Фокусы – бұл тек қызықты уақыт өткізу ғана емес, сонымен қатар пайдалы және дамытушы сабақ. Бүгін бұған №4 мектептің «Фокус-Покус» атты қызықты бағдарламасына келген 1-4 сынып оқушылары көз жеткізді. Кез келген адам кейде өзін сиқыршы орнында елестеткісі келеді. Балалар фокусшы рөлінде болып көріп, сиқырдың шығу тарихы туралы қызықты деректер білді.
