«Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!»

Mon, 05/01/2026 - 16:58 — Ольга А

Дәстүрлі түрде барлық балалар үшін ең сүйікті әрі асыға күтілетін мереке - Жаңа жыл. Бүгін №14 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін «Жаңа жыл еліндегі ғажайып саяхат!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар сиқырлы жаңа жылдық елге қызықты саяхат жасап, мерекенің тарихымен, Жаңа жылды әртүрлі елдерде атап өту дәстүрлерімен танысты, Аяз ата және оның көмекшілері туралы қызықты деректер білді. Балаларға арналған түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды, олар: жаңа жылдық жұмбақтар, сұрақ-жауаптар, әдеби және қимыл-қозғалыс ойындары. Оқушылар іс-шараға белсенді қатысып, тапқырлықтарын, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Мерекелік шара қызықты, достық қарым-қатынаста, мерекелік атмосферада өтті.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login