
Новости
Еңбек адамдары (подкаст, 5 бөлім)
Бс, 10/07/2025 - 12:27 — Ольга А«Еңбек адамдары» подкастының жаңа шығарылымы эфирде!
Біздің қонағымыз – дарынды бас аспаз, көптеген тележобалардың қатысушысы және «Аспаздар шайқасы» бағдарламасының финалисі Владислав Дикарев.
Тыңдаңыз, шабыттаныңыз, жаңашыл болыңыз — тек асүйде емес, өмірде де!
Бейбітшілік пен ізгілік қаласы – Бас қаламыз Астана
Жм, 04/07/2025 - 14:02 — Ольга ААстана күніне орай №3 Мектеп-гимназиясының 2–4 сынып оқушыларына арналған «Бейбітшілік пен ізгілік қаласы – Бас қаламыз Астана» тақырыбында тарихи-танымдық круиз өткізілді. Іс-шара барысында балалар Астананың басты символы – елтаңбамен, тумен және әнұранмен танысты. Сондай-ақ, оқушыларға елорда тарихы туралы аңыздар, викториналар ұсынылып, Астананың басты көрікті жерлері жайлы бейнероликтер көрсетілді.

Көңілді подкаст. 2 бөлім. Неліктен гауһар тастары судан қымбат? Экономика. Мани атты ит
Жм, 04/07/2025 - 10:03 — Ольга АМектеп бізді өмірдегі ең маңызды нәрселердің бәріне бірдей үйрете бермейді екен. Ал экономика туралы кітаптар мен қаржылық сауаттылықтың негіздері маңызды сұрақтарға қарапайым әрі түсінікті жауап береді. Мысалы: «Неліктен кейбір елдерде адамдар басқаларға қарағанда көбірек табыс табады?» «Бұл қазақстандықтар ағылшындардан жаман жұмыс істейді деген сөз бе?» «Мемлекеттің бюджеті деген не?» «Мемлекет бюджетіндегі ақша қайдан алынады?» «Неліктен Финляндияда білімге инвестиция салады?» «Банктер мен экономикалық теориялар қайдан шыққан?» «Неге жүз жыл бұрын бір-ақ демалыс күні болса, қазір екеу?» «Қалай табыс табуға, шығындарды жоспарлауға, жинақ жасауға, инвестиция салып, байлықты арттыруға болады?»
Осы және басқа да маңызды сұрақтарға үш бірегей кітап тиянақты жауап береді:
М. Бойконың «Неліктен гауһар тастары судан қымбат?» кітабы, Бодо Шефердің «Мани атты ит» және Б. Янишевскийдің «Экономика» кітабы.
Астана — жүрегім
Жм, 04/07/2025 - 09:42 — Ольга А3 шілде күні Қазақстанның Астана күні мерекесіне орай «Астана — жүрегім» атты іс-шара өтті. Іс-шараға «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері қатысты. Балалар Астананың басты рәміздерімен: елтаңба, ту және әнұранмен танысты. Сондай-ақ, елорданың тарихы туралы аңыздар мен викториналар ұсынылып, Астананың басты көрнекті орындары жайлы бейнероликтер көрсетілді.


Фанфиктер байқауы «Аяқталмаған ертегі»!
Ср, 02/07/2025 - 11:57 — Ольга АҚазақтың халық ертегілерін жақсы көресің бе және оларды жаңа қырынан ашқың келе ме? Онда бұл байқау-дәл саған арналған! Біздің Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхана ұйымдастырған байқау 10-15 жас аралығындағы балаларға қазақ ертегілерін өз қиялымен өрбітуге жол ашады.
Ертегінің жалғасын немесе балама нұсқасын қазақ немесе орыс тілінде жазда қиялыңды ұшта!
Жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 маусымнан 30 қазанға дейін.
Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болады, ал ең үздік деген фанфиктер «Ежик» журналында жарияланады!
Байқау ережесі және өтінім үлгісі — сілтеме бойынша: ЕРЕЖЕ

Еңбек адамдары (подкаст, 4 бөлім)
Ср, 02/07/2025 - 10:16 — Ольга АФабрикалар мен зауыттарда еңбек ететін қазақстандықтар кімдер? Арнайы жоба аясында біз еңбек адамдары мен олардың қызықты мамандықтары туралы баяндаймыз.
Жаңа сұхбатта біз «Азурит» тігін фабрикасының қызметкері Ширин Абдукаримовамен танысамыз.
Егер сізді шынайы оқиғалар, тәжірибеден алынған кеңестер және мамандыққа өмір сүру құралы ретінде қарау қызықтырса – бұл шығарылым сіз үшін пайдалы болмақ.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #ГодРабочихПрофессий
Балық
Дс, 30/06/2025 - 09:39 — Ольга АСенбі күні кезекті «Оригами+» қолөнер сабағы өтті, оның тақырыбы "Балық" болды. Сабағымыз сәтті өттіп, балаларға қатты ұнады да, осындай балықтарымыз шықты.

Еңбек адамдары (подкаст, 3 бөлім)
Бс, 26/06/2025 - 10:37 — Ольга А«Еңбек адамдары» подкастының жаңа шығарылымында, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біз кәсіпкер, депутат, электр құралдары дүкенінің негізін қалаушы, «Азурит» тігін фабрикасының директоры Светлана Валерьевна Шипилкинамен кездесеміз. Светлана өзінің кәсіби жолы туралы әңгімелеп береді. Соңғы бір жылдың ішінде саладағы өзгерістермен бөліседі. Жеке миссия ретіндегі құндылықтарды таңдауының мәнін түсіндіреді. Сонымен қатар, білікті кадрларды қолдау және аймақтық экономикаға қосқан үлесі туралы көзқарасы да маңызды болмақ.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #ГодРабочихПрофессий
Эко-кітап: Тимоте де Фомбель. Девочка из башни 330
Ср, 25/06/2025 - 15:18 — Ольга АФомбель Т. де. Девочка из башни 330 / Т. Фомбель. - Москва : КомпасГид, 2018.
Болашақ әлемінде адамдар алып әйнекті мұнараларда өмір сүреді, оқиды, жұмыс істейді, емделеді: ал сол мұнаралардың сыртында ешкімге, ешнәрсеге орын жоқ, тіпті табиғатқа да ,
Табиғатты құтқаруға бола ма?
Адам не үшін өмір сүруі керек?
Бұл кітапты қолға алған соң соңғы бетін жаппайынша ажырай алмайсыз.
Кітап планетамызды тоқтаусыз сарқылту салдарынан төнетін қауіп туралы, бұл туралы бизнес-корпорациялар мен билік үнсіз қалуды жөн көреді. Кітап ең алдымен жасөспірімдер үшін қызықты болады.









