2025 жылдың 14–19 қазан аралығында Мәскеу қаласында «Кітапханалар ынтымақтастығы: білім мен мәдениет кеңістігі» атты халықаралық жоба өтті. Жоба ТМД елдеріндегі кітапхана ісін дамытуға және мамандар арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған ауқымды білім беру және мәдени бағдарлама болды. Іс-шараға 8 елдің кітапхана өкілдері қатысты. Жобаға Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы атынан әдіскер Шалгимбаева Шынар Тулегеновна қатысты.
