Новости
Жанданған күнтізбе: Сергей Козлов
Бс, 22/08/2024 - 11:26 — Ольга А2024 жылдың 22 тамызында бізге Кірпі, Қоян және Қонжық туралы, Арыстанның күшігі мен Тасбақа туралы таңғажайып әңгімелер сыйлаған жазушы-ертегіші, ақын, сценарист – Сергей Козловтың туғанына 85 жыл толады. Сергей Козловтың ертегілері мейірімділікке толы, достық, өмір, тіпті тұманда да сұлулықты көре білу туралы мағынаға толы.
Экскурсия
Бс, 15/08/2024 - 14:04 — Ольга А№7 ЖББМ 2-4 сынып оқушылары үшін экскурсия өтті, онда қатысушыларға кітапхана ережелері туралы айтылды. Балаларды абонементпен, оқу залымен және ойын бөлмесімен таныстырды. Балалар алуан түрлі кітаптардың көптігіне сүйсініп, кітапты үнемі оқу керек деген пікірге келді.

Жазғы ойын алаңдары жалғасуда!
Бс, 15/08/2024 - 12:13 — Ольга АБүгін бізге 7 мектептің оқушылары келді. Балалармен бірге ескі журналдардың жолақтарынан панно жасадық. Бізде осындай мысықтар пайда болды.

Бодо Шефер «Пёс по имени Мани»
Ср, 14/08/2024 - 14:55 — Ольга АБодо Шефер-ақша және байлық жасау тақырыбында жазған ең табысты авторлардың бірі. Оның барлық кітаптары ең үздік сатылымға айналды және 30-дан астам тілге аударылды. Әлемдегі ең танымал қаржы туралы «Пёс по имени Мани» кітабы жалпы таралымы 3 миллионнан астам данада жарық көрді. Азияда оның сарыны бойынша балалар мюзиклі қойылды, сондай-ақ өте сәтті комикстер сериясы жасалды.
Кітап 2023 жылы Минскіде Попурри баспасында басылып шықты және оны 7-сынып оқушысы Алкау Ляйсан таныстырды.
«Жанданған күнтізбе: 2024 жылдың мерейтойлары»: Зәуре Төреханның
Сс, 13/08/2024 - 09:56 — Ольга АЖазушы З. Төрехан 2014 жылы «Алтын Қалам» ұлттық әдеби бәйгесінің «Жылдың үздік балалар әдебиеті» жүлдесін иеленген. Осы байқаудан соң Алматы кітап баспасы Зәурені бірлесе жұмыс істеуге шақырып, оның «Әмина Тұран көшпенділер елінде» атты тұңғыш фэнтези романын шығару құқығын сатып алады. Кітап 2018 жылдың тамыз айында шығарылып, Мәскеу, Франкфурт, Ашхабат халықаралық кітап жәрмеңкелерінде көпшілікке таныстырылған. Сонымен қатар 2019 жылы Брюссель қаласында өткен «Ашық Евразия» халықаралық әдеби байқауында 3-орынды иеленді.
«Дана ақын, дара ақын» Абай күні көрме-челледж
Жм, 09/08/2024 - 14:23 — Ольга ААбай Құнанбаев – қазақтың ақыны, сазгері, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұңғыш классигі. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы, Шыңғыстау етегінде дүниеге келген.Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысына сәйкес қазақтың ұлы ақынының туған күні Қазақстанда ресми мереке болып жарияланды.
Осы айтулы оқиғаның құрметіне Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана қабырғасында көрмемен бірлесіп іс-шара өткізілді. Бұл челленджге 7-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар жазушы шығармаларының көрмесін тамашалап, Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар балалар ағылшын, фин, неміс, украин және испан тілдерінде жазушының өлеңдерін оқыды.
Іс-шараның өзі жағымды және жайлы атмосферада өтті. Соңында балалар «õzen» лейблі қатысушыларының орындауындағы музыкаға салынған Абайдың өлеңін тыңдады.

Мен өз өлкемді білемін: өлкетану нұсқаулығы
Ср, 07/08/2024 - 17:32 — Ольга АҚостанайдың 145 жылдығы қарсаңында кітапхана оқырмандарына «Мен өз өлкемді білемін» атты өлкетану гид ұйымдастырылды. Іс-шара Б.А. Старшининнің Қостанай туралы «Сен менің махаббатымсың, Қостанай» өлеңімен басталды, оны кітапхана оқырманы Ковшенин Тимофей оқыды. Ойын барысында балалар қала көшелерінің тарихымен, сәулет ескерткіштерімен, Қостанай облысының ақын-жазушыларымен танысты.

Экскурсия
Дс, 05/08/2024 - 15:09 — Ольга АТобыл қаласының Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілеріне экскурсия өткізілді. Балалар бөліммен танысып, кітаптарға қызығушылықпен қарап, сонымен қатар өлеңдерді үйретіп қана қоймай, олармен ойнауға болатындығын білді.










