 — Ольга АБіздің кітапханада QOSTANAI телерадиокомпаниясының журналистері түсірген репортаж осылай аталды. Біз кітапханалық көптеген үдерістердің қалай цифрландырылып, автоматтандырылып жатқанын, сондай-ақ жұмыс барысында жасанды интеллекттің қалай енгізіліп жатқанын баяндадық.
Қысқы мотив
Сс, 20/01/2026 - 15:57 — Ольга А20 қаңтар күні «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Қысқы мотив» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара қатысушыларды Виталий Бианкидің «Лесные проишествия» жинағына енген «Синичкин календарь» қысқы әдеби ертегісімен таныстыруға бағытталды. Сондай-ақ бұл шара балалардың сөйлеу тілін және қиялын дамытуға ықпал етті. Іс-шара барысында қатысушылар қыс айлары туралы білді, сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар «Ассоциациялар», «Сөзді жалғастыр», «Жұмбақты тап» сияқты ойындарға қатысты. Тәрбиеленушілер барлық ойындарға белсенді қатысып, көңіл күйге бөленді. Кездесу ертегі желісі бойынша түсірілген мультфильм көрумен аяқталды.

«Көңілді подкаст». 6-бөлім. «Фокус» Стивен Кови
Сс, 20/01/2026 - 14:26 — Ольга АБасты мақсаттарға қалай жетуге болады? Өмірде неге басымдық беру керек: маңызды істерге ме, әлде шұғыл істерге ме? Стивен Кови өмірді біртіндеп жақсы жаққа өзгертетін тамаша кеңестер береді.
Автордан — кітапхана қорына тарту
Сс, 20/01/2026 - 14:11 — Ольга АЖазушы Серікбай Оспановқа кітапханамыздың қорына сыйға тартқан кітаптары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Әрбір кітап — оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, жас оқырмандардың рухани дамуына қосылған құнды үлес.

Қуыршақтар, дәстүр және шабыт
Дс, 19/01/2026 - 17:17 — Ольга А
Нотариустың атқарушылық жазбасы
Жм, 16/01/2026 - 14:56 — Ольга АСотқа жүгінбей-ақ қарызды тез әрі заңды түрде өндіруге бола ма? Иә, егер сіз нотариустың атқарушылық жазбасы туралы білсеңіз.
«Құқықтық лекторийдің» жаңа шығарылымында ЧелГУ Қостанай филиалы құқық кафедрасының студенттері нотариус Куккузов Марат Файзолаевичпен бірге нотариаттағы ең тәжірибелік құралдардың бірі – нотариустың атқарушылық жазбасын талқылайды.
Соттан тыс құқықтық мүмкіндіктерді білгісі келетіндер үшін қысқа, түсінікті және нақты ақпарат.
#ҚұқықтықЛекторий #АлтынсаринКітапханасы #ЧелГУ #ҚұқықтықКлиника #ҚұқықтықСауаттылық #Мұрагерлік #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок
Тәуекел сызығы: оқы да ойлан!
Бс, 15/01/2026 - 11:03 — Ольга АЫ. Алтынсарин атындағы ОБЖК-нда нашақорлықты қоғамның өзекті мәселесі ретінде көрсететін электронды кітап көрмесі ашылды. Кітаптарда есірткі мен алкогольді қолданудың салдары, тұлғаның күйреуі және салауатты өмір салтының маңызы баяндалады. Ертеңің үшін - бүгін ойлан.

«Квизотека» интеллект-аренасы
Сн, 10/01/2026 - 17:20 — Ольга АКвизотека: Классика
«Классика» квизотекасы жай ғана деректерді еске түсірумен шектелмей, ойлануға, салыстыруға және болжауға қызығушылық танытқан қатысушыларды біріктірді. Суреттер, дыбыстар және «ойлануға арналған» сұрақтар үнемі өзгеріп, ойынның қарқынын арттырып, финалға дейін назарды сақтап отырды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері, шынайы эмоциялары және керемет атмосфера үшін алғысымызды білдіреміз.
Ойынның нәтижелері:
1 орын – Биполярность
2 орын - Культ Мифического Рассвета
3 орын - Перчики
Ең үздік орын - ЧД
Келесі ойында кездескенше!




Кішкентай оқырмандар үшін ерекше кітаптарға шолу
Бс, 08/01/2026 - 11:36 — Ольга АҚиялға қанат бітіретін ертегілер, ой салатын әрі қызықты балаларға арналған әңгімелер жинағы, сондай-ақ жүрекке жылу сыйлайтын қыс мезгілі туралы шығармалар оқырмандар үшін ұсынылды.









