Бүгін 20.06.2025 ж. өнер секторында №23 мектебінің 4-сынып оқушыларына арналған "Қағаздан бұйымдар жасау техникасы" шеберлік сабағы өтті. Балалар оған белсенді қатысып, үлкен қуанышпен жұмыс жасады.

Бүгін 20.06.2025 ж. өнер секторында №23 мектебінің 4-сынып оқушыларына арналған "Қағаздан бұйымдар жасау техникасы" шеберлік сабағы өтті. Балалар оған белсенді қатысып, үлкен қуанышпен жұмыс жасады.

«Көңілді подкаст» — бұл қазіргі заманғы жасөспірімдер әдебиеті туралы ай сайынғы шолу. Әр бөлімде біз өзекті тақырыптарға арналған — әсерлі, батыл, күлкілі немесе жанға тиерлік кітаптарды таңдап, олар жайлы қарапайым әрі қызықты етіп әңгімелейміз. Жасөспірімдер неге осы кітаптарды оқиды? Кітап кейіпкерлері біз туралы не айтады? Бұл подкаст мектеп оқушыларына, ата-аналарға, педагогтерге және жасөспірімдердің әлемін әдебиет арқылы тереңірек түсінгісі келетін барлық тыңдарманға қызықты болмақ.
«Әйгерім-Ай» мектебінің оқушылары үшін «Кітаптар еліндегі көңілді старттар» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Командаларға жүгіру, секіру, доптармен, кеглилермен және шеңберлермен түрлі эстафеталық ойындар ұсынылды. Бұл сайыста оқушылар өздерінің спорттық және зияткерлік қабілеттерін көрсете алды. Балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

Кеше бізде қонақта Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханасында тамаша жан-депутат, «Азурит» @azurit_kst тігін фабрикасының директоры, «Профинструмент» @proffinstrument дүкенінің негізін қалаушы Светлана Валерьевна Шипилкина @svetlana_shipilkina болды. Біз бірге «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында подкасттар сериясын жаздық. Светлана Валерьевна өзін шабыттандыратын кәсіби жолымен бөлісіп, биылғы жылы өз саласындағы өзгерістер мен жетістіктер туралы айтты. Баршаға өте қызықты және шабыттандыратын әңгіме болды, әсіресе мамандық таңдау алдында тұраған жастар үшін өте тартымды және танымды болары сөзсіз. Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар- шығарылым жақында біздің платформаларда жарық көреді.

№13 ЖББМ, Абай атындағы ЖББМ және «School» жеке мектебінің 1-4 сынып оқушыларына арналған «Кітап қайдан шыққан» атты библиосабақ өтті. Іс шара барысында қатысушылар көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кітаптың қалай жеткенін көрді. Сонымен қатар олардың қалай пайда болғанын біліп, қазіргі заманның кітаптары қызықты, алуан түрлі әрі тартымды екені туралы пікір айтты. Оқушылар жазбаша ғана емес, электронды кітапқа да қызығушылық танытты. Сабақ барысында балалар кітап мұқабасына қарап, атауын тауып, хормен жарыса айтты. Библиосабақты жарқын презентация мен «Ералаш» бейнежазбасы толықтырды.

«Ақ Нұр Плюс» жекеменшік мектебінің оқушыларына арналған «Білімпадарға арналған экология немесе сабақта айтылмайтын тақырыптар» атты танымдық сағат өткізілді. Іс-шара барысында балалар экологиялық мәселелермен танысып, эко-викторинаға қатысып, экология тақырыбындағы бейнероликтерді тамашалады. Олар «Экология» ұғымын талқылап, оның нені үйрететінін терең түсінді. Шара соңында оқушылар «Жер» планетасын қорғап, сақтамасақ, бүкіл тіршілік жойылады деген қорытындыға келді.

Бүгін Sabi Start оқу орталығының тәрбиеленушілері үшін "Балық" атты шеберлік сабағы өтті. Балалар балықтардың қандай түрлері болатынын, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін және тағы басқа қызықты мәліметтерді еске түсірді. Ал кейін түрлі-түсті қағаз, желім мен қайшыны қолданып, осындай әдемі жұмыстар жасады.


14 маусымда дүние жүзіндегі мыңдаған адамдар инелерді, иірілген жіптерді алып, ең жарқын мерекелердің бірі — Дүниежүзілік тоқу күнін көпшілік алдында қарсы алу үшін көшеге шығады. Биыл ол 20-шы рет аталып өтіледі. Бүгін біздің кітапхана қасындағы аллеяда осы мерекені қолдаушылар мен тоқуды ұнататындар осы акцияға қатысу үшін жиналды. Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты-қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу және, әрине, тоқу. Қатысушылар өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Кездесу жылы қарым-қатынаста өтті.
