Новости


Анонс

Дс, 04/05/2026 - 10:06 — Ольга А



«Квизотека» интеллект-аренасы: Квизотека: ЕРЕЖЕСІЗ

Сн, 02/05/2026 - 17:03 — Ольга А

Бұл — барлығы жоспардан тыс кеткен, ережелер әр тур сайын өзгеріп отырған нағыз квиз болды. Ешқандай жайлылық аймағы жоқ, тек реакция, логика және жылдам шешім қабылдау қабілеті сыналды.

Командалар ойлау икемділігін шындап дамытты: алдымен «не болып жатыр?» деген таңданыс, кейін «жақсы, ойнаймыз!» деген сенімділік болды.

Мән-жайды бәрінен бұрын түсініп, стратегиясын өзгертуден қорықпағандар жеңіске жетті.

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Культ Мифического Рассвета

2 орын - Биполярность

3 орын - Дельта - 6

Ең үздік орын- АДД Птахи

Келесі ойында кездескенше!



Кітапханаға сыйлық

Сн, 02/05/2026 - 11:34 — Ольга А

Гүлнар Жандыбаевадан Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қазақ және орыс тілдеріндегі тамаша балалар кітаптары сыйға келді.

Гүлнар Жандыбаева — қазақстандық жазушы, жиырмадан астам әдеби жобаның авторы, шығармалары қазақ және ағылшын тілдеріне аударылған. Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арнап жазады; әңгіме, повесть, ертегі, фэнтези, өлең жанрларында қалам тербейді. «Безмолвно бушующая фауна» (2016) әңгімелер жинағының, «Чудесная фауна» (2017), «Чердачные монстрики» (2018) ертегілерінің, «Колыбельные» (2017) балаларға арналған өлеңдер жинағының, «Между нами пропасть размером с Алматы» (2018), «Потому что я громко храпел» (2020) романдарының авторы. Сондай-ақ «Баланың жеке шекарасы» атты авторлық тренингтің негізін қалаушы, шығармашылық қауымдастықтардың шебері.

Жолданған кітаптар үшін Гүлнар Жандыбаеваға алғыс білдіреміз, шығармашылық табыс пен оқырманның мол ықыласын тілейміз!



Халық достығы — ел бірлігі

Ср, 29/04/2026 - 17:28 — Ольга А

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Академиялық лицейдің 4 «В» сынып оқушылары үшін «Халық достығы — ел бірлігі» атты достық пен бірлік сабағы өткізілді. Іс-шара танымдық бейнеролик көрсетумен басталып, онда оқушылар достық пен бірліктің негізгі ұғымдарымен танысты. Бейнероликтен кейін қатысушылар тапсырмалар орындауға кірісті: синквейн құрастырып, қазақ мақал-мәтелдерін олардың орыс тіліндегі аудармаларымен сәйкестендірді. Сабақ соңында викторина ұйымдастырылып, оқушылар Қазақстанның мәдени және тарихи ерекшеліктері туралы сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушы белсенділік танытып, туған ел мен оның мәдениеті туралы білімдерін көрсетті.



Менің жетістігім — менің нәтижем

Ср, 29/04/2026 - 17:14 — Ольга А

Мамандықтар әлемі қарқынды өзгеріп жатыр, бірақ әрқашан сұранысқа ие болып қала беретін салалар бар. Соның бірі — медицина.

№17 мектептің 7-сынып оқушылары медициналық колледждің өкілі Василишина Ольга Петровнамен кездесті. Оқушылар оны үлкен қызығушылықпен қарсы алып, мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, медицина саласына апарар жолдың қандай болатынын білді.



Көзге Көрінбейтін қауіп «Бізде басқа ғаламшар жоқ»

Ср, 29/04/2026 - 14:37 — Ольга А

Микропластик қазірдің өзінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды — ол суда да, ауада да, тіпті тағамның құрамында да бар. Біз оны көрмейміз, бірақ ол адам денсаулығына да, табиғаттың жағдайына да әсер етеді.
Бұл бейнероликте микропластиктің неліктен қауіпті екені және оның әсерін әрқайсымыз қандай қарапайым әдеттер мен маңызды шағын қадамдар арқылы азайта алатынымыз туралы айтылады.

https://youtube.com/shorts/UPM4gWCa03s



Ұлт өнерінің жанашыры - Ахмет Жұбанов

Ср, 29/04/2026 - 12:31 — Ольга А

Қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани қазынасының маңызды бөлігі – музыка өнері. Сол өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалардың бірі – Ахмет Жұбанов.  қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик. Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толып отыр.



Халықтар достығы – ел бірлігі

Сс, 28/04/2026 - 17:14 — Ольга А

Бүгін «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Халықтар достығы – ел бірлігі» атты достық сабағы өткізілді. Іс-шара елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықты, өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға бағытталды. Сабақ барысында тәрбиеленушілер Қазақстан халқының мәдени әртүрлілігімен танысып, республикада тұратын әртүрлі этностардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат алды. Танымдық әңгімелер, викториналар және интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, әртүрлі мәдениеттердің ерекшеліктері жайлы білімдерімен бөлісті. Әр халықтың әдеби шығармаларын оқу арқылы балалар адалдық, еңбекқорлық, өзара көмек және әділдік сияқты маңызды өмірлік құндылықтармен танысты. Іс-шара соңында қатысушылар достық пен адамдардың теңдігі олардың ұлтына байланысты еместігі туралы ортақ қорытындыға келді.



«Қостанай – Баку: мәдени диалог»

Сс, 28/04/2026 - 15:50 — Ольга А

28 сәуір күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде жылы әрі әсерлі кездесу өтті. Республикалық жастар кітапханасымен бірлесіп «Қостанай – Баку: мәдени диалог» атты онлайн-кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің құрметті қонақтары — «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері:

• Бірлестік төрағасы — Рафаил Саддадинович Гаджибалаев;

• Жастар қанатының жетекшісі — Лейла Керимова;

• Бірлестік белсенділері және Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің 8-сынып оқушылары.

Кездесу барысында екі елдің мәдениеті мен дәстүрлері өзара үндесті. Баку қаласындағы әріптестер Наурыз мейрамының терең мағынасы мен ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімеледі. Ал біз өз тарапымыздан жергілікті этномәдени бірлестіктің қызметін таныстырдық.

Кездесудің ең әсерлі сәті — шығармашылық өнер болды. ұлттық биі көрерменге ерекше көңіл күй сыйлап, нағыз мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Бұл жай ғана онлайн кездесу емес, достық пен өзара құрметке негізделген екі мәдениеттің шынайы рухани диалогы болды. Барлық қатысушыға осы жылы күн үшін алғысымызды білдіреміз!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 242 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана