Жыл сайын 1 сәуір экологиялық мереке тойланып келе жатыр - «Құстың күні». Кәмелетке толмағандарды бейімдейтін орталықтың балаларымен «Құстарға қалай көмек беруге болады? - атты әңгімелесу сабағы өтті. Әңгімеден кейін балалар аппақ ақ қағаздан көгершін және қарлығаш құстарын жасап шығарды.
Қымбатты достар! «Пошташы бізге не әкелді» айдарында біз сендерге жаңа балалар журналдарында жарияланған ертегі, әңгіме немесе қызықты оқиғаларды оқимыз. Бүгін сіздердің назарларыңызға балаларға танымал 2023 жылғы № 2 «Шишкин лес» журналда жарияланған поляк ертегісі «Совушка» ұсынылды. Ақылды үкі бәрін көріп отырады, ал өтірікшілерді ол мүлдем жек көреді екен. Сенбейсіз бе? Онда тыңда!
11 сәуірде орыс фантаст жазушысы Сергей Лукьяненко 55 жасқа толады! Сондықтан осы аптада біз осы авторға арналған жеке көрме ұйымдастырдық. Ол жазушы шығармашылығының үш негізгі бағытын — ғарыштық тақырыпты, қалалық тақырыпты (оның ең танымал топтамасы - «Дозоры») және фэнтезиді қамтиды. Бізге келіңіз және қай әлем сізге жақын екенін таңдаңыз!
Біздің кітапхана 65 жылдан бері оқырмандарына кітап таңдауға көмектесіп келеді. Жаңа кітаптар үнемі түсіп тұрады. Кітаптардың көп болғаны жақсы, бірақ өзіңе «міне менікі» деген кітапты таңдау қиын. Сондықтан оқырмандарымызға көмектесу үшін біз МИФ баспасынан (Манн, Иванов және Фербер) Проза шежіресін қарап, оны өз қорымызға сәйкестендіріп, жасап қойдық.
Бұтақтар – бұл тақырыптар, жанрлар, бағыттар. Өзіңізге ұнайтын нәрсені таңдаңыз. Әр бұтақта біздің кітапхананың көптен бергі тұрғындары мен жаңадан келген кітаптар да бар. Сізге кез келген кітаптан бастасңыз болады. Ағашқа сіз оқыған немесе енді оқығыңыз келетін тақырып бойынша кітаптарыңызды қоса аласыз. Бұл ағаш сіздің көмегіңізбен өседі, келіңіз және оны толықтырыңыз.
Қазақ тілінде алғаш фэнтези жанрына қалам тербеген жазушы - Рүстем Сауытбай. Кітапхана қабырғасында 10 сәуірде оқырмандар сүйікті жазушысымен онлайн-кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге қаламыздың М. Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ-нің 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандаржазушыға кітап бойынша, жеке өмірі туралы, балалық шағы туралы әртүрлі сұрақтар қойды. Әңгіме барысында жазушының негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі екенін білді. Бұл балалар үшін жаңалық болды. Іс-шара соңында Рүстем Серікұлы балаларға жақсы тілегін айтып, балалар да ол кісіге шығармашылық табыс тілеп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Жыл мезгілдері төрт маусымға бөлінеді-көктем, жаз, күз, қыс, әрқайсысында үш күнтізбелік ай. Мұны біз бала кезімізден білемізжәнеәр маусымда оған тән ерекшеліктері мен әсемділігі болады. Әр мезгілде айнала түрленіп, кейде жасыл, кейде әппақ қарға оранып жатады. Десе де, олардың бәрі де өзінше керемет екенін мойындау қажет.
Бұл бейнебаяндарда қазіргі таңда көпшіліктеріміздің біле білмейтін немесе ұмытылып келе жатқан әр мезгілге байланысты бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған ырым-жоралғыларыжинақталған.
Ақпараттар балалаларға арналған «Жыл он екі ай» журналының беттерінен алынған.
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери: «Ең үлкен сән-салтанат - бұл адамның қарым-қатынасының сән-салтанаты», - деген екен. Шығармашылық адамдармен сөйлесу қашан да қызықты және танымдық. Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттеріне қаламыздың жазушыларымен әңгімелесуге мүмкіндік туды. Кездесуге ақын және прозашы Демидович Евгений Викторович, суретші-иллюстратор, прозашы және ақын Дубиковская Олеся Алексеевна, ақын Светлана Витальевна Маньшина шақырылды. Олар өз шығармашылықтары туралы айтып, балалардың сұрақтарына жауап берді. Және де олар өз өлеңдерін оқып берді. Оқырмандаржүректі ер адамның жазған өлең жолдары мен сезімтал әйел ақынның поэзиясын салыстыра алды, сонымен қатар өздерін ақын ретінде сынап көрді. Балалардың алғашқы қауырсын өлеңдері сынақтансыдырмай өтті. Кездесу жылы достық жағдайда өтті, студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды.
Халықаралық денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде атап өтіледі. Психикалық әл – ауқат адам өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Бүгін № 13 негізгі орта мектептің 6 сынып оқушылары үшін У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық институтының магистранты, психологымен кездесу өткізілді. Виктория Бурикуловна Хакимова психикалық денсаулық, оны сақтаудың маңыздылығы туралы айтып түсіндірді. Балалар ертегі терапиясының көмегімен өздерінің, мінездерінің, артықшылықтары мен кемшіліктерін білді.
"Мен" қандаймын? Бүгінгі «Біз біргеміз» курсы аясында жасөспірімдермен өткен кездесу осылай аталды. Балалар өздерінің ең жақсы қасиеттерін атап өтті, мінсіз және нашар жасөспірімнің, сондай-ақ қазіргі замануи жасөспірімнің портретін жасады. Олар тек мінсіз жасөспірімді ғана жақын тартатындары белгілі болды, олардың ойыншанашар жасөспірім мүлдем жоқ. Бірақ қазіргі жасөспірім барлық жағымды және жағымсыз қасиеттерді біріктіреді. Бұл қалыпты жағдай, ең бастысы - мықты және әлсіз жақтарыңызды нақты түсіну және оларды қабылдап өмір сүре білу. Кездесу соңында "Сиқырлы базар" ойыны өткізілді, онда жетіспейтін қасиеттерді сатып алуға және қажетсіздерінен арылуға болады. Оны барлығы бірдей жасай алмады. Бірақ балалар көптеген жағымды эмоциялар мен өздерімен жұмыс істеу керек екенін түсінді.
Сіз үшін қандай мерекелердің маңызы зор? Біз үшін маңызды мерекелердің бірі - Халықаралық балалар кітабы күні! Біз осы мерекеге орай арнайы көрме дайындадық, бұл көрме арқылы сіз балалық шақтаоқыған кітаптарыңызды еске түсіре аласыз немесе қазір балалардың не оқып жатқанын біле аласыз.
Бұл көрменің басты ерекшелігі - оның интерактивтілігі! Кітаптардың ішінде тапсырмалары бар конверттер жасырылған, оларды орындау арқылы сіз өзіңіздің сүйікті шығармаларыңыздың кейіпкерлері сияқты сезіне аласыз. Доктор Айболитке жануарларды емдеуге және батыл капитан Врунгельге желкенді регатада жеңіске жетуге көмектесу үшін бізге келіңіз!