Қаңтар айының 30 күні кітапханада «Мақсат. Таңдау. Кәсіп» атты № 22 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларымен іс-шара өтті. Арнайы шақырылған дәнекерлеу ісінің мамандары - өндірістік оқыту шебері Юрий Дмитриевич Данилов және "Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" КМҚК студенттері, өндірістік оқыту шеберлері мен студенттер өз мамандықтарының маңыздылығы туралы айтып, дәнекерлеу ісінде қолданылатын жаңа технологиялар туралы әңгімеледі.
