Новости


Жанданған күнтізбе: Ротраут Сузанна Бернер

Дс, 28/08/2023 - 10:35 — Ольга А

Жанданған күнтізбе: Ротраут Сузанна Бернер 2023 жылдың 26 тамызында әлемге әйгілі суретші, автор және балаларға арналған кітаптардың иллюстраторы — Ротраут Сузанна Бернердің туғанына 75 жыл. Бернердің шығармашылығы-көптеген бөлшектерге толы күрделі, бірақ шамадан тыс емес әлемді қалай құруға болатындығының үлгісі. Бұл бүкіл айналымдағы кескіндер ме, әлде беттің бұрышындағы кішкентай эскиздер ме, маңызды емес — әр иллюстрация оқырман түсінетін өз тарихын баяндайды.



Жанданған күнтізбе: Ротраут Сузанна Бернер

Дс, 28/08/2023 - 10:33 — Ольга А

Жанданған күнтізбе: Ротраут Сузанна Бернер 2023 жылдың 26 тамызында әлемге әйгілі суретші, автор және балаларға арналған кітаптардың иллюстраторы — Ротраут Сузанна Бернердің туғанына 75 жыл. Бернердің шығармашылығы-көптеген бөлшектерге толы күрделі, бірақ шамадан тыс емес әлемді қалай құруға болатындығының үлгісі. Бұл бүкіл айналымдағы кескіндер ме, әлде беттің бұрышындағы кішкентай эскиздер ме, маңызды емес — әр иллюстрация оқырман түсінетін өз тарихын баяндайды. 



"Денсаулық еліне саяхат"

Ср, 23/08/2023 - 09:43 — Ольга А

Біздің мемлекет өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтына ерекше назар аударады: әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін "Денсаулық еліне саяхат" викториналық ойыны өткізіліп, қатысушыларға күні бойы жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

Біздің кездесуіміз дәстүрі бойынша "Жеміс себеті" атты шеберлік сабағымен аяқталды. #Марафон_добрых_дел #balademalys2023



Коровин Сергей Алексеевич

Жм, 18/08/2023 - 14:28 — Ольга А

Коровин Сергей Алексеевич –  атақты графикалық және жанрлық кескіндеме суретшісі. Мәскеудің кескіндемешілер училищесін тәмәмдады. Сол училищемен барлық алдағы  өмірін байланыстырды. Сергей Алексеевич керемет мұғалім болды,  өзінің құштарлығымен оқушыларының қызығушылығын арттыра білді. Әрқашан шығармашылық жоспарларға толы болды, тек  денсаулықпен  мұқтаждықтың  кері әсері тиіп ойлағаны орындалмады. 



Достардың болғаны қандай жақсы

Сс, 15/08/2023 - 15:37 — Ольга А

#balademalys2023

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін  Э.Успенскийдің шығармашылығына арналған "Достардың болғаны қандай жақсы" атты іс-шара өткізілді. Қатысушыларға автордың кітаптары ұсынылды, онда басты тақырып достық, мейірімділік, өзара көмек, әртүрлі өмірлік жағдайларда досының қолдауы мен көмегі болып табылады. Іс-шара жұмбақтармен,ккөңілді  бейнебаяндармен, мультфильмдермен, әндерімен сүйемелденді. Әсіресе балаларға берілген тақырып бойынша  орындалған караокеде қосыла айтқан  әндер қатты ұнады.



Ән падишасы – Әміре

Дс, 14/08/2023 - 09:44 — Ольга А

Атақты әнші, актер, музыкант Әміре Қашаубаевқа биыл 135-жыл. Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесіне қатысқан алғашқы қазақ – Әміре Қашаубаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Қазақтың біртуар әншісі 1925 жылдың мамырында Францияның астанасы – Парижде өткен көрменің этнографиялық концертінде «Балқадиша», «Ағаш аяқ» , «Бесқарагер», «Дудар-ай», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Смет», «Қараторғай» әндерін әуелетіп, күллі әлемді тамсандырған тұлға.



Экскурсия

Жм, 11/08/2023 - 09:17 — Ольга А

«Өрлеу» білімділікті арттыру ұлттық орталығының мұғалімдеріне кітапханамызға экскурсия жүргізілді. Мұғалімдер арасында алғаш келгендер болғандықтан, кітапханамыз мемлекеттік сәулет ескертікіші ретінде сақталғаны жайлы шағын  тарихына тоқталып өттік. Экскурсияға қастысқан мұғалімдерді кітапханамыздың мектеппен тығыз байланыста жүргізілетін «Жазғы алаң»  іс-шаралары қызықтырмай қоймады.



Үлгі аларлық ертегі

Жм, 11/08/2023 - 09:09 — Ольга А

Қымбатты балалар! Құрметті ересектер! Біз "Басылымдар планетасы" айдарын "Бірге оқимыз" бейне шолуымен жалғастырамыз. Назарларыңызға «Детское чтение для сердца и разума» журналының 5 номерінде жарияланған  «Водяной» болгар ертегісін ұсынамыз. Бізбен бірге болыңыз!



«Абай мұрасы - халық ұлағаты»: кітап көрмесі

Бс, 10/08/2023 - 09:15 — Ольга А

10 тамыз Абай күніне орай көркем әдебиет бөлімде қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған. «Абай мұрасы - халық ұлағаты»  атты   кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ұлы Абайдың шығармалары әр түрлі басылымда орыс, түрік, қытай, ағылшын тіліндегі аудармалары қойылған. 

Құрметті оқырман, өз халқының баға жетпес рухани кемеңгеріне айналған тұлға жайлы білгіңіз келсе, кітап көрмесімен танысыңыз! «Асыл сөзді» іздеп, оқудан жалықпайық!



Балалардың сүйікті жыршысы

Жм, 28/07/2023 - 15:00 — Ольга А

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған өлеңдер галереясы.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 222 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана