Новости


Қылқалам ұшындағы шабыт

Жм, 17/04/2026 - 15:17 — Ольга А

Ұлттық кітап күніне орай, 17 сәуір күні суретші-иллюстратормен кездесу өтті.

Кітапхана қонағы — балалар кітаптарының иллюстраторы, Л.И. Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқытушысы Нина Олексюк-Коровина болды. Ол суретші мамандығы туралы айтып, кітаптарды безендіру барысындағы тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараға №17 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушылары қатысты.

Кездесуде «Кітап — тек мәтін ғана емес, ол — бейнелер, бояулар мен қиялға толы тұтас бір әлем» деген түсінік негізге алынды.

#ҰлттықКітапКүні2026

#НациональныйДеньКниги2026



Кітап қаласына саяхат

Жм, 17/04/2026 - 12:41 — Ольга А

Бүгін кітапханамыздың қонақтары №15 балабақшаның «Бота» ересек тобының тәрбиеленушілері болды. Іс-шара барысында балалар кітапхананың не екені және оның қандай қызмет атқаратыны туралы мағлұмат алды. Кітапхана ережелерімен таныстыру кезінде оқырман формулярының маңызы түсіндіріліп, балалар оны қызығушылықпен тыңдады. Балалар үшін ерекше тосынсый — ертегі кейіпкері Незнайканың келуі болды. Ол балалармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасап, қызықты викторина ұйымдастырды. Кездесудің соңында көңілді кейіпкер балаларға «Домики-Библиотека» атты мейірімді мультфильм көрсетіп, іс-шараны әсерлі аяқтады.

#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026


Kitap Space

Бс, 16/04/2026 - 14:52 — Ольга А

Кітап — бұл жай ғана қағаз бен сия емес. Бұл – ата-бабаларымыздың үні, даланың даналығы мен қалаларымыздың заманауи ырғағы. Бүгін, Ұлттық кітап күні мерекесінде, біз ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, оқырмандарымызды қазақстандық заманауи авторлардың әдебиетімен таныстырамыз. Іс-шара басталар алдында оқырмандар мен кітапхана қонақтарына экскурсия ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдегі қазақстандық заманауи авторлардың кітаптарынан көрме ұсынылды. Шара барысында оқушылар екі командаға бөлініп, берілген екі кітап бойынша шығармашылық жобалар дайындады. Қатысушылар SMM-мамандарының рөлін атқарып, әлеуметтік желілерге арналған креативті тақырыптар ойлап тапты, кітапқа амбассадор таңдап, мерч идеяларын ұсынды. Кейін өз жобаларын таныстырды. Одан кейін оқушылар кітап кейіпкерлерін білу мен зейінділікті дамытуға арналған «Крокодил» ойынын ойнады. Іс-шараның қорытынды бөлімінде ребустар шешіліп, оқушылар кітап атауларын тапты. Қатысушылар өздерінің тың шығармашылық ойларымен бөлісіп, іс-шараға ерекше жылулық пен шабыт сыйлады. Олар күрделі мәтіндердің астарында бүгінгі оқырманның жүрегіне жақын шынайы сезімдер жатқанын айқын көрсете білді.

#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026



Кітап – білім бұлағы

Бс, 16/04/2026 - 14:36 — Ольга А

Ұлттық кітап күніне орай кітапхана өз есігін барлық оқырманға айқара ашты. Таңертеңнен бастап кітапхана балалардың күлкісіне және қызу әңгімеге толып, ерекше мерекелік көңіл күй орнады. Алғашқы қонақтар – №19 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары болды. Олар «Кітап – білім бұлағы» атты жұмбақ-көрмемен қызығушылықпен танысты. Көрмеде қазақстандық және жергілікті авторлардың шығармалары, сондай-ақ түрлі тақырыптағы жаңа әдебиеттер ұсынылды. Әр кітап өз тарихын ашып, оқырманды ой мен қиял әлеміне жетеледі. Экскурсия соңында қазақ халық ертегілеріне арналған танымдық викторина өткізілді. Қатысушылар сиқырлы сандықтан алынған карточкалар арқылы ертегілердегі заттарды танып, олардың қай кейіпкерге қатысты екенін анықтады. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жағымды әсер қалдырды және олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды.

#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026



Шығармашылық уақыты!

Ср, 15/04/2026 - 17:14 — Ольга А

15 сәуір – Бүкіләлемдік өнер күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында №17 жалпы білім беретін мектептің 3-сынып оқушыларына арналған танымдық-интерактивті бағдарлама ұйымдастырылды.

Іс-шараның шымылдығын «Тарлан» би ансамблінің әсерлі өнері ашып, мерекелік рух пен шығармашылық атмосфера сыйлады.

Балалар өнер күні не себепті 15 сәуірде аталып өтетінін біліп, шығармашылық алаңдар арқылы қызықты саяхат жасады: сурет салып, әндерді тауып, эмоцияны сөзсіз жеткізіп, шағын оқиғаларды өз қиялдарымен жалғастырды.

Мереке хореографпен бірге көңілді флешмобпен қорытындыланды!



Құссыз бақ – бақ емес, құссыз орман – орман емес!

Сс, 14/04/2026 - 15:38 — Ольга А
Бүгін «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін Халықаралық құстар күніне орай «Құссыз бақ – бақ емес, құссыз орман – орман емес!» атты іс-шара өтті. Бұл мереке құстарды қорғауға және олардың табиғи мекенін сақтауға арналған, сондай-ақ құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызды рөлін еске салады.
Балаларға құстар, олардың тіршілігі мен мекен ету ортасы туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған танымдық ойындар мен викториналар ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында Виталий Бианкидің «Чей нос лучше?» атты әңгімесі оқылып, құстардың тіршілігі мен табиғаттағы маңызы туралы мультфильм көрсетілді
Іс-шара оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және құстардың адам өмірі мен қоршаған ортадағы рөлін түсінуге ықпал етті.


Кітапханада 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтетін Ұлттық кітап күні

Сс, 14/04/2026 - 11:37 — Ольга А
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026


«Біздің Жер планетамыз!»

Дс, 13/04/2026 - 14:44 — Ольга А

«Біздің Жер планетамыз!» атты көрмені тамашалауға шақырамыз! ????
Біз сіздер үшін қоршаған ортаны қорғауға қатысты ең өзекті материалдарды жинақтадық. Сөрелерден биоалуантүрлілікке арналған көркем басылымдарды («Жердегі жұмақ», «Көк планета») ғана емес, сонымен қатар климаттың өзгеруі мен нанопластиктің жасырын қаупі туралы ғылыми зерттеулерді де таба аласыздар.
Сонымен қатар, ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін QR-кодтар да дайындалған!????
Сіздерді күтеміз! Жердің болашағына бірге қамқор болайық!



Қалдық материалдардан жасалған тасбақа

Дс, 13/04/2026 - 12:09 — Ольга А

11.04.2026 күні Өнер бөлімінде «Оригами+» үйірмесінде балалар қалдық материалдардан тасбақа жасап, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, олар ұқыптылыққа, шыдамдылыққа үйреніп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінді.



«Не оқуға болады?» (проект): "Если все кошки в мире исчезнут" Г.Кавамура

Жм, 10/04/2026 - 11:38 — Ольга А

Бір ғана кітапты сақтап қалу мүмкіндігі болса, сіз қай кітапты таңдар едіңіз? Ойыңызбен бөлісіңіз! Бүгін «Не оқуға болады?» айдарында Гэнки Кавамураның «Если все кошки в мире исчезнут» атты әсерлі туындысы ұсынылады.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 392 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана