Новости


Құқықтық лекторий: жастардың еңбек құқықтары

Бс, 28/05/2026 - 11:59 — Ольга А

Жазда жұмыс істеуді жоспарлап отырсыз ба? Онда өз міндеттеріңізді ғана емес, сонымен қатар еңбек құқықтарыңызды да білу маңызды.«Құқықтық лекторий» жобасының жаңа шығарылымында жастардың еңбек құқықтары және жазда қиындықсыз жұмыс істеу туралы айтамыз. Тіпті уақытша жұмыс та ресми және қауіпсіз болуға тиіс.

Сіз мынаны білесіз:

  • жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет;
  • ресми түрде қай жастан бастап жұмыс істеуге болады;
  • жұмыс беруші мектеп оқушысы немесе студентпен еңбек шартын жасасуға міндетті ме;
  • жалақы кідіртілген немесе уақытында төленбеген жағдайда не істеу керек.

Мектеп оқушылары, студенттер және ата-аналарға арналған пайдалы ақпарат – әрбір жас жұмысшының маңызды құқықтары туралы қарапайым әрі түсінікті түрде берілген.

Шығарылымды көріңіз және өз құқықтарыңыздан хабардар болыңыз!

#Юридическийлекторий #БиблиотекаАлтынсарина #ЧелГУ #Юридическаяклиника #ПравовоеПросвещение #Трудовые права #заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок 



Экокітап

Сс, 26/05/2026 - 14:26 — Ольга А

«Жер бізсіз де өмір сүре алады. Ал адамзаттың Жерсіз болашағы жоқ.» «Біздің жер ғаламшарымыз» атты экологиялық көрме – адамзаттың, флора мен фаунаның тағдырына алаңдататын өзекті мәселелерге арналған. Нанопластиктің зияны, ғаламшардың ластануы, қоқысты сұрыптау мәдениеті және бүгінгі таңдауымыздың ертеңгі өмірге әсері – көрменің негізгі тақырыптары.

Көрмеде ұсынылған маңызды кітаптардың бірі – Анатолий Гиннің «Тіршілікті сақтау стратегиясы» атты еңбегі.



«БиблиоKids» клубының «Табиғатпен дос бол»

Дс, 25/05/2026 - 11:00 — Ольга А

Бүгін «БиблиоKids» клубының «Табиғатпен дос бол» атты төртінші кезекті отырысы өтті. Қатысушылар қалдықтар мен қоршаған ортаның ластануы табиғатқа, жануарларға және адам денсаулығына келтіретін зиянмен танысты. Сабақ барысында балалар экологияға ұқыпты қарау, қоқысты сұрыптау және айналасында тазалықты сақтау неліктен маңызды екенін талқылады. Ойын және танымдық түрде өткен шарада қатысушылар экологиялық ұстанымдар ережелерімен танысып, пікірталастарға қатысып, қоршаған әлемге қамқорлық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған тақырыптық тапсырмаларды орындады.



«Не оқуға болады?» (проект): Джек Лондон "Белый Клык"

Жм, 22/05/2026 - 11:11 — Ольга А

Ыбырай Алтынсарин атындағы ОБЖК «Алау» ТРК-мен бірлесіп «Не оқуға болады?» атты жобаны дайындады. 



«IbrayStep» жаяу еске алу марафоны: (Ы. Алтынсарин мавзолейіне) акция

Бс, 21/05/2026 - 13:59 — Ольга А

«Шабыт сыйлайтын бағыт»: Қостанайда «Ibray step» марафоны өтті

21 мамыр күні Қостанай қаласында Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ibray step» естелік марафоны өтті. Аталған іс-шара ұлы ағартушының рухани мұрасы ұрпақтарды біріктіріп, жастарды тарих пен білімге қызығушылық танытуға әлі де шабыттандырып келе жатқанын айқын көрсетті.

Марафонға Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің, ЧелМУ Қостанай филиалының және Қостанай колледжінің студенттері қатысты. Марафон бағыты Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасынан бастау алып, қаламыздағы ағартушының есімімен байланысты тарихи орындарды қамтыды. Қатысушылар орталық саябақтағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, артынша ағартушының кесенесіне зиярат етті.

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Айбек Батырханұлы Шалғымбеков, Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Бақытбекұлы Оспанов.

Марафонның қатысушылар тарапынан шынайы қолдау тапқаны ерекше маңызды болды. Жол бойында қатысушылар бағдарламаға белсене атсалысып, Ыбырай Алтынсариннің тұлғасын және оның идеяларының бүгінгі қоғам үшін маңызын жаңа қырынан таныды.

Іс-шараның ерекше атмосферасын жоба серіктесі «АЗУРИТ» ӨСФ ұсынған кітапхана логотипі бар бірыңғай киім үлгісі (футболкалар), сондай-ақ «Жұлдыз» студиясының тәрбиеленушілері орындаған әсерлі музыкалық нөмірлер айқындай түсті.

Естелік марафонын өткізуге қолдау көрсеткен «АЗУРИТ» өнеркәсіптік-сауда фирмасына, сондай-ақ «Мята», «Оазис», «8 mart_kostanay» және «Romantic» гүл дүкендеріне алғыс білдіреміз.



«Сөз шеберімен online»: Жазушы Қанат Қайыммен әсерлі кездесу!

Ср, 20/05/2026 - 16:35 — Ольга А
Бүгін, 2026 жылғы 20 мамырда облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында айрықша толқынды, әдеби кеш өтті! «Сөз шеберімен online» жобасы аясында оқырмандарымыз қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Балалар және жасөспірімдер Кеңесінің төрағасы, балалардың сүйікті жазушысы Қанат Қайыммен жүздесті.
​Онлайн-кездесуге Ы. Алтынсарин атындағы мамандарылған мектеп-гимназия интернатының 5-сынып оқушылары қатысты.
​Балалар қаламгердің шығармашылығына, қызықты әңгімелеріне үлкен қызығушылық танытып, ерекше белсенділік көрсетті. Өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жазушымен емен-жарқын сырласты. Жазушы да балалардың ықыласына риза болып, оқырман жүрегіне жол табар тұщымды ойларымен бөлісті. Кітап пен руханият әлемі тоғысқан бұл кездесу оқушыларға ұмытылмас әсер сыйлады!



Сұранысқа ие мамандықтар әлемінде

Ср, 20/05/2026 - 11:29 — Ольга А
На интерактивной выставке «В мире востребованных профессий» дети угадывали профессию. В задании приняли участие более 80 человек, каждый из которых предложил свой вариант ответа.
Победительницей стала Жумабай Жанайым, ученица 7 «Б» класса школы имени Ы. Алтынсарина. Она правильно угадала профессию геммолога и получила тематический приз — минерал шунгит.
Поздравляем Жанайым с победой и благодарим всех участников за активность!


Көктемгі бояулардың көркі

Сс, 19/05/2026 - 15:56 — Ольга А

Бүгін «Қостанай әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» тәрбиеленушілері үшін «Көктемгі бояулардың көркі» атты әдеби-поэтикалық іс-шара өтті. Іс-шара табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, жыл мезгілдеріндегі өзгерістер туралы білімді кеңейтуге және жағымды эмоционалдық көңіл күй қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара барысында балалар көктем әлеміне қызықты саяхат жасап, көктем айларының ерекшеліктерімен танысты, көктемнің белгілерін, оның бояулары мен дыбыстарын еске түсірді. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, табиғат туралы өз бақылаулары мен әсерлерімен бөлісті. Іс-шара аясында танымдық ойындар мен тапсырмалар өткізілді, сондай-ақ көктем тақырыбына арналған бейнеролик пен көктем туралы жылы мультфильм тамашаланды.



Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы

Дс, 18/05/2026 - 11:14 — Ольга А

2026 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау, зерделі ұлт қалыптастыру, сондай-ақ шығармашыл, жасампаз және бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар мәдениет, білім беру және инновациялар салаларындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып айқындалсын:

кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру;

оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды кеңінен қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру;

туындылары жас ұрпақты Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге ықпал етіп жүрген отандық жазушылар мен ақындарды қолдау;

баспагерлер мен кітап өнімін таратушылардың мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру;

ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) халықтың әртүрлі санаттары, оның ішінде балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етсін;

2) жаңа форматтағы кітапханалар, көпфункционалды қоғамдық кеңістіктер құруды, заманауи ақпараттық жүйелер мен сервистер ендіруді қоса алғанда, оқырман инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етсін;

3) ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттауды, оның ішінде туындыларды сапалы аудару, басып шығару, оқырмандардың кең ауқымды аудиториясына тарату арқылы қамтамасыз етсін;

4) 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыруға кіріссін;

5) жасанды интеллектіні дамыту жағдайында 2026 жылдың соңына дейін Кітап оқу мәдениетін және кітап ісін насихаттаудың 2027 – 2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын (бұдан әрі – «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы) бекітсін;

6) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасын әзірлесін;

7) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындасын;

8) 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құрсын;

9) жыл сайын «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының іске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне есеп берсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының     

                Президенті                                                                     Қ.Тоқаев

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 16 мамыр



Интеллект-арена «Квизотека»

Сн, 16/05/2026 - 17:07 — Ольга А

«Квизотека» интеллект-аренасы

Квизотека: Классика

Белгілі бір тақырыппен шектелмеген классикалық ойын логикаға, зейінге және командалық рухқа негізделді.

Кеш қызыққа, күлкіге және шынайы эмоцияларға толы болды.

Бізбен бірге ойнаған және осы сәтті бірге бөліскен қатысушыларға үлкен алғыс!

Ойынның нәтижелері:

1 орын – Культ Мифического Рассвета

2 орын - Адд Птахи

3 орын - Биполярность

Ең үздік орын- CHIK CHIK CHIK

Келесі ойында кездескенше!


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 140%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 262 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана