Бүгін, 5 маусымда кітапханамыздың қабырғасында екі маңызды тақырыпты — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет пен қоршаған ортаға деген қамқорлықты біріктірген қызықты іс-шара өтті.
Білім мен эко-ептілік сайысында 7-сынып оқушылары бақ сынасты. Командаларға бөлінген балалар ойынға бел шеше кірісті. Мектеп оқушылары еліміздің мемлекеттік нышандарының мағынасы туралы сұрақтарға мүлтіксіз жауап берді. Сондай-ақ, командалар туған өлкенің табиғатын сақтау мен экологиясын қорғауға арналған логикалық ойындарға қатысты.
Балалар ерекше белсенділік, командалық рух және шынайы қызығушылық танытты. Әрбір қатысушы өз Отаныңды сүю — оның табиғатын аялау және тарихын құрметтеу екенін дәлелдеді!
