Оригами + үйірмесінің кезекті сабағында, осындай сүйкімді тамаша аюлар шықты.

Оригами + үйірмесінің кезекті сабағында, осындай сүйкімді тамаша аюлар шықты.

Ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі, Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Тәжібаевтың дүниеге келгеніне 115 жыл.
Ә.Тәжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дәуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды.
№ 15 балабақшасының«Қарлығаш» тобындағы мектепке дейінгі балалар үшін «Ертегілер әлемінде» іс-шарасы өткізілді. Шара барысында балалар «Шалқан» ертегісінің қойылымына қатысып, ертегі викторинасының сұрақтарына жауап берді, «Тотамбай» мультипликациялық фильмін тамашалады.

«Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының» 5-сынып оқушылары үшін дауыстап оқу өткізілді. Балалар Марат Қабанбайдың өмірбаянымен және оның "Жиханкөз тити" атты шығармасымен танысты. Оқу кітапхана негізінде жасалған мультфильммен сүйемелденді. Балалар мұқият тыңдап, оқығандарын белсенді түрде талқылады.

Балалар кітапханашымен бірге таңғажайып ертегілер әлеміне саяхат жасады. Қатысушылар қызығушылықпен және толқумен викторинаға қатысты. Олар «Естеліктер», «Менің атым кім», «Жоғалған және табылған ертегі» сайыстарында өздерінің тапқырлықтарын көрсетті. Кездесу танымдық, көңілді және қызықты болды.

Тағы да ғылыммен кездесу. «Ғылым сөзі» жобасы жалғасуда - биологияға арналған пәндік дәріс. Біздің қонағымыз облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат бөлімінің қызметкері Андрющенко Андрей Валентинович. Тағы да, әдеттегідей қызықты биология кітаптарымен кездесу болады. Бәлкім, №7 мектептің 9-сынып оқушыларының арасында да, өз өмірін осындай қызық ғылыммен байланыстыруға деген ұмтылыс пайда болатын шығар.

Оригами+ үйірмесінің келесі сабағының тақырыбы – Ақшақар. Ақшақар - адамның қарлы бейнесі, қыстың символы. Бізде осындай тамаша ақшақарлар шықты.

«Ертегілер әлемінде» тақырыбында № 24 мектеп-гимназиясының қабырғасында 3-4 сынып оқушыларына арналған іс-шара өтті. Балаларға ертегілер бойынша әдеби викторина өткізілді, ал Мақтақыз туралы библио-ойыншық ешкімді бей-жай қалдырмады.

Қостанай Бытсервис колледжінің студенттері үшін кітапхана бойынша экскурсия және Қостанай қаласы бойынша «Своя игра» танымдық ойыны өткізілді. Балалар қала тарихы, оның көшелері, ғимараттары туралы сұрақтарға жауап берді, тарихи сәулет ескерткіштері, қала елтаңбасы туралы білді. Ойынға қатысқан екі команда - «Дивергенттер» командасы да, «Мафия» командасы да тартысты ойын көресете білді, жеңіс «Дивиргенттерге» бұйырды. Осыдан кейінгі кезеңдерде де ынтымақтастыққа үміттенеміз және кітапханада студенттерді күтеміз!

25 қаңтардан бастап «Ғылым туралы сөз» жобасы іске қосылды - пәндік лекция, дәрістердің бірінші циклінің тақырыбы биологияға арналған. Жиынға облыстық тарихи-өлкетану музейінің табиғат бөлімінің қызметкері Андрющенко Андрей Валентинович шақырылды. Ол балаларды биология бойынша ең қызықты авторлардың әдебиетімен таныстырды: Д. Даррел «Менің отбасым және басқа жануарлар», К.З. Лоренц «Сұр қаз жылы», Я.П. Схюттен «Өмір құпиясы», Д. Хэрриот, «Барлық жаратылыстар туралы» - әдемі және таңқаларлық», Д. Эттенборо, «Жердегі өмір» және басқа да басылымдар.
Бұл кітаптардың барлығы жануарларға деген сүйіспеншілікпен, табиғатпен, бізді қоршаған әлеммен адамгершілік қарым-қатынастармен байланысты. Андрей Валентинович балаларды қызықтыра білді, олар дәріскерді ықыласпен тыңдап, қонаққа көптеген сұрақтар қойды.
