Новости


Балалардың сүйікті жыршысы

Жм, 06/10/2023 - 08:50 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы.



Балалардың сүйікті жыршысы

Дс, 02/10/2023 - 11:02 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы.



1 қазан – Халықаралық музыка күні.

Дс, 02/10/2023 - 10:42 — Ольга А

Музыка әлемі - адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажап дүние. Музыкада адамның асқақ ойлары мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Назарларыңызға мерейгер-композиторларын ұсынамыз.



25 қазан – Қазақстан Республикасы күні

Жм, 29/09/2023 - 16:19 — Ольга А

13 жылдан кейін Қазақстанда ұлттық мереке - Республика күні тағы да атап өтілуде.

Мұндай мереке бірқатар елдерде, әдетте, мемлекеттің Республика болып жариялаған күні немесе Конституция қабылданған күні өткізіледі.

Атаулы күнге арналған «Таулардың, дала мен күннің өлкесі» көрмесі Қазақстанның сұлулығын – сәулеттік жетістіктерін (Бәйтерек, Хан Шатыр), сондай-ақ табиғаттың өзі сыйға тартқан байлығын ашып көрсетеді. Көрменің бір бөлімі еліміздің жазушыларына арналған, атап айтсақ, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Серікбай Оспанов, Ақылбек Шаяхметов және басқа да танымал адамдардың кітаптары ұсынылған.



«Балдай тәтті бал досы»

Бс, 28/09/2023 - 19:00 — Ольга А

28 қыркүйек кітапхана қабырғасында балаларға арналған әдеби журнал балдырғанның 65 жылдық мерекелік мерейтойы аталып өтті.  «Балдай тәтті бала досы» деген атаумен аталған іс-шараның ең басты ерекшелігі мерекемізге журналдың бас редакторы Дүйсен Мағлұмов онлайн қосылып, біздің оқырмандарымызға ерекше сый жасады. Кездесу барысында №24 мектебінің және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің оқушылары балдырғанның сыры мен тарихы және бүгінгі мен ертеңі  жайлы көптеген сұрақтар қойып, оған нақты, танымды жауаптар алды. Мерекелік кездесуіміз  оқырмандарымыздың мерекелік ән-шашуымен және бала Балдырғанның қызықты ойындарымен көңілді, қызықты аяқталды.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану



«Өр Алтайдың өрлі жазушысы» әдеби кеші

Сс, 26/09/2023 - 14:29 — Ольга А

Биыл белгілі қазақ жазушысы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толады. 26 қыркүйекте № 11 мектептің 7 "а", 9 "ә" сынып оқушыларына арналған "Өр Алтайдың өрлі жазушысы" атты іс-шара ұйымдастырылды.

Балалар жазушының өмірі мен шығармашылығымен, оның жақсылық пен жамандық, күш пен батылдық, шынайы және қиялдағы рухани құндылықтар туралы шығармаларымен танысты. Оралхан Бөкеев - сиқырлы сөз шебері. Оның өз туындыларының пішінін, сөз саптауын таңдауға керемет қабілеті бар.

Оқушылар Жадикова Дария, Сәбитбекова Мөлдір «Тілдескен туған дала табиғатпен», «Біртуар» өлеңдерін оқыды.

Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрсетілді. Оралхан Бөкей-тарихта тек қазақ әдебиетінде ғана емес, әлемдік әдебиетте де өз орнын бекіткен тұлға.



Қазақ балетінің аңызы

Дс, 25/09/2023 - 11:22 — Ольга А

Қазақ балет өнерінің хас шебері, әлемге танымал биші, педагог, балетмейстер, Қазақстанның халық артисі. Болат Аюхановқа биыл 85-жыл.



МультLoft: Агния Барто «Мен өсемін»

Жм, 22/09/2023 - 14:57 — Ольга А

Агния Бартоның өлеңдері балаларға көп жылдардан бері тезірек өсуіне көмектесіп келеді. Дәл осы жазушының өлеңдері бізге қоршаған ортадан, қуанышты балалық шақ, қызығушылық, мектепке барғанымыздан бастап, ең оңай нәрселерден қызықты, көңілді кезеңдерді көруге көмек береді. Биылғы жылы «Мен өсемін» өлеңіне 55 жыл.



Тілдер патшалығы

Бс, 21/09/2023 - 16:08 — Ольга А

Жыл сайын елімізде Қазақстан халқының Тілдері күні атап өтіледі. Бұл барлығына ортақ мереке.

21 қыркүйек әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне ҚР Тілдер күніне арналған "Тілдер патшалығы" зияткерлік ойыны өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстанда тұратын халықтардың ана тіліне және басқа тілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту және тіл туралы білімдерін кеңейту.

Іс-шарамыз әдеттегідей «Достық құсы» атты шеберлік-сыныбымен аяқталды.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану



Арманың асқақ болсын!

Бс, 21/09/2023 - 14:55 — Ольга А

Жұмысшы кәсіптерін құрметтеу дәстүрлерін жаңғырту және еңбектің маңыздылығын ерте жастан түсіну мақсатында қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні атап өтіледі,. Осы күнге орай № 11 мектептің 9 "б" сынып оқушылары үшін «Арманың асқақ болсын! диалог-кездесуі өтті. Балалар алдында Қостанай қызмет көрсету колледжінің мамандары: наубайшы Ильясова Аягөз Картаева және кондитер-сахарист Лейберт Светлана Анатольевна сөз сөйледі. Олар мамандыққа қалай келгендері туралы және соншама уақыттан кейін оны жақсы көріп қана қоймай, студенттерге сабақ беріп, сүйікті ісінің құпияларын ашқаны туралы қызыға айтты. Бүгін олар жапондық "Шакупан" нанының рецептінің құпиясын ашты, оның ерекшелігі-ол сүт қосылған қайнатпада дайындалады.

#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 257 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана