Новости


Жол қозғалысының ережелері

Бс, 15/06/2023 - 14:36 — Ольга А

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі- біздің балаларымыздың басты проблемасы. Жаяу жүргіншілер ішінде балалар ең көп жол тәртібін бұзатындар болып табылады. Жыл сайын қаланың жолдары мен көшелерінде көптеген жол-көлік оқиғалары орын алып, соның салдарынан балалар қаза тауып, әр түрлі жарақаттар алып та жатады.

"Жол қозғалысының ережелері" ойын бағдарламасының іс - шарасына № 23 ЖББМ мектеп жанындағы жазғы лагерінің балалары қатысты. Олар бағдаршамның қызыл, сары, жасыл түстері нені білдіреді деген сұраққа үлкен қызығушылықпен жауап беріп, "жаяу жүргіншілер өткелі", "қиылыс", "назар аударыңыздар" және т.б. жол белгілері туралы ақпаратпен танысты.

Іс-шара барысында балалар "мені түсін", "бағдаршам", "автомульти", "рұқсат етілген - тыйым салынған" және т. б. көңілді сайыстарға қатысты. Кай немен жүрді? Леопольд мысықтың сүйікті көлігі, сондай-ақ "батырды тап" викторинасына қатысты. Соңында "Жол қозғалысы ережелері" атты мультфильм көру ұсынылды. Мұндай іс-шаралар әрдайым өзектілікке ие, өйткені әр бала жол ережелерін білуі керек, өйткені оның өмірі мен қауіпсіздігі осыған байланысты. Іс-шараны балалар көңілді және танымды өткенін атап айтып кетті.

#balademalys2023



Мейірімділік пен достық аралы

Ср, 14/06/2023 - 16:03 — Ольга А

Кітапханада "Мейірімділік пен достық аралы" атты әңгіме-саяхаты өтті. Оған № 22 мектебінің мектеп жанындағы лагерінде демалатын балалар қатысты. Балалар достық пен достар туралы мақал-мәтелдерді естеріңе түсіріп, жұмбақтар шешіп,түрлі ойындар ойнап, сұрақтарға байсалды және әзіл-қалжыңмен жауап берді. Сайыстар мен викториналарға оқушылардың барлығы қатысты. Іс-шара соңында достықты сақтауға көмектесетін ережелер барлығы бірге атады.

#balademalys2023



Мұны әркім білуі керек

Ср, 14/06/2023 - 09:40 — Ольга А

"Мұны әркім білуі керек" - осындай атаумен оқушылар үшін құқықтық практикум өткізілді.

Алдымен әр адам білуі керек нәрселер туралы әңгімелестік. Мысалы, ойларды тұжырымдауды үйренудің, сыни ойлауды дамытудың және біліміңізді толықтырудың маңыздылығы туралы.

Және, әрине, "Бала құқықтары туралы конвенция" туралы айтылды. Ертегілер мысалында балалар өздерінің міндеттері ғана емес, құқықтары да бар екенін білді. Мысалы: В. Гаршиннің "Саяхатшы бақа" ертегісіндегі Бақа қандай құқықты пайдаланды? (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы «Еркін жүріп тұру».) #balademalys2023



Достардың болғаны қандай жақсы

Сс, 13/06/2023 - 16:33 — Ольга А

"Достардың болғаны қандай жақсы" деген атаумен Эдуард Успенскийдің шығармашылығымен таныстырған іс-шара өтті. Кітапхана қызметкерлерінің танымдық әңгімесінен балалар Эдуард Федоровичтің шығармалары бүкіл әлемдегі оқырмандар арасында өте танымал екенін білді. Успенскийдің әңгімелері әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған және көптеген жылдар өткен соңда белсенді түрде қайта басылып шыққан. Авторға Швецияда ерекше назар бөлініп, оның шығармаларының танымал болғандығы сонша, кейіпкерлері теледидарда да, журналдарда да пайда болды.

#balademalys2023



Тоқу, әркез тоқу

Сн, 10/06/2023 - 12:13 — Ольга А

Жыл сайын, маусым айының екінші сенбісінде, еркше мейрам өтеді-әлемдік көпшілікке тоқыма тоқу. "Тоқу, әркез тоқу" атты акциясы өткізілді. Акцияға тоқыма өнерпаздары қатысты.



Этикет шеберлері

Жм, 09/06/2023 - 16:36 — Ольга А

"Этикет шеберлері" тақырыптық ойынында кітапханаға келген жазғы сауықтыру алаңының қатысушылары кафеде өзін қалай ұстау керек, асхана құрылғылары не үшін,оларды  қалай қолдану керек  және десерт тағамдардаының айырмашылығы туралы сұрақтарға нақты жауап бере алады. Балаларға асхана этикетінің ережелерін түсіну оңай болды. #balademalys2023



Алаңсыз балалық шақ

Жм, 09/06/2023 - 14:18 — Ольга А

Ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде "Алаңсыз балалық шақ" деп аталатын пайымдау-көрмесі ұйымдастырылды.

Бала құқығы-басты құңдылықтардың бірі. Бірақ сол бала құқығы қорғалмай, балалар ересектермен бірдей жұмыс істеуге мәжбүр болған кездер де болды.

Балалар еңбегін пайдалану Ч. Диккеннің «Приключения Оливера Твиста», Д. Болдринидің «Дети на продажу», Д. Мохаммадидің «Маленькая торговка спичками из Кабула» шығармаларында көрсетілген.

Бала құқықтары туралы Конвенция пайда болғанға дейін барлық балалар жұмыс істеуге мәжбүр болды, құлдыққа берілді, сатылды...

1989 жылы 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бірауыздан Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады. Қазір таңда мемлекет балалардың құқықтарын қорғауда. #balademalys2023



#Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!

Жм, 09/06/2023 - 09:38 — Ольга А

Жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Ақпараттық науқан мақсатында «Балалардың мүдделерін бірге қорғаймыз» атты кітап көрмесі дайындалды - оның негізгі мақсаты ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын қоса алғанда, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ осы салада құқықтық ақпарат беру болып табылады.



«Көршілес кітапхана бар»

Сс, 06/06/2023 - 13:48 — Ольга А

6 маусымда «Көршілес кітапхана бар» атты жарнамалық флаер-акциясы өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары кітапхананың жұмыс кестесі, «Библио-ұзартылым», «Мастер-класс» және «Ёжик» журналы туралы білді.


Синдикатты контент

+ A -

Current Zoom: 125%

Электрондық каталог

Жолдау 2025

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 485 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана