«Баға жетпес құндылықтар болады»

Mon, 06/04/2026 - 17:30 — Ольга А

Бүгін біз Балалар кітабы апталығын нағыз мерекелік және танымдық деңгейде аштық. Біздің бастамамыз «Баға жетпес құндылықтар болады» ұранымен ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналды.
​Бұл жолғы алғашқы жиһанкездер Қостанай қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінің 3-сынып оқушылары болды. Балалар квест-ойын станциялары бойынша қызықты саяхатқа шығып, онда тек тапсырмалар ғана емес, сонымен қатар тапқырлыққа, туған мәдениетіміз бен әдебиетімізді білуге арналған нағыз сынақтардан өтті.
​«Кел, балалар, оқылық!» — деп кезінде Ы. Алтынсарин ұран тастаған болатын. Бүгін біз балаларымыздың жүрегінде сол білімге деген құштарлықтың әлі де сөнбегенін және алға басып келе жатқанын көрдік.

+ A -

Current Zoom: 120%

User login