Новости


Табиғатқа дос бол

Сс, 25/06/2024 - 17:19 — Ольга А

«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Табиғатқа дос бол» экологиялық мозаикасы өтті. Іс-шара барысында балалар табиғаттың таңғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады. Адамның табиғатты қорғауда қандай рөл атқаратынын білді, сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар адамның қоршаған ортамен байланысын анықтады.

#тазақазақстан #tazaqazaqstan



Digital этикет

Дс, 24/06/2024 - 17:55 — Ольга А

"Өлке тарихы - Қостанай" жобасы аясында Лисаков қаласының 25 оқушысы қаламыздың түрлі кәсіпорындарына экскурсия жасады. Бірақ оларға тек кітапханада ғана өте көңілді және қызықты болды. Оларға іс пыстырар экскурсия болады деген үміт орындалмады. Олар жарысты және жарыса отырып шуласты, сонымен қатар қазіргі заманауи әлемде сандық этикетсіз өмір сүруге болмайтынын үйренді.



Көңілді старт

Дс, 24/06/2024 - 14:45 — Ольга А

№ 14 ЖББМ оқушылары үшін «Көңілді старт» спорттық жарыс өткізілді. Жарыс бағдарламасы эстафеталық жарыстардан тұрды. Спорттық шараның барлық кезеңдері белсенді бәсекеде өтті. Балалар топ болып жарыса ойнап, шапшандылық пен ептілік танытты. Барлығы мәреге бірінші жету үшін барын салды.



Жер бетіндегі ең үлкен байлық — бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас

Дс, 24/06/2024 - 12:52 — Ольга А

Бір кездері француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери: «Жер бетіндегі ең үлкен байлық — бұл адамдар арасындағы қарым-қатынас»- айтқандай, 24 маусым кітапхана қабырғасында жазушы Ольга Юрьевна Капитовамен қарым-қатынас шығармашылық кездесуі өтті. Ол III Республикалық Ы. Алтынсарин балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығарма байқауының финалисті. Оның "Стопудовая история" шығармасы "Таза бұлақ" жинағына енген. Іс-шара жазушының тұсаукесерінен басталды, кейінірек іс-шараға қатысушылар оған ашық диалог түрінде сұрақтар қойды. Кездесуге әр түрлі жастағы 17 бала қатысты. Балалар белсенділіқ танытып, жазушының өмірі, мақсаттары мен алдағы жоспарлары туралы қуана тыңдады.



Оригами

Дс, 24/06/2024 - 12:33 — Ольга А

Оригами -жапондық қағазды бүктеу өнері. Бұл қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы әрекет. Оригами сабағы ойлауды, зияткерлік қабілеттерін арттырады, қиялын дамытады және т.б. Бүгін № 5 мектептің балаларымен бірге біз көбелектер, түлкілер мен бақалар жасадық.



Белгісіздің бәрі қызықты

Жм, 21/06/2024 - 15:09 — Ольга А

"Белгісіздің бәрі қызықты" атты танымдық сағаты "Үндестік" жеке мектебінің 1-2 сынып оқушылары үшін өткізілді. Кіші жастағы балалар қашанда жануарларды өте жақсы көреді және мұны растауды қажет етпейтіндігі балалардың осы тақырып бойынша барлық ақпаратты эмоционалды түрде тыңдауынан көрініп тұрды. Қызықты ақпарат, бейнероликтер жиынтығы бұл іс-шараны қызықты әрі танымды етті.



Жануарлар әлемінде

Жм, 21/06/2024 - 14:00 — Ольга А

№ 14 ЖББМ оқушыларына «Жануарлар әлемінде» саяхат-ойыны өткізілді. Балалар ормандар мен таулардың, дала мен өзендердің қорқынышты және көңілді тұрғындарымен және планетамыздың жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерімен танысты. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлардың жойылып бара жатқан түрлері туралы біліп, олар туралы тақырыптық сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, жұмбақтар шешті. Кездесу соңында барлық қатысушылар табиғат пен жануарларды қорғаудың маңыздылығын тағы да еске алды.



"Қазақтың інжу — маржаны": Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестірінің 90 жылдығы

Жм, 21/06/2024 - 12:23 — Ольга А

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі музыка әлеміне сапарын 1934 жылы бастады. Құрманғазы атындағы оркестр – қазақтың аспаптық музыка өнері тарихындағы теңдесі жоқ, қайталанбас өз қолтаңбасы бар ерекше құбылыс. Бұл Қазақстанның аспаптық музыка өнері тарихындағы тұңғыш әрі бірегей оркестр.Құрманғазының музыкасы мен оның атындағы оркестр арқылы әлем қазақтарды, олардың музыкалық мәдениетін, жан дүниесін танып, оркестрдің репертуары заманауи, оның ішінде шетелдік композиторлардың жаңа туындыларымен толығуда.



Дені саудың- жаны сау

Бс, 20/06/2024 - 17:41 — Ольга А

"Біз салауатты өмір салты үшін!" - деген ұранды балалар түсініп, кітап гантельдерімен отырып тұратын жаттығулар жасап, адам ағзасына пайдалы өнімдерді тауып себеттерге салып, қызықты би биледі.



Цирк... Цирк? Цирк!

Ср, 19/06/2024 - 11:51 — Ольга А
Театрда әртістер керемет трюктер мен фокустар жасайтын ғажайыптар орын цирк деп аталады. Бүгін біздің кітапханамызда осындай театрға айналды. Балалар өздерінің қабілеттерін көрсетті: кім жонглерлік етті, кім жіпке отырды, ал біреу мимика мен жест арқылы өз нөмірлерін көрсетті. Цирк-бұл таңғажайып фокустар, әртістердің керемет мүмкіндіктерінің шоуы ғана емес, сонымен қатар біз балаларды таныстырған тарихы бай өнер түрі.

 


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 100%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 308 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана