Кітапханада 9-сынып оқушыларымен «Pro–право» атты диалог-кездесу өтті. Іс-шара қонағы Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокуроры Кастай Адижан Амиржанович болды. Ол оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы әңгімелеп берді. Спикер кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігіне, сондай-ақ мектепте және одан тыс жерде заңдар мен мінез-құлық нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін дамытуға және жастар арасында заңдылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
