Новости


Балық

Дс, 16/06/2025 - 15:20 — Ольга А

Бүгін Sabi Start оқу орталығының тәрбиеленушілері үшін "Балық" атты шеберлік сабағы өтті. Балалар балықтардың қандай түрлері болатынын, олардың қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін және тағы басқа қызықты мәліметтерді еске түсірді. Ал кейін түрлі-түсті қағаз, желім мен қайшыны қолданып, осындай әдемі жұмыстар жасады.



Өз планетаңызға қамқор болыңыз өйткені басқасы жоқ

Дс, 16/06/2025 - 14:41 — Ольга А
№ 24 мектеп-гимназиясының оқушыларына экологиялық мәселелер, табиғаттың бүгінгі күйі, сондай-ақ адамның қоршаған ортаға тигізіп жатқан іс-әрекеті туралы айтылды.
Іс-шара қоқыстарды дұрыс сұрыптау жайлы мультфильммен аяқталды.



«Әрқашан тоқу, барлық жерде тоқу» Көпшілік алдында тоқу күні

Жм, 13/06/2025 - 15:20 — Ольга А

14 маусымда дүние жүзіндегі мыңдаған адамдар инелерді, иірілген жіптерді алып, ең жарқын мерекелердің бірі — Дүниежүзілік тоқу күнін көпшілік алдында қарсы алу үшін көшеге шығады. Биыл ол 20-шы рет аталып өтіледі. Бүгін біздің кітапхана қасындағы аллеяда осы мерекені қолдаушылар мен тоқуды ұнататындар осы акцияға қатысу үшін жиналды. Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты-қарым-қатынас жасау, тәжірибе алмасу және, әрине, тоқу. Қатысушылар өз өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Кездесу жылы қарым-қатынаста өтті.



Ғылым жайлы қызықтар

Жм, 13/06/2025 - 14:26 — Ольга А

22 мектептің 4-сынып оқушылары үшін «Ғылым жайлы қызықтар» атты библиосабақ өтті. Іс-шара барысында балалар табиғаттың ғалымдарға қалай шабыт бергені және қазіргі өмірімізді елестете алмайтын бірқатар өнертабыстардың қалай пайда болғаны туралы білді. Балалар табиғаттағы құбылыстар мен тіршілік иелерінің суреттеріне қарай отырып, ғалымдардың жасаған өнертапқышын табуға тырысты. Сондай-ақ олар Мёбиус таспасымен танысып, оның ерекше қасиеттерін тамашалады. Сабақтың ортасында «Ералаш» үзінділері көрсетіліп, балаларға қуаныш пен күлкі сыйлады.



Күлкі мен әзіл – бәріне шаттық

Жм, 13/06/2025 - 14:12 — Ольга А

«Күлкі мен әзіл – бәріне шаттық» атты әдеби вояж №22 жалпы білім беретін мектептің 3-4 сынып оқушылары үшін өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар әзіл-оспақ жанрдағы көркем әдеби шығармалармен танысты. Г. Остер, Э. Мошковская мен И. Шевчуктың өлеңдері, В. Постниковтың «Ай да Пушкин!», «Царские уши», Д. Савчиктің «Рэпер» және Лариса Полозкованың «Усталость» атты әңгімелері мысалында оқушылар мектепте, көлікте, қонақта жиі кездесетін өмірлік жағдайларды талқылады. Сондай-ақ, осы тақырыпқа арналған «Ералаш» журналының бейнематериалдарын тамашалады.



Жойылып бара жатқан сұлулық

Бс, 12/06/2025 - 14:55 — Ольга А

Жалпы білім беретін №14 мектептің 4-сынып оқушылары үшін «Жойылып бара жатқан сұлулық» атты Қызыл кітап беттерімен экосаяхат өтті. Оқушылар Қызыл кітаптың не екенін, оның қашан пайда болғанын және қандай мақсатта құрылғаны туралы білді. Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлармен, құстармен және өсімдіктермен танысты. Сонымен қатар табиғатты сақтау маңыздылығы мен әр адамның қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі туралы әңгіме жүргізілді.



Көп оқысаң — көп білесің

Ср, 11/06/2025 - 12:40 — Ольга А

Бүгін №22 Жалпы білім беретін мектептің 1 және 2 сынып оқушылары кітаптар еліндегі саяхатқа аттанды. Балалар көңілді ойындар мен викториналарға қатысты. Олар сүйікті ертегілерінің сюжеттерін еске түсіріп қана қоймай, ертегі қойылымына қатысып, өздерін актер ретінде сезіне алды. Іс-шара қызықты әрі танымдық сипатта өтті.



Өз планетаңызға қамқор болыңыз, өйткені басқасы жоқ

Сс, 10/06/2025 - 15:17 — Ольга А

Ахмет Бірімжанов атындағы ЖББ мектебінің оқушыларына «Өз планетаңызға қамқор болыңыз, өйткені басқасы жоқ» атты танымдық-ойын бағдарламасы өткізілді.

Балалар экологиялық мәселелермен танысып, қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керектігін білді. Сұрақтарға белсенді жауап беріп, адамның қоршаған ортамен байланысын анықтады.



Кітаптар еліндегі көңілді жарыстар

Сс, 10/06/2025 - 12:20 — Ольга А

№14 орта мектеп оқушылары үшін бағдарламасы ауқымды көңілді жарыс ұйымдастырылды. Командаларға жүгіру, секіру, доптармен, кеглилермен және гимнастикалық шеңбермен эстафеталық қызықты сайыстар ұсынылды. Бұл сайыста оқушылар өздерінің спорттық және зияткерлік қабілеттерін көрсете алды. Балалар жылдамдық, ептілік, командамен жұмыс істеу дағдылары бойынша сайысып, белсенділік танытты.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 343 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана